Home » Ашық сабақтар » Мемлекеттік рәміздерді құрметтейік!

Мемлекеттік рәміздерді құрметтейік!

Мақсаты: Оқушылардың аса маңызды мемлекеттік белгілер – рәміздер жөніндегі білімдерін жан-жақты сарапқа салу, оларға мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін ұғындыру, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін ашып көрсету.

Көрнекілігі: ҚР-ның мемлекеттік рәміздері, Н.Ә.Назарбаевтың портреті, таңба-белгілер.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

Шаттық шеңбері:

Арайланып таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырады даламыз,

Қайырлы таң достарым!

Амандасып аламыз.

Тәрбиеші: Өте жақсы балалар! Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.

Қазақстан Республикасының рәміздерін білесіздер ме?

Тәрбиеші: Рәміздерім – елдігімнің белгісі,

Білу керек балаға дейін ең кіші.

Гимн, көгілдір Ту, Елтаңба,

Рәміздерді жатқа білсін әр кісі.
Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы – Гимн. Гимн – мемлекеттің салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді.Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.

Балнұр.

Әнұраным – жан ұраным,

Салар әнім, айтар сөзім.

Бақыт, бірлік – ел үміті,

Тоқтамайды бақыт әні.

Мәңгі-бақи шырқалады,

Республика Әнұраны.

Қазақ елінің Елтаңбасында шаңырақ, қос пырақ ат бар. Ат – адамның қанаты. Шаңырақ –үлкен, ортақ үй дегенді білдіреді, барлық еншілес халыққа ортақ бақыт тілейді.

Нұрайлым

Елтаңбасы елімнің,

Елдігімнің белгісі.

Мұнда да бар ерлігім,

Халқымыздың бірлігі.

Қазақ мемлекетінің Туы көк түсті. Тудағы дала бүркіті – еркіндіктің белгісі. Күн – байлық пен берекенің белгісі.

Орынбасар  Туымызға көгілдір,

Бір қарамай өтпейміз.

Сол көк тудың астында,

Көгереміз, көктейміз.

Қазақ елі қандай ел? (тәуелсіз, егемен ел)

Қазақстан Республикасының Елбасы?  (Н.Ә.Назарбаев)

 

Данияр Шыққан тарап ой-данадан,

Бұрылды бізге тарих беті.

Өзі қалап, сайлап алған,

Елімнің бар Президенті.

Қай күні,  қай жылы тәуелсіздік жарияланды? (16желтоқсан 1991 жыл)

Нұрбатыр  Жайдарлы жерім бар,

Өрісті елім бар.

Ерлікке баулитін,

Егемен елім бар.

Санжар Сәулесі күн , шатыры аспан,

Кең дала төсі толқыған егін.

Көлдері көкке күмістер шашқан,

Қазақстан – республикам менің.

Қазақстан Республикасының астанасын ата?

Ару    Ей Астана, жас қалам,

Болашаққа бас қадам.

Қайта туып жаңғырған,

Ей, бас қала – Астана.

Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы? (теңге)

Нұрай     Белгісі егемендік ұлттық теңге,

Нәр беріп тұр ол біздің туған жерге.

Құлдырамай теңгеміз көтерілсін,

Татитындай маңдайдан аққан терге.

Тәрбиеші: Біздің туған жеріміз? БҚО, Сырым ауданы,  Талдыбұлақ ауылы

Әділет   Туған жерім – оттай ыстық мекенім,

Ақ Жайығым – гүл жайнаған өз елім.

Туған жерде өскен қандай бақытты,

Туған жерде сүрем өмір шаттығын.

Ата Заңымыз қашан қабылданды? (30 тамыз )

Ерасыл    Болашаққа жол сілтейтін заңымыз,

Содан біз бағыт аламыз.

Сол заңмен өсіп, ер жетіп,

Мектепке дайын боламыз.

«Атамекен» әнін хормен орындайды.

Қорытынды:

Тәрбиеші: Балалар бүгінгі күндеріңіз ұнады ма? Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан да өз жерімізді, өз елімізді қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіспіз.

Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу – тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет-ғұрыпты,  салт-дәстүрді қастерлеу болып табылады.

Сау болыңыздар!

 

 

Ақмарал Аманжолқызы Аманжолова,
ЖББ Талдыбұлақ орта мектеп-балабақша кешенінің
мектепалды даярлық сыныбы тәрбиешісі,
Сырым ауданы, БҚО

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.