Home » Оқу-әдістемелік материалдар » МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДА БИЛИНГВАЛДЫҚ ТӘРБИЕСІ   

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДА БИЛИНГВАЛДЫҚ ТӘРБИЕСІ   

Абайдилдина Жанар Мнайдаровна
«Балауса» балабақшасының тәрбиешісі
Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы

 

     Мектеп жасына дейінгі кезеңде ойындардың бала өмірінде алар маңызы ерекше. Дидактикалық ойындар балалардың білімін кеңейту және бекіту мақсатындағы жоспарлы және мақсатты педагогикалық тәсіл.

Дидактикалық ойындарда баланың болашақ өміріне есік ашып, оның іздемпаздық, тапқырлық қабілетін ояту, осы тұрғыда баланың байқағыштық, зерттеп салыстыру, айғақты ойлауын, түйсіну қаблетін ұштап қана қоймай, сонымен қатар сөздік қорын молайтып, ана тілмен қатар екі тілде сөйлеуін қадағалау.

Екі-үш жастағы балалардың тілін дидактикалық ойын арқылы дамыту тақырыбында өткізілетін сабақта балалардың тілдерін дидактикалық ойындар арқылы дамыту, есте сақтау дағдыларын қалыптастыру, балалардың ой, зейін, қостілде сөйлеу дәрежесін дамыту, айтқан сөзді түсініп қабылдай білуге үйрету мақсаты көзделеді.

Ойын көп жоспарлы күрделі педагогикалық процесс болғандықтан мектепке дейінгі жастағы балаларды оқытудағы ойындық әдіс болып табылады. Баланың жан-жақты тәрбиелеу, оның дүниетанымын жетілдіру, сөздік қоры мен қостілде сөйлеуін, ой өрісін дамытып, еңбекке баулу балабақшадағы барлық топтарға бірдей ортақ басты міндеттер.

Ойында баланың дамуы ең алдымен оның мазмұнының әр түрлі бағыттылығына байланысты өтеді. Дене (қозғалыс), эстетикалық (ән-күй), ақыл-ой (дидактикалық, сюжеттік-рөлдік) тәрбиесіне тура бағытталған ойын түрлері бар. Ойын үстінде бала жеке тұлға ретінде дамиды.

Сіздерге ұсынып отырған «Кел, ойнайық, балақай» ойындар жинағына енген дамытушылық ойындар бес білім беру саласы бойынша топтастырылады. Ойындарды топтастыру барысында әр саланың мазмұны құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталғаны ескеріледі.

«Ойын ойнап, ән салмай өсер бала болар ма?» — демекші мен өз тәжірибемде ойындық сабақтардың көмегімен балаларға білім беріп қана қоймай, оларға қалай ойнауды да үйретемін. Мен бір мезетте оқытушы және ойынның мүшесі ретінде де балаларды ойнатуға талпындырамын, ал, балалар ойнай отырып үйренеді, сондай-ақ ойын өзіндік ойын әрекеті нәтижесінде де қалыптасады. Өзіндік ойын әрекеті балалардың ойынға деген қызығушылығы артқан кезде ғана іске асады. Балалар ойын ойнағанды ұнатады және өз ынталарымен беріліп ойнайды. Ойын – мектепке дейінгі балалар әрекетінің негізгі түрі, сондықтан ол бала өмірінде тәрбиенің шешуші шарты болып табылады. Бала өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы заттар мен құбылыстарды адамдар арасындағы қарым-қатынасты баланың білуі, сезінуі ойын негізінде жүзеге асады. Баланың таным түсінігі, іс-әрекеті ойыннан бастау алады да болашақ өмірінде жалғасын табады.

Дидактикалық ойындарды қолдану арқылы неғұрлым мықты білім мен біліктілікті арттыруға қол жеткізуге болады. Сондықтан біз өз жұмысымызда дидактикалық ойындарға басты мән береміз. Оқыту мен тәрбиелеуге бағытталған ойындардың барлығы бірдей дерлік бала санасын оятатын, қостілде бірге алып жүретін және оның танымдық қызметін жандандыратын  алуан түрлілігімен тартымды дидактикалық материалдардың болуымен ерекшеленеді.

«Баланың ойынға деген құмарлығы бар, сол құмарлықты қанағаттандыра білуіміз керек. Оның барлық өмірі – ойыннан тұрады» — деген екен педагог  А.С.Макаренко.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.