Home » Жаңалықтар » Мектептегі «Көшбасшылар кеңесін» ұлықтау

Мектептегі «Көшбасшылар кеңесін» ұлықтау

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі «Көшбасшылар кеңесі» қайтадан сайланып, оларды ұлықтау рәсімі өтті. Бұл мектеп тарихындағы 8-ші жаңа құрам. Мектеп акт залында оқу мен шығармашылықта алда жүретін озат оқушылардан құралған кеңес Президенті мен мүшелерін көпшілікке салтанатты түрде таныстырылды. Жиынға мектеп әкімшілігі, ұстаздар, оқушылар қатысты.

—  «Көшбасшылар кеңесі» — мектептегі ұстаздардың көмекшісі деп айтуға толық негіз бар. Өйткені, білім ошағында өтетін кез-келген іс-шара оларсыз өткен емес. Үнемі солар көмек қолын созушылардың алдыңғы қатарында тұрады. Жаңа құрамды жасақтамас бұрын кеңестің Президентін тағайындап алдық. Жалпы мектептік сайлауға оқушылардан бөлек ұстаздар, қызметкерлер де қатысып, өз үміткерлеріне дауыс берді. 1 орынға 13 үміткер тіркеліп, ақтық сында 3 адамның ғана кандидатурасы қалуының өзі сайлаудың тартысты өткенін көрсетеді. Енді осы сайланған Президент пен оның командасына жаңа міндеттер жүктеліп отыр. Өздеріне артылған сенімді абыроймен атқарады деп сенеміз,-дейді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Лариса Абылқасымова.

Шара барысында сайлау қорытындысы бойынша 299 дауыспен жеңіске жеткен 11 сынып оқушысы Темірлан Әмірғазин Президенттік лауазымның артып отырған жауапкершілігі зор екенін айта келіп, соған лайықты болуға әрі мектеп мүддесі үшін бар білімін сарп етуге ант берді. Сонымен қатар, түрлі салаға жауапты 13 министрлікті басқарушы шәкірттер де бірауыздан ант қабылдап, «Көшбасшылар кеңесі» жұмысының жандануына күш салатындықтарын тілге тиек етті. Бұл жолы «Алаш», «Тарбағатай», «Қарағайлы», «Шәкәрім», «Жидебай», «Ертіс», «Шыңғыстау», «Қалбатау» шаңырақтарының да көшбасшылары таныстырылды.

 

 

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.