Home » Қылқалам » Есімдіктер әлемі

Есімдіктер әлемі

Баяғы өткен заманда бір шал өмір сүріпті.Оның есімі «Есімдік» екен. Ол шалдың жеті ұлы болыпты. Ең тұңғышы Жіктеу, екінші ұлы Сілтеу, үшіншісі Сұрау, төртіншісі Өздік, бесінші ұлы Белгісіздік, алтыншы ұлы Болымсыздық, ең кенжесі Жалпылау екен. Олар бір-біріне бауырлар болыпты. Ең тұңғышы Жіктеу адал болғанымен әрбір адамды жіктеп, елемей жүреді екен. Ал сілтеу болса мейірімді, кейбір затты білмей, түсінбей қалса сол адамға түсіндіріп сілтеп, нұсқап жүреді екен. Сұрау болса барлық затты білгісі келіп, көрген-білгенін сұрай береді екен. Өздік тек қана өзін ойлайтын, өзімен-өзі жүретін адам. Бесінші ұлы Белгісіздік ешнәрсе білмей, жан-жағына аң-таң болып жүре береді. Ал Болымсыздық болса, әрбір адамды адастырып, алдап жүретін болады. Кенжесі Жалпылау бәріне қамқор, барша адамды ойлайтын, бәрімен дос, кеңпейіл болыпты. Бірде әкесі Есімдік көл жағасына барады. Бірақ онда қауіпті жануарлар өте көп еді. Кейін бір кішкентай кедей бала жүгіріп келіп Жіктеуге:

-Жіктеу, су жағасында әкеңе қауіп төніп тұр, — дейді.Жіктеу баланың түріне күдіктене қарап, оған сенбеді. Сілтеу де естіп, ол да мән бермейді. Ал Сұрау болса «бұл шын ба екен?» деп әдетінше сұрақ қоюмен жүреді. Өздік өз білгенімен, Белгісіздік баланың сөзін түсінбей, болымсыздық болса мүлдем мән бермейді. Ең кенжесі Жалпылау бәрінің әңгімесін естіп, жоқ бұлай жайбарақат отыруға болмайды, — деп бәрінің басын қосады.

-Бауырларым, әкемізге қауіп төнсе барып, көмектесейік,- дейді. Ағасы Жіктеуге:

-Бәрін мінеп жіктегенше, әкемнің өмірін ойламайсыз ба? Сілтеу ағам екеуіңіз жол бастап, Сілтеу аға сіз жол сілтеп бармайсыздар ма? Өздік ағасының өзін ғана ойлайтынын, Белгісіздік пен Болымсыздық ағаларының да дұрыс емес әрекеттерін айтып әкелеріне, көл жағасына аттанады. Барса анадайдай жерде әкесі ойға шомылып отыр екен. Балаларының келгенін көріп ұзақ қарайды. Жіктеу сол баяғы жеңіл оймен: — Айттым ғой сендерге, әкеме еш қауіп жоқ деп, ана сүйкімсіз баланы көрсем.деп ашуланады. Сонда әкесі күрсініп:

-Мен бүгін өз балаларымды тағы да толық таныдым.Ол баланы мен жіберген едім, оның түк кінәсі жоқ. Менің айтқан сынағым болатын. Кімнің адал, кімнің қамқор, кімнің батыл екенін Жалпылауымнан ғана көрдім. Сендер тек Жалпылауымның айтқаны бойынша келдіңдер, — дейді. Өмірде адамды жіктеп, бөліп-жаруға болмайды, О дүниеде барлық адам бірдей. Өз қамыңды ғана ойлап, өмірге бей-жай қараған адам жеңіске жетпейді балаларым. Бұл менің сендерге айтқан өсиетім болсын. Ал Жалпылауышым сенің кең жүрегіңе рахмет ұлым. Алты ағаңның іс-әрекеті көңілімді түсірсе де, сенің бір өзіңнің жасаған қамқорлығың жүрегімді жібітті. Алты ұлы бастары төмен қарап, қателерін түсінді.

Осылайша күндер зулап өте берді. Сол оқиға бәріне сабақ болып юолды. Есімдіктің жеті ұлы да жүректері мейірімге толы, ешкімнен көмегін аямайтын адал жандар болады.Ел арасында олар туралы тек жақсы әңгімелер айтылатын болды.

Өмірде қателіксіз болмайды, бәріміз пендеміз. Тек сол қатені уақытында түсінсек бәрі жақсы болып кетері анық. Сонымен қатар адамның адамдығы сырт келбетінде емес, ішкі жан сұлулығында!

 

 

Бекматова Жанар
Алматы қаласы, Әуезов ауданы
№42 ЖББМ
6 «А» сынып оқушысы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.