Home » Жаңалықтар » «Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ-ның 19 өтініші жауапсыз қалған

«Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ-ның 19 өтініші жауапсыз қалған

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасына ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Маңғыстау облысы бойынша басқармасынан «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің өтініштеріне Ақтау қаласы әкімдігімен тиісінше жауаптар берілмегені туралы іс-құжаттары келіп түскен.

Нақты айтқанда, «Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ-ның 19 өтініші тиісінше тіркелмей, жауаптары берілмегені анықталған.

Осы анықталған заң бұзушылықты жою мақсатында Басқарма тарапынан тиісті тапсырмалар беріліп, бүгінгі таңда аталған өтініштер Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің өтініштер есебіне тіркеліп, өтініш иесіне жауаптары кешіктіріліп жолданған.

Сонымен қатар, орын алған заң бұзушылық «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 50-бабы 1-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген, ­Қазақстан Республикасының заңнамасында жеке және заңды тұлғаларға ұсынылуы көзделген ақпаратты беруден негізсіз бас тартуы не оны кешіктіріп беруі, анық немесе толық емес ақпарат беруідеген талабының бұзылуына алып келген.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңына сәйкес, Маңғыстау облысының мемлекеттік сатып алу басқармасымен конкурс ұйымдастырылып, қорытындысы бойынша «Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ «Маңғыстау» корпоративтік қоры жеңімпаз болған.

Жұмыстарды іске асыру барысында «Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ мен Ақтау қаласы әкімдігі арасындағы хат алмасулар кезінде, яғни қоғамдық бірлестік тарапынан берілген өтініштерге мерзімінде жауап берілмей жоғарыда анықталған заң бұзушылықтарға жол берілген.

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңында жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiмен жұмысты ұйымдастырудың, қабылдаудың, тiркеудiң және есепке алудың жай-күйi үшiн субъектiлердiң басшылары мен лауазымды тұлғалар дербес жауаптылықта болады деп, сонымен бірге, ҚР «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңында азаматтардың өтiнiштерiмен жұмысты ұйымдастыруға, iс қағаздарын жүргiзудiң жай-күйiне органдардың басшылары жеке жауапты болады деп көрсетілген.

Бұл ретте, Ақтау қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Қ.Ақыбаевқа 04.07.2018 жылы Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін уақытша қосып атқару жүктелген.

Осы кезеңде Бөлімнің 7 бірдей қызметкері өз еріктерімен қызметтерінен босатылған.

Бөлімнің штаттық кестесіне сәйкес, 11 мемлекеттік қызметші,  9 техникалық персонал қарастырылған. Бүгінгі таңда нақты 8 мемлекеттік,  9 техникалық қызметкер қызмет атқаруда.

Яғни, Бөлімдегі маман жетіспеушілігінің жоғарыдағы орын алған заң бұзушылықтарға тікелей әсер еткендігі байқалады. Қызметтік тергеп-тексеру барысында берген түсініктемесінде Бөлім басшысы Қ.Ақыбаев бұл жағдайларды растады.

Алайда, Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері тәртіптік іс құжаттарын зерделей келе, заңбұзушылықтар орын алған кезде Қ.Ақыбаевтың екі бірдей мекеме басшысының міндетін атқарғанын, өтініштер келіп түскен мекемеде басшы мен жауапты мамандардың бір мезгілде жұмыстан шығып кеткендігін назарға алды.

Дегенмен де, өтініштерді белгіленген мерзімде қарау мүмкін болмағанның өзінде, оның мерзімін созуға болатындығын ескермей, Әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін Қ. Ақыбаевқа «сөгіс» түрінде тәртіптік жаза қолдануды ұсынды.

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.