Home » Жаңалықтар » Махаббат пен шығармашылық педагогикасы

Махаббат пен шығармашылық педагогикасы

 Сайрам ауданы Қарамұрт ауылындағы №6С.Киров атындағы жалпы орта мектепте 1-12 ақпан арасында «Өзін-өзі тану: «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы » атты онкүндік өткізілді. Онкүндікті «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасының авторы Сара Назарбаеваның туған күніне арнап өткізу дәстүрге айналды. Ақпанның бірінші күні бірінші және екінші ауысымда «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік декадасы мектептің спорт залында салтанатты ашылуы рәсімі турде ашылып «Өзін-өзі тану пәні – баланың рухани әлемін байыту көзі» баяндамані өзін-өзі тану мұғалімі М.Уринбаев оқыды. Ақпанның екінші күні мектеп кітапханасында 5-11 сыныптар үшін «Өзін-өзі тану » рухани-адамгершілік бағдарламасының авторы С.А. Назарбаева жайлы «Мейірім төгетін ана» тақырыбында кітап көрме ұйымдастырылды. Мектеп мұғалімдері, мектеп оқушылары қызықты деректер алып, өз білімдерін жетілдірді. Ақпанның бесінші күні мектепте «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық акциясы өткізілді. Ақпанның алтыншы күні «Алтын жүрек анамыз» тақырыбында мектеп кітапханасында оқырмандар байқауы өткізілді.Оқушылыр Сара Назарбаеваның өмірбаяны мен ,ана туралы кітаптар мен танысты, өлеңдер оқыды. Ақпанның жетінші күні акт залында «Алтын жүрек анамыз» мектеп психологі У.Абдушбаев және С.Джамалов оқушыларға адам бойында қалыптасқан, халықымыздың асыл, абыройлы қасиеттерін көрсететін патриоттық, адамгершілік, қайырымдылық іспеттес құндылықтарды меңгерту мақсатында 11 сынып оқушыларымен «Мейірімділікке ашық жүрек» тақырыбында дебат ұйымдастырылды.
Ақпанның жетінші күні 8-11 сынып оқушылары мектеп залында оқушыларны шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін,қызығушылығын арттыру,жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін дамыту, адамгершілік тәрбиесін бойына сіңіру мақсатында ана, жақсылық, бейбітшілік, достық тақырыбында өздерінің колөнер бұйымдарымен шығармашылық жұмыстарының көрмесін өткізді.
Ақпанның сегізінші күні мектеп акт залында жас ұрпақтарды шығармашылыққа баулып, оқушылардың бойындағы өнері мен талабын арттыра түсу, оқушыларымызға өнер мәдениетін ұғындыру, алға қойған мақсатқа жету жолдарын үйрету білу және өнерлерін шыңдау, ән өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Ән көнілдің ажары» тақырыбында ән байқауы өткізілді. Ақпанның тоғызыншы күні барлық сыныптарда төмендегі тақырыптарда ашық сабақтар өткізілді: «Мейірімділік-асыл қасиет», «Өнеге-отбасынан», «Кәусар бұлақ тұнығынан», «Қызығы толы бұл әлем», «Ата-анаң алтын қанатың», «Әдептен озбайық», «Еңбектің наны тәтті», «Жағымды қарым қатынас» т.б. Ақпанның он екінші күні декаданың салтанатты жабылу кеші өткізілді.

М.Уринбаев,
№6С.Киров ЖОМ КММ-нің өзін-өзі тану пәні мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.