Home » Балабақша » МАЙҚАЙЫҢ КЕНТІНДЕ “НҰРБӨБЕК” БАЛАБАҚШАСЫ АШЫЛДЫ

МАЙҚАЙЫҢ КЕНТІНДЕ “НҰРБӨБЕК” БАЛАБАҚШАСЫ АШЫЛДЫ

 Ақпан айының екінші аптасы жағымды жаңалықтан басталды. Баянауыл ауданы Майқайың кентінде 110-орындық “НҰРБӨБЕК” дейтін жаңа балабақша ашылып, тұсаукесерін Павлодар облысы әкімінің орынбасары Бауыржан Қасенов жасады. Су жаңа білім мекемесінің құрылысын сәтімен аяқтап, көпшілікке қуаныш сыйлаған бас мердігер “Б-АДК” ЖШС болды.

Мектепке дейінгі білім беру мекемесінің топтық ойын және жатын бөлмелері буфет бөлмесі барлық қажетті жиһаздармен жабдықталған. Сондай-ақ, балалар жиһазы, ойын зоналары, техникалық оқыту құралдары және спорттық құрал-жабдықтармен (интербелсенді тақта, компьютерлер, караоке қосылған музыкалық орталық, теледидар) қамтылған.
Аталмыш балабақша қалашықтағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балдырғандарды қабылдап қана қоймай, 51 адамды жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.

 

Айгүл МОЛДАШ,
«Білім айнасы»,
Павлодар

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.