Home » Мақалалар » Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауына қолдау

Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауына қолдау

Сонау шығыс пен батысты жалғастырып жатқан Ұлы Жібек бойында орналасқан Ұлы даланың қожайындары біздің ата-бабаларымыздың ішінен небір әлем мойындаған ғұламалар, көреген көсемдер, ділмар шешендер, жаны жайсаң даналар мен хандар ғұмыр кешкен. Солардың арасынан өз заманынан асып туған дипломат саясаткер Абылайдан асқан хан, бүткіл дүниеге қазақ баласын танытқан Елбасымыз Н.Әбішұлындай жан болмаған десем қателеспейтін шығармын. Соның бір көрінісі жер бетіндегі мұқым жандарға қабағымен қар жауып, қыр көрсетіп отырған алып үш империяның бірі АҚШ-ның төрінде БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде төрағалық етіп, тыныштықтың реңін қашырып жүрген қыңыр мемлекеттерді достыққа, татулыққа шақырған қазақ тілінде өрілген баяндамасы, біз секілді жалынды жастарға үлгі өнеге болмақ.
Міне осы кемеңгер елбасымыз өзінің жыл сайынғы дәстүрлі әрбір жолдауында жастар мәселесіне тоқталмай кеткен емес. Ежелгі бабамыз сақ данышпаны Анарысқа көрші елдің патшасы, өзінен кейінгі мұрагерінің тақ тағдырын болжап беруін сұранғанда, бабамыз Анарыс «Егер де әрбір әке өзінің ұлына не қалдырып бара жатқанын білетін болса, мен сенің бірінші ұрпағынның емес, жетінші ұрпағыңның тағдырын болжап беремін» деген екен. Сондықтан біз креативті жастар, тәңірге тәубе деп, басымызға қонған бақтың, ошағымызда бейбіт лаулаған оттың қадірін білейік. Себебі қазір осы залда отырған аталарымыз, әкелеріміз, ағаларымыз бізге шекарасы шегеленген жерді, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған жайма шуақ елді сыйлап отыр. Меніңше, бұл асыл азаматтар мойындарына арқалаған аманаттарын үзбей орындап келеді. Ал ары қарай осы жаңа мүмкіндіктерді болашаққа бағдар етіп жалғастыру, жандандыру, гүлдендіру яғни, алты алаш елін дамыған 30 елдің қатарына қосу, «Қазақстан -2050» стартегиясын дамыту, өз ұлымыз бен ұлтымызды мәңгі рухани кемелдендіру, цифрлық сананы қалыптастыру, 100 нақты қадамды нықтау, он саулыққа негізделген табысты индустрияландырылған ақылды жаңа жасыл технологияларды меңгеру, ресурстық әлеуетті көтеріп, адами капиталды жаңғырту, тиімді жемқорлықсыз мемлекет құрып, ақылды жас ұлт үшін «ақылды смарт сити қалалар» тұрғызу секілді 10 міндеттерді орындау- ол біздің кезек күттірмейтін борышымыз, аманатымыз. Олай болса сөзімді шыңдай түсу үшін, қазір ғана қолыма қалам алдыртып, жыр туғызған өлең шумағыммен жалғасам;
Дүйім жұртқа қазақ атын танытты,
Қорғап қолда Елбасыдай алыпты.
Туымыздың мәртебесін самғатқан,
Ақылымен ынтымақты дарытты.
30 елді артқа тастап мәрелерді үзейік!
Төртеуіміз түгелденіп бір кемеде жүзейік!
Нар тәуекел жұдырықтай жұмылайық жақсы іске!
Бес саусақты біріктіріп инемізді ілейік!

Амангелдиев Жандос Амангелдіұлы,
№2 Ш.Уалиханов атындағы ЖОМ тарих және дінтану пәні мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.