Home » Балабақша » Күз ханзадасы мен ханшайымы

Күз ханзадасы мен ханшайымы

(байқау)

Жүргізуші:
Қайырлы кеш достар! Күз патшайымы сіздерді соңғы сиқырлы сәтін, күзгі гүлдердің  керемет жұпарын, жиналған жемістердің айқын да сиқырлы сұлулығын, қуанышты көңіл күй сыйлау үшін шақырды.

Біздерде ойын-сауық басталады
Тамаша би билейді, ән салады.
Қошеметтеп, қол соғып отыралық,
Ұмытарсыз күні бойғы шаршағанды, — дей келе, құрметті көрермендер бүгінгі дәстүрлі Күз мерекесіне қош келдіңіздер!

Жүргізуші:

Күз келіп хан мен ханшайым,

Өткізді күзгі бал айын.

Ханшайым тапқыр қыз болады,

Ағызар сөйлеп сөз майын.

Ал, ханымыз ақылды,

Барша жұртты шақырды.

Би де билеп, ән айтып,

Қуаныштан шалқыды.

Біздің бұл байқауға жиналып отырған мақсатымыз – бүгінгі «Күзгі бал» сайысының
«Күз ханзадасы мен ханшайымын» іріктеп шығару.
Жүргізуші:

Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз,

Әр үйде шығатұғын жаңа таңбыз.

Жан сұлуы мен тән сұлуы тепе-тең ғып,

Еріксіз өзімізге қаратармыз, — дей отырып, ортаға қатысушы жұптарымызды шақырамыз.

Жүргізуші: Қарсы алыңыздар! Бүгінгі сайысымыздың ханзадалары мен ханшайымдарын
1 — жұп:   Ульянов Артем мен Сұлтан Айя
2 — жұп: Елеу Арсен мен ТұрарАфина
3 — жұп: Батырхан Әмірхан мен Жанболат Асылы
4 — жұп: Нұрхат Нұрдаулет пен Алғазы Айару
5 — жұп: Марленұлы Арман мен Белоусова Анастасия

Жүргізуші:

Шалқып,тасып әніміз,

Жадырасын жанымыз.

Бүгінгі күз кешінде,

Би билейік бәріміз,-дей отырып, жұптарымызды күзгі вальске шақырамыз.
Жүргізуші: Байқауымыздың үміткерлеріне ақ жол тілеп, қошемет көрсетейік, құрметті көпшілік.
Баяғы өткен заманда,

Дін мұсылман аманда.

Әділдік іздеп екі адам,

Биге барып бас қосқан.

Ал, бүгінгі заманда,

ЖЮРИ деген ат шыққан.

Қазақша аударған соң,

Әділ қазы деп шыққан, — дей, сайысымызға әділ бағасын беріп, төрелік жасайтын әділқазы алқасымен таныстырайық.
Жүргізуші: Ендеше бүгінгі кешіміздің бағдарламасымен таныс болыңыздар.
Бағдарламамыз 4 кезеңнен тұрады.
1 — кезең: «Кел, танысайық!» (жұптар өздерін таныстырады)
2 — кезең: Өнерлі бала – елдің көркі» (әр түрлі жанрда өнер көрсетеді)
3 — кезең: Үй тапсырмасы (табиғи материалдан бейне жасау)

4 — кезең: «Сұлулық сыры» (қолдан тігілген жарасымды киім үлгілерін көпшілікке ұсынады

Жүргізуші:
Құрметті көпшілік көрерменім,
Жақсылыққа әрдайым артқан сенім.
Ақжол тілеп үкілі үміттерге,
Таныстыру шартына кезек бердім.
Жүргізуші:
Ендеше бірінші кезеңіміз «Кел танысайық», жұптарымыз өздерін таныстырады.
Жүргізуші: Әділ қазылар алқасы әр сайыс сайын ұпай сандарыңызды көрсетіп отырсаңыздар.
Жүргізуші: Олай болса, «Кел, танысайық» бөлімі бойынша ұпай сандарыңыз…
1 — жұп:   Ульянов Артем мен Сұлтан Айя
2 — жұп: Елеу Арсен мен ТұрарАфина
3 — жұп: Батырхан Әмірхан мен Жанболат Асылы
4 — жұп: Нұрхат Нұрдаулет пен Алғазы Айару
5 — жұп: Марленұлы Арман мен Белоусова Анастасия

Жүргізуші:

Жеміс мол теретін,

Күз дос екен бізбенен.

Бәрін тауып беретін,

Жомар екен күз деген.

 Жүргізуші: Жұптарымыздың осы кезең бойынша бағасы.

Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
Бүгінгі сайыста бәйге алуға,
Сайыскерлер аянбай жан салыпты, — деп, «Өнерлі бала – елдің көркі» сайысына кезек береміз. Бұл кезеңде жұптар әр түрлі жанрда өнер көрсетеді, ендеше көп созбай жұптарымызға кезек берейік.
Жүргізуші: Ой шіркін, біздің жігіттеріміз бен қыздарымыз өнерлі екен, өнерлеріңіз өрге жүзсін достарым!
Жүргізуші: Ал, ендеше қазылар алқасының ұпай санын көрсек.
1 — жұп:   Ульянов Артем мен Сұлтан Айя
2 — жұп: Елеу Арсен мен ТұрарАфина
3 — жұп: Батырхан Әмірхан мен Жанболат Асылы
4 — жұп: Нұрхат Нұрдаулет пен Алғазы Айару
5 — жұп: Марленұлы Арман мен Белоусова Анастасия

Жүргізуші: Жігіттер мен аруларымыздың өнерлеріне көп рахмет айта отырып, келесі кезеңімізге өтейік.

Жүргізуші:

Шеберлі өнер тамған қолынан,

Жаңылмаған ата-баба жолынан.

Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін,

Біз айтайық төрелігін соңынан, — дей отырып, үшінші кезең «Үй тапсырмасы»табиғи материалдардан дайындаған жұмысын таныстыру.

Жүргізуші: Бүгін мейрам, бүгін той,

Қуаныш күн, біліп қой.

Күзгі бақта сыңғырлап,

Алақанды ұрып қой.

Ортаға «Ақ орда» тобының орындауында Ән: «Қошақаным»

Жүргізуші:
Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сай келіп, дайын тұрған,
Қыздарымызбен, ұлдарымызға қызығып қарасатын.
Сіздерге жаңаша сән үлгісін ұсынамыз!
«Сұлулық сыры» кезеңі бойынша, сән үлгісін тамашалаңыздар. Бірінші жұпты қошеметпен ортаға шақырайық!
Жүргізуші: Біздің достарымыз өздерінің сан қырлы өнерлері бар екенін әр сайыс сайын дәлелдеуде. Міне «Сұлулық сыры» кезеңі бойынша да өздерінің тіккен ерекше сәнді киімдерін көрсетіп жатыр, оның өзі біз үшін мақтаныш емес пе?!
Жүргізуші: Жарайсыңдар достар! Ендеше осы кезең бойынша қазылар алқасы не дейді екен, ұпай сандарыңызды берсеңіздер!
Жүргізуші: Ал, ендеше қазылар алқасының ұпай санын көрсек
1 — жұп:   Ульянов Артем мен Сұлтан Айя
2 — жұп: Елеу Арсен мен ТұрарАфина
3 — жұп: Батырхан Әмірхан мен Жанболат Асылы
4 — жұп: Нұрхат Нұрдаулет пен Алғазы Айару
5 — жұп: Марленұлы Арман мен Белоусова Анастасия

Жүргізуші: Ән: «Күз жомарт» «Ақ толқын» тобының балалары
Жүргізуші: Сыпайы да мейірбан, ақ маңдай ашық жүзді, айдай сұлу жылы жүздерінен күннің нұры төгілген нағыз ханшайымға лайықты ақылды да парасатты қыздарымызды анықтайтын кезге келіп жеттік.
Жүргізуші: Сонымен қымбатты көрермендер, жан дүниесі, рухани әлемі таза, адам баласының ең тамаша қасиеттерінің барлығын бойына сіңірген арыстандай айбатты, жолбарыстай жүректі ер мінезді нағыз ханзадаға лайықты жігіттерімізді анықтайтын  кез келіп жетті.
Жүргізуші:
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір күрес, жеткізе ме мұратың.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бар жеңіс, болсаң егер ұғатын.
Жүргізуші: Келешекте әрі талай сайыстар бар,
Өнерлерің шыңдалсын қалыспаңдар.
Өнерлілер көбейсін күннен-күнге,

Өмір күрес әлі талай жарыстырар, — дей отырып, «Күз ханзадасы мен ханшайымы» байқауының нағыз ханзадасы мен ханшасын жариялау үшін ортаға әділ қазылар алқасын шақырамыз.

Марапаттау
Жүргізуші: Қымбатты көрермендер! Жеңімпаздарымызға биік шыңдарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін дей отырып, кешімізді осымен аяқтаймыз!
Жүргізуші: Жеңісті күндерде кездескенше достар!

Шамбилова Асель Тлекқабылқызы,
№46 «Ақжайық» бөбекжайының тәрбиешісі,
БҚО, Орал қаласы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.