Home » Балабақша » Табиғат –біздің досымыз

Табиғат –біздің досымыз

Шукиргалиева Орынгуль Қадырәліқызы,
№46 «Ақжайық» бөбекжайының тәрбиешісі,
Орал қаласы, БҚО

 

 

 

Білім беру саласы: Әлеумет

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру

Мақсаты:Балаларды табиғат,тіршілік, қоршаған орта арасында байланыс жайлы түсініктерін қалыптастыру, балаларға өлі және тірі табиғат жөнінде мағұлмат беру, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға, қадірлей білу және қамқорлық жасай білуге үйрету. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Қажетті құрал-жабдықтар:Саяхат, әңгіме, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап

Билингвальды компонент: күз-осень, жаңбыр-дождь, жапырақтар-листья, құстар-птицы.

Тәрбиешінің іс-әрекеті: Сәлеметсіңдер ме балалар!Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын, ендеше бір-бірімізге деген жылы лебіздерімізді білдіріп таңғы шаттық шеңберін жасайық.

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды бакшамыз,

Қайырлы таң достарым!

Қайырлы таң бақшамыз.

Балалардың іс-әрекеті

Сәлеметсіз бе, Біз де қуаныштымыз.

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды бакшамыз,

Қайырлы таң достарым!

Қайырлы таң бақшамыз.

Тәрбиешінің іс-әрекеті:

Жыл мезгілін, ерекшеліктерін сұрау.

Балалар, сендер отырмас бұрын мен сендерге жұмбақ жасырамын, мұқият тыңдаңдар.

Бір жерінде ыстық,

Бір жерінде суық.

Бір жерінде күн,

Бір жерінде түн.

Керемет алып неткен,

Иә, дұрыс айтасыңдар, міне мынау жер шары, пішіні қандай?

Балалар, бір қазір сіздермен «Жер шары» ойынын ойнаймыз.

Ойын шарты бойынша мен қолдағы допты бір балаға лақтырып, «жер шары» деп айтамын. Қағып алған бала жер шарында кімдер, нелер, мекендейтінін шапшаң айтып, допты кері лақтырады.Мысалы, тәрбиеші: «Жер шары» десе бала «адам»деп жылдам жауап беруі тиіс.Жарайсыңдар балалар. Адам, құстар, жануарлар, жәндіктер, аңдар, ағаштар, гүлдер, таулар.Бұның барлығын бір сөзбен не деп айтамыз?

Дұрыс айтасыңдар, біз бүгін осы табиғат ұғымымен тереңірек танысамыз.

Ғажайып сәт: Экраннан хатты оқу

Табиғат аясындағы ақ қайың ағашынан келіп тұр екен.

                      Хат

Сәлеметсіз бе, құрметті балалар!Мен ақ қайыңмын.Мен сендерге жазда жандарыңда болатын едім.Қазіргі кезде менің халім  нашарлап бара жатыр, маған адамдар көңіл бөліп қарамайды.Мен сендерден сұрайтыным, маған көмек беріңдерші.Сәлеммен ақ қайың.

Балалар сендер, мейірімді де ақылды,сүйкімді балаларсыңдар, ақ қайыңға көмектесеміз бе?

Ендеше табиғат аясына саяхатқа шығып, ақ қайыңға көмектесейік.

Табиғат аясында жүргенде ережелерді айтып жүру.Табиғат ананы ластамай, тазалықты сақтай білуіміз керек.

Тағы қандай ережелерді білесіңдер?

Тыныштық сәті: табиғат құбылыстарының дыбысын тыңдау.

Тәрбиеші: Балалар не естідіңдер.?

Ненің дыбысы деп ойлайсыңдар?

Баланың іс-әрекеті: Желдің үрлегенін, жаңбырдың жауғанын, құстардың, жан-жануарлардың дыбысын естідік.

Тәрбиешінің іс-әрекеті: Осы құбылыстардың барлығы табиғат құбылыстарына жатады.

Табиғат-бізді қоршаған орта, туған елім,ауа,күн мен жер және су, орман мен жануарлар.

Табиғат екіге бөлінеді.Ол тірі табиғат және өлі табиғат.

Тірі табиғат:Ағаш, гүл, ормандар, аңдар, құстар.Олар дем алады, өседі, көбейеді.

Өлі табиғат:су,тау,тас,құм ауа.Олар көбеймейді, өспейді, денелерінде жан жоқ.

Бірақ осы тірі табиғат пен өлі табиғат бір-бірімен тығыз байланысты екен. Оны біз саяхат барысында бақылап көреміз. Жерде аңдардың іздері жатады.

Балалар бұл осы тірі табиғаттың бірі – аңдардың іздері.Қараңдаршы, табиғат аясында неше түрлі аңдар жүреді екен. Интерактивтік тақтадан жердегі аңдардың ізінің қай аңдікі екені түсіндіріп көрсету.

-Балалар, қараңдаршы экранда сылдырап ағып жатқан не екен?

Судың пайдасы бар ма?

Су өлі табиғатқа жатады, ал біз адамдар суды ішеміз, бізге пайдасы өте көп екен. Демек өлі табиғат пен тірі табиғат бір-бірімен тығыз байланысты екен.

Балалар біраз жол жүруіміз керек.Мен сендерге тағы бір жұмбақ жасырамын тыңдаңдар.

Жұмбақ

Бар ма, жоқ па, оны білмейсің,

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің?Ол не? (Ауа)

-Ауа не үшін керек?

-Дем алу үшін.

-Ауаның түсі қандай?

-Ауаның түсі жоқ,көрінбейді.

-Қолмен ұстауға болама?

-Жоқ ұстай алмаймыз.

Табиғат аясында ағаштар, әсем гүлдер ауадағы шаңды жұтып, бізге таза ауа жіберіп отырады екен. Демек өсімдіктерге қамқор болуымыз керек

-Балалар айналаға қараңдаршы, біз ауаны көреміз бе?

-Жоқ.

1-тәжірибе:Әр баланың қолына айна беріледі.Балалар үрлеп, ауаның бар екеніне көз жеткізеді.

2-тәжірибе:Балалар енді мұрнымызды, қолымыз бен аузымызды ашпай көрейік.

Көрдіңдер ме, балалар, ауасыз тыныс алу мүмкін емес екен.Ендеше балалар осы табиғат аясында бойымызды сергітіп, бір тынығып алайық.

Сергіту сәті:

Қане, қанат жазайық,

Қарлығашқа ұқсайық.

Ұшып-ұшып алайық,

Орнымызға қонайық.

Білімді бала болайық.

Осы сәтте ақ қайыңды бір бала көріп қалады.

-Апай, әне бізге хат жіберген ақ қайың мұнда тұр.

Саламатсыз ба ақ қайын!

Біз сіздің жіберген хатыңызды алып, сізге көмек берейін деп келдік.

Ақ қайың:Амансыңдар ма бүлдіршіндерім. Менің бұтақтарымды қатты жел соғып сындырып, тамырымды кептіріп кетті. Маған су құйып, бұтақтарыма көмектесіп жіберсеңіздер, жақсы болар еді.

Балалардың іс-әрекеті: ақ қайыңға су құйып, түбін қопсытып көмектеседі.

Ақ қайың рахмет айтады.

Ақ қайың, біздің балаларымыз табиғатты құрметтейді.Олар табиғат жайлы тақпақтар да біледі.

Тақпақтар:

Малика

Бұтақтарды сындырмай,

Тазалықты сақтаймыз.

Гүл өсіріп су құйып,

Табиғатты қорғаймыз.

Жандос

Бақта гүлдер тереміз,

Бірге ойнаймыз күлеміз.

Міне біздер, қандаймыз,

Табиғатты қорғаймыз.

Міне, балалар, біз табиғат аясындағы ақ қайыңға көмектестік.Ендеше саяхатымызды аяқтап балабақшаға оралайық.

Балабақшаға оралу.

-Балалар, сендерге саяхат ұнады ма?

-Иә

-Балалар бізге хат жолдаған не еді?

-Ақ қайың

-Табиғат нешеге бөлінеді?

-Екіге бөлінеді

Ендеше бүгінгі саяхаттан алған білімдеріңізді байқау үшін қазір «Таңдап ал да атын ата» ойынын ойнауға шақырамын.

Ол үшін ғажайып дорбаның ішінен өлі және тірі табиғат бейнелерін таңдап алып, алған заттарының атын атап,оларды тиісті фланеграфқа апарып орналастырасыздар.

Балалар, біз табиғат туралы айттық. Сендер барлығың да бүгінгі оқу іс-әрекетіне жақсы қатыстыңдар. Марапаттау

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Өлі және тірі табиғатты ажыратады

Игереді: Табиғатты аялауға, қамқорлықпен қарауға

Меңгереді: тақырып бойынша сұрақтарға жауап бере алу дағдыларын меңгереді.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.