Home » Сценарийлер » Күз кереметі

Күз кереметі

Мақсаты: Балаларға қоршаған орта, табиғат, көкөніс және жеміс – жидектер түрлерімен таныстыру. Күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру.

Көрнекіліктер: Жапырақтар, гүлдер, бұлттар, жаңбыр тамшылары, саңырауқұлақтар.

Кейіпкерлер: Күз ханшайымы, Саңырауқұлақ.

Барысы:

1 жүргізуші: Қайырлы күн! Армысыздар құрметті тәрбиешілер мен балақайлар! «Көбелектер» І кіші тобының «Арайлы алтын күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

2 жүргізуші: Міне, күзде келді, күн суытып, жаңбыр жауып, жапырақтар сарғайып жерге түсе бастады. Ендеше ортамызға күз ханшайымын шақырайық.

/күз ханшайымы келеді/

Күз ханшайымы: Сәлеметсіздерме ,балақайлар!

Ырысқа толы қоймалар,

Берекелі күз болам,

Байлыққа мұртын майланар.

  • Сендер мені шақырдыңдар ма?

1 жүргізуші: Сәлеметсіз бе, күз ханшайымы, қош келдіңіз! Иә, күз ханшайымы, біздің кішкентай бүлдіршіндеріміздің өнерін тамашалауға шақырдық.

2 жүргізуші: Балалар, айналамызға қарайықшы, қандай әдемі жапырақтар, сары түске боялған. Айналамыз әдемі, күн де тамаша, жақсы көңіл-күй мен қонағымызға ән салып берейік.

Ән: «Күз»

Күз ханшайымы: Рахмет, балалар! Сендер қандай әдемі болып кеткенсіңдер. Сендер қандай мерекені тойлап жатырсыңдар?

Балалар: Алтын күз мерекесі.

Күз ханшайымы: Дұрыс айтасыңдар. Айнала сап – сары жапыраққа толы екен. Балалар, сендер күз туралы, көкөніс, жеміс – жидек туралы тақпақ білесіңдер ме? Мен сендердің өнерлеріңді тамашалағым келіп тұр.

1 жүргізуші:Күз ханшайымы біздің балалардың өнері көп ән айтуды, би билеуді, тақпақта айта алады.

Қәне, балалар күз ханшайымына өз өнерімізді көрсетейік.

Жемістер:

Алма.

Мен алмамын, алмамын,

Таңдай жұлар бар дәмім

Алмұрт

Мен алмұртпын, алмұртпын,

Аузындамын бар жұрттын

Жүзім

Мен жүзіммін, жүзіммін,

Моншақ болып тізілдім

Күннің көзін сүйемін.

2 жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар. Сендер көптеген тақпақ біледі екенсіңдер. Қараңдаршы, балалар, мына жерде көптеген көкөністер мен жемістер бар: мынау картоп, бұл пияз, міне қияр, қараңдар, қарбыз, сәбіздер де бар екен. Біздің бөбекжайымыздың бақшасында сәбіздер көп екен.

Ендеше, «Сәбіз жинау» ойынын ойнайық. Сәбіз — ұзын, түсі сарғылт болады.

Ойын шарты: Екі топқа бөлініп сәбіздерді себетке жинауымыз керек. Қай топ көп жинаса сол топ жеңімпаз атанады.

1 жүргізуші: Айдана апай мен қыздардың биіне кезек берейік.

Би: «Жапырақтар»

Күзханшайымы: Жарайсыңдар, балалар. Сендер сәбіз жинау ойының жақсы ойнадыңдар. Мені мен «Күн мен түн» ойының  ойнауға дайынсыңдарма?

Балалар: Ия, дайынбыз.

Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар! Сендер ақылды, өнерлі, жан – жақты бүлдіршіндер екенсіңдер. Мен сендердің өнерлеріңе риза болдым. Ал, балалар, мен кетейін. Сау болыңдар!

Балалар: Сау болыңыз, күз ханшайымы!

2 жүргізуші: Балалар, күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?

Балалар: Жаңбыр жауады, күн салқын болады, жапырақтар сары болады.

1 жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, жапырақ сары түске боялып жерге түседі, адамдар қалың киініп жылы жүреді. Балалар қараңдаршы орманда саңырауқұлақтар көп екен. Олар үлкен боп өсіп келеді. Алыстан бізге саңырауқұлақ билеп келе жатыр.

Саңырауқұлақ: Сәлеметсіздер ме, балалар, мен саңырауқұлақпын. Сендер менің кішкентай саңырауқұлақтарымды көрген жоқсыңдар ма? ( айналаны қарап жүреді)

2 жүргізуші: Сәлеметсіз бе, саңырауқұлақ мырза. Әрине көрдік, олар осында, бізбен бірге алтын күз мерекесін тойлап жатыр.

Саңырауқұлақ: Балалар, сендерге көп рахмет. Менің кішкентай саңырауқұлақтарымды тауып бердіңдер. Мен өз ризашылығымды білдіріп сыйлығымды ала келдім, апайларыңа берейін. Қәнекей, мен сендерге кішкентай саңырауқұлақтарыммен би билеп берейін.

Би: «Саңырауқұлақтар»

2 жүргізуші: Саңырауқұлақтар, сендер әдемі билеп бердіңдер. Сендерге арнап біздің балалар ән салады.

Саңырауқұлақ: Балалар, менің көңілімді көтеріп ән айтып, би билеп, менің кішкентай саңырауқұлақтарымды тауып бердіңдер, сендерге көп – көп рахмет! Келесі кездескенше, сау болыңдар!

Ән: «Күз келіпті»

1 жүргізуші: Біздің балалар әрқашан көмектесуге дайын тұрады. Алтын күз мерекесін бізбен бірге тойлағандарыңызға рахмет. Сау болыңыз!

2 жүргізуші: Күз кереметі атты ертеңгілігімізге қатысқандарыңызға көп рахмет. Сау болыңыздар!

                                                                                                                                                         Шынар Жұмабекқызы,

                                                                                                       №45 «Алтын бала» бөбекжайының тәрбиешісі,

                                                                                                                                                                            Ақтөбе қаласы

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.