Home » Сценарийлер » «Түн — Ханшайымы» — Жаңа жыл ертеңгілігінің сценарийі

«Түн — Ханшайымы» — Жаңа жыл ертеңгілігінің сценарийі

Ересектер: Жүргізуші, Түн-ханшайымы, Аяз-ата, Жел

Балалар: Ақшақар – Алина, Гномы – Ерасыл, Аманали, Алтынай, Еңлік, Ай-Азамат, Жұлдыз-Айша, Жанель, Елдана.

Балалар залға кіреді, өз орындарына тұра қалады.

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, қонақтар, кішкентай бүлдіршіндеріміз, сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүрегімізден құттықтаймыз! Жаңа жыл әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін дейміз.

Айтуар:

Армысыңдар, халайық!
Бармысыңдар, халайық!
Жаңа жылды жұп жазбай,
Бірге қарсы алайық!

Аманали:

Келді тағы жаңа жыл
Қуантумен біздерді
Құтты болсын жаңа жыл,
Құттықтаймыз сіздерді!

Еңлік:

Өлең де әзір, ән әзір,
Ойын да әзір, бәрі әзір
Кел Жаңа жыл біздерге,
Кел Жаңа жыл, жаңа жыл!
ӘН «Жаңа жыл»

Ақшақар:

Ертегі әлемі
Қандай өзі әдемі,
Жасыл шырша жанында,
Барлық достар жиналды.
Қане, балақай, байқашы,
Мән беріп қарашы!
Достардың барлығы,

Үлгерді ме, санашы.

-Барлық қонақтар жиналған сияқты, бірақ та Аяз-ата жоқ қой. Аяз-атаны шақырайық, бізбен бірге Жаңа жылды қарсы алсын.

(балалар шақырады)

Балалар: — Аяз ата.

Жүргізуші: — Аяз ата қайда екен? Ол осында баяғыда болу керек еді… Қиындыққа тап болған жоқпа екен… Аяз атаның жолы өте ұзақ…

(Музыка әуенімен Түн ханшайымы кіреді)

Түн –ханшайымы:

Мен түн ханшайымын,

Қараңғы түнде тау қалғып,

Ұйқыға кетер балбырап.

Даланы жым-жырт, дел-сал ғып,

Түн басады салбырап.

 

(Шырша шамын сөндіреді)

І Жүргізуші: — Балалар, естідіңдер ме, түн –ханшайымы не айтқанын? Жұлдыздар жарқырамайды, айды сиқырлап тастады. Осындай қараңғыға Аяз ата қалай келеді?

ІІ Жүргізуші: Біз оған көмектесейік. Алдымен шырша шамын жағуға тырысайық, кішкене болса да жарық болсын.

І Жүргізуші: Мен көп гномдарды көріп тұрмын. Олар бізге көмектесер.

БИ: «Гномдар-шамдармен»

(Шыршада шамдар жағылады)

ІІ Жүргізуші: — Рахмет, гномдар!

(Музыка әуенімен Ақшақар Айды қарсы алады)

Ақшақар:

Айлар, айлар, қайғылы,

Жарқырамайды, күлмейді.

Ай:

Түн зұлым емленді,

Менің күлкілі, жылтырымды.

Мен еді қалай қуанамын,

Тағы айқын жарқырап?

Ақшақар: -Ал, балалар, көмектесіңдер,

Шырша айнала ән салыңдар.

Ай қуансын, мұңайы кетсін.

Бәріміздің көңіліміз көтеріңкі болсын.

І Жүргізуші:

Ән: «Ақшақар»

(Ай қуанады, үстінен қара шамылғыны лақтырады)

Ай: Міне бәрі бітті, сиқыр да кетті!

Қандай тамаша жарқыраған!

Күшпен ынтаға сенімге толы.

Сол үшін менің достарыма рахмет!

Ақшақар: Сен сиқырдан құтылдың, ал қараңғы орманнан Аяз ата жолды таба ала ма?

Ай: — Қанекей, балалар, Аяз ата деп айқайлап, шақырайық. Сонда Аяз ата жолды тауып, тез жетер.

(Аяз атаның даусы)

Аяз ата:

Не болды? Мен түсінбеймін.

Мен жол таба алмаймын.

Қалың орман, қара түн.

Мен қазірдің өзінде бара алмаймын!

Жұлдыздар көңілді би билесе,

Ай жол көрсетсе…

Оның бәрі тез жетуіме көмектесер.

Ақшақар:

— Құрметті ай!

— Менің атам қиындыққа тап болған екен.

— Енді не істеу керек? Біз қалай көмектесеміз?

Ай: -Желді шақыру керек.

Аспанда жұлдыздардың көңілді жарқырасын.

Жел аспандағы бұлттарды ашсын.

ІІ Жүргізуші: — Балалар, Желді шақырайық.

Балалар хормен:

Жел дауылды шақырайық,

Бұлт жауынды шақырайық.
Жел: Менің Түнгі Ханшайымға күшім жетпейді, Егер де кішкентай балалар өз өнерлерін көрсетсе, біз Түнгі Ханшайымды жеңе аламыз.

ӘН: «Жапалақтап ала қар»

БИ: «Жұлдыздар биі»

Тақпақтар:

Ален:

Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жол болсын.

Елдана:

Жапалақтап ақша қар
Жауды күнде қайталап
Қырға шықты балалар
Шаңғыларын арқалап.

Айзара:

Қайда қызық думан болса,
Аяз ата сонда болды.
Балалармен бірге ойнап
Балалармен бірге қонды.

Нұрай:

Аяз келді қаһарлы
Айналаны қар жапты.
Ақ тон киіп орман тұр
Дәл атамдай салмақты.

Мансур:

Аяз ата ақ сақалды,
Ақ таяқты паң ата,
Асып өтіп асқар тауды
Жеттің бізге таң ата.
(Жұлдыздар биінен кейін, Түнгі Ханшайым шырша алдында тұрады)

Түнгі Ханшайым: — Сендер, мені жеңдіңдер. Мен енді жамандық жасамаймын. Аяз-атаны жіберейін.

Аяз-ата: — Жарайсыңдар, балаларым! Мені мынау зұлым Түнгі Ханшайымнан құтқардыңдар. Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер.
Ақша қар: -Ата, біз сізді көп күттік.

Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы.
Жалт — жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын,
Қалай тыныш жатпақпын,
Әнсіз мерекенің сәні жоқ.

І Жүргізуші: -Дұрыс, дұрыс, Ақшақар. Аяз-ата әнін қабыл алыңыздар.

ӘН: «Аяз-ата»

Ақша қар: — Ата, отырыңыз, балалар сізге тақпақтарын айтады.

Тақпақтар:

Асанали:

Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.

Мерей:

Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.

Ерасыл:

Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап.
Жаңа Жылда келеді,
Бізге қарай жылыстап.

Жанель:

Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.

Тайұлан:

Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқар тау, қарлы шың.
Аяз-ата: —Жарайсыңдар, тақпақты жақсы айтады екенсіңдер.

Ал, енді ойын ойнап жіберейік. Сендердің шапшандылықтарынды көрейін. Менде екі қап бар. Тапсырма мындай: Қапты киіп белгіленген жерге дейін жүгіріп бару.

Ойын: «Қап киіп жүгіру»

ІІ Жүргізуші: Мерекеміз жалғасуда. Ұлдар қыздарды биге шақырады.

Жұп биі.

І Жүргізуші: -Аяз-ата, Қолғабыңызды жоғалтып алыпсыз.

Аяз-ата: -Қайда?

ІІ Жүргізуші: —Ол балалардың қолында, қуып жетіңіз.

Ойын: «Қолғапты қуып жет»

Аяз-ата: Шаршадым, шаршадым.

І Жүргізуші: -Аяз-ата, отырып демалыңыз, біздің балалар тақпақтар айтады.

Тақпақтар:

Алтынай:

Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдық жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп

Айлана:

Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.

Ярослав:

Қайда қызық болса думан,
Аяз Ата сонда болды.
Күндіз үйде ойнап бізбен,
Балалармен бірге болды.

Жанали:

Аяз Ата ойды қырды
Аралап жүр түгел шолып.
Қарсы алғалы жаңа жылды,
Ол да көптің бірі болып.

Айша:

Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа-жыл
Ата-әже, ата-әже,
Құтты болсын жаңа жыл.
ӘН: «Жаңа жыл»

ІІ Жүргізуші: — Аяз ата, Ақшақар, сіздер біздердің балаларымыздың сыйлықтарын қашан бересіздер?
Аяз ата: Ой, ұмытшақ басым ай, әрине қазір, қазір….
(барлығыңа сыйлық үлестіріледі)

Аяз — Ата: Жарайсыңдар, балаларым! Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)
Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!
Бәрі.
Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты
Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! «Түн — Ханшайымы!» жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!

Каримова Гуляим Қабдошовна,

Шайханова Айша Шегебаевна,

№36 «Аққу» балабақшасы,

Ақмола облысы, Көкшетау қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.