Home » Ашық сабақтар » Аннаның хикаялары

Аннаның хикаялары

Мақсаты: Геометриялық пішіндерді, түстерді және заттарды еске түсіру.

Міндеттері:

  • Балалардың логикалық ойлау қабілетін, зейіндерін, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
  • Жұмыс кезінде ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Геометриялық пішіндерді, түстерді және заттарды еске түсіру

Сабақ түрі: практика – сабақ.

Сабақ типі: практикум элементтері бар түсіндірмелі – көрнекілікті.

Сабақ көрнекілігі: компьютер, слайд, карточкалар, интерактивті тақта

Полилингвальді құрам: монитор – monitor; мышка – тышқан – mouse; клавиатура – пернетақта – keyboard; системный блок – жүйелік қорап — system block; цифра – сан – namber; один, два, три, четыре, пять, шесть, семь, восемь, девять, десять – бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он —  one, two, three, four, five, six, seven, eight, nine, ten;  красный – қызыл – red, желтый – сары – yellow, синий – көк – blue.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, сыныптағы оқушыларды түгендеу, сабақ тақырыбын, мақсатын қою.

Жүрек жылуы:

Сәлеметсіздер ме, достар!

Мен сіздерді көргеніме қуаныштымын!

Ең алдымен компьютер сыныбының ережелерін еске түсіріп алайық.

  • Компьютер сыныбында не істеуге болмайды? (Электр сымы мен ажыратып қосқышты тиiспеу, сыныпта жүгiрмеу, компьютер жанына артық заттарды қоймау, ылғал қолмен және киiммен жұмыс жасамау);
  • Компьютер алдында қалай отыру керек? (Компьютер алдында қисаймай тiк және монитор экранынан 50 см қашықтықта отыру);
  • Компьютер алдында неше минут отыру керек? (10 минут отырып, көз шарамайтындай жаттығулар орындау);
  • Компьютер алдында көп отырсақ ағзамызға қандай зақым келеді? (Бас аурады, көз ашиды, арқаң шаншиды) жақсы көп рахмет.

Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ, тыңдаңдаршы, мына музыка қай ертегіде ойнады? (Холодное сердце) дұрыс, Холодное сердце орысша болса қазақша суық жүрек, ал ағылшынша frozen. Балалар, ертегінің кейіпкерлерін білесіңдер ме? (Ия, Анна, Эльза, Кристоф, Олов, Свен, Ханс) Бәрекелді. Балалар, Эльза өз сиқырымен Эренделды қысқа айналдырып жіберіпті, енді біз ертегі кейіпкерлерінің тапсырмаларын орындап, жазды қайтаруымыз керек.  Дайынсыңдар ма?

Балалар жауабы: Иә

Балалар бізді ертегі әлеміне жеткізу үшін Трольдар келіпті, өз сиқырларымен бізді ертегіге шығарып салады. Ол үшін көзімізді жұмамыз, музыка ойнайды. Музыка қосылады. Жақсы, көзімізді ашамыз…

Қараңдар экранда кейіпкерлер тұр, біз бір-бірден келіп кейіпкерге басып, тапсырмаларын орындаймыз.

Балалар жауабы: Иә, бірақ қандай көмек қажет оған? Бастайық онда.

Аннаның тапсырмасы: Компьютерді жина. Экранда компьютер бөліктерін жинап, үш тілде атап, не үшін қажет екенін айту қажет.

Балалар жауабы: компьютер бірнеше бөлшектерден тұрады. Монитор, жүйелік қорап, тінтуір, пернетақта.  Монитор – ағылшын тілінде — monitor; тінтуір – орыс тілінде –мышка, ағылшын тілінде  – mouse; пернетақта орыс тілнде – клавиатура, ағылшын тілінде – keyboard; жүйелік қорап орыс тілінде системный блок, ағылшын тілінде – system block. Компьютерді үйде, дүкенде, жұмыста, мектепте қолданады. Онда хат жазуға болады, сурет салуға, ойын ойнауға, мультфильм көруге.

Өте жақсы!.

Ханс тапсырмасы: карточкалармен жұмыс, деңгейлері бойынша. 3 бала сан құрамына жұмыс жасайды, 3 бала жануарларды санап, белгілерін қояды, 4 бала сандарды жазып, белгілейді. Балалар жеке дара жұмыс жасайды. Санап, сандарды үш тілде ата. Сан оырс тілінде цифра, ағылшын тілінде – namber; Кәне бәріміз орыс, ағылшын тілінде санап көрейік:  один, два, три, четыре, пять, шесть, семь, восемь, девять, десять – бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он —  one, two, three, four, five, six, seven, eight, nine, ten. Керемет, өте жақсы.

Варавский тапсырмасы: ағылшын тілінде сергіту сәті.

Clap, clap, clap your hands, сlap your hands together!

Tap, tap, tap your feet, tap your feet together

Walk, walk, walk around, walk around together

Sneak, sneak, sneak around, sneak around together

Jump, jump, jump around, jump around  together

Эльза тапсырмасы: компьютерлерде жануарларды санап, пернетақтадан тауып алу. Тінтуірдің батырмасын шерту арқылы орындау. Мұғалім қиналып отырған балаларға барып көмектесемін.

Жақсы! Өте жақсы.

Кристоф тапсырмасы: Енді тақтаға шығып пішіндерді үлгі бойынша қой.

Олаф тапсырмасы: Пішіндердің көмегімен сурет салу. Интерактивті тақтада орындалады.

Свен тапсырмасы: нысандарды санап, қажетті санды басу. Интерактивті тақтада орындалады.

Өте жақсы. Міне біз кейіпкерлердің тапсырмаларын орындап, Эльзаның сиқырын шештік. Көзімізді жұмып Эльзаның Эренделге жазды қайтарғанын қараймыз.

Сабақты қорытындылау: Жақсы, балалар, біздің сабағымыз аяқталып келеді, қазір сабақты пысықтап өтейік. Біз бүгін  үлкен жұмыс атқардық. Кімге көмектестік? Қандай тапсырмалар орындадық? Кімге тапсырмалар ұнап, барлығын дұрыс орындаса қызыл гүлді алып қойсын, кімге қиын болса олар көк гүлді алып отырғызсын. Жақсы балалар осымен біздің сабағымыз аяқталды.

Ал енді келесі сабақта кездескенше!

                                              Хасанова Азиза Азатовна,

информатика мұғалімі,

«Павлодар қаласының №29 сәбилер бақшасы» МҚКК,

Павлодар қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.