Home » Балабақша » Кезекті кластер әсерлі өтті

Кезекті кластер әсерлі өтті

Эстетикалық  тәрбие – қоршаған ортаның, өнердің сұлулығын баланың көру және сол сұлулықты жасау қабілеті дамыту мақсатымен оның жеке басына ықпал етудің мақсатты түрде бағытталған жүйелі процесі десек, дәл осы бағыт 2018 жылдың 30 наурызында Астана қаласының №19 «Балбөбек» балабақшасында «Мектепке дейінгі балаларға көркемдік-эстетикалық тәрбие беру мен дамыту жолдары» атты биылдан бастау алған кезекті кластер семинары болып өтті. Семинардың басты мақсаты мен міндеттері мынадай.

№19 «Балбөбек» балабақша меңгерушісі Төлеуова Алмагүл Төлеуқызы: «біріншіден, мектепке дейінгі балалардың эмоционалдық және физикалық денсаулығын сақтау мен нығайту, тұлғаны жан-жақты дамыту үшін барлық білім беру процесіне қатысушы педагогтар мен ата-аналардың тиімді ынтымақтастығын қамтамасыз ету.
Екінші, заманауи әдістер мен теъхнологияларды пайдалана отырып, көркемдік және театрландырылған әрекет арқылы балалардың көркемдік-эстетикалық талғамдарын қалыптастырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Және, үшіншіден,салауатты өмір салты құндылықтарын қалыптастыру арқылы мектепке дейінгі балалардың физикалық және психологиялық денсаулықтарын қорғау және нығайту».

Семинардың атына сай затының өзі түпкілікті дайындығын байқаған балабақша қонақтары мен біз өтте әдемі, әсерлі жұмыстардың куәсі болдық. Дәлел, балалардың тек көркемдік-эстетикалық тәрбиеленуі ғана емес, өнерде де мүмкіндіктерін ашып беру, жаңашыл заман талабына талпынған бүлдіршіндердің сүйікті ертегілерін ағылшын тілінде емін-еркін сомдаулары тағы бір ерекшелікті ескереді.

№19 «Балбөбек» балабақшаның әдіскері Фатима Бектемірқызы: «мектепке дейінгі тәрбиенің заманауи тұжырымдамасы бойынша баланы ерте жастан өнерге баулу керек, өйткені өнер ол адами құндылықтардың әлемі болып табылады. Біздің педагогикалық ұжымның негізгі мақсаты – балаға толық ашылуына барлық жағдай жасап, шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту».

Бұл – Мағжан Жұмабаевтың «тәрбиешінің міндеті – баланың бойынан ынта бар екенін тауып сол ынтасын, шығармашылық қабілетін, сезімдерін өркендету», деген сөздерінен шықса керек. Солардың бірі, тілге тиек болған балабақшаның бірінші санатты тәрбиешісі Оспанбекова Айнұр Пердебекқызының  тақырыпқа тікелей байланысы бар бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс әдістерін қолдану арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту әдістерін көрсетіп, өзге де балабақшадан келген әріптес  қонақтарына тәжірбие бөлісті.

    №19 «Балбөбек» балабақшаның бірінші санатты тәрбиешісі Оспанбекова Айнұр Пердебекқызы: «қазіргі уақытта балалардың шығармашылығын дамыту мәселесі теориялық және практикалық қарым-қатынастардағы ең маңызды мәселе болып табылады. Барлық балалар суреттер мен сурет салуды ұнатады, баланы осы тараптан ынталандыру үшін мен бейнелеу өнеріндегі дәстүрден тыс әдістерін қолдануды ұйғардым».

Он жылдық еңбек өтілімі бар Оспанбекова Айнұр Пердебекқызы мен балабақша бүлдіршіндерінің көркемдік өнермен ерекше таныс, жатық болуы бізді қуантты.

Мұстафина Жансая Әлібекқызы,
«Білім айнасы»,

Астана қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.