Home » Білім және тұлға » Жаны жайдары Жадыра

Жаны жайдары Жадыра

Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Нұркен Әбдіров атындағы №10 орта мектеп   тарихы сонау  отызыншы жылдардан бастау алар көне білім ошақтарының бірі. Талай буынды қанаттандырған бұл білім ошағынан  қаншама  түлек түледі. Жақсылардан салынған  жырақ жолды жалғастырып, бүгінде бұл мектепте  кейінгі толқын жастар  ұстаздық етуде. Осы мектептен түлеп ұшып, білімін  толықтырып, көкжиегін кеңейтіп, өз мектебіне қайта оралып, қызмет қылып  жүрген  ұлағатты ұстаздың бірі  Жадыра Мүсілімова. Ол Нұркен Әдіров атындағы ЖББ №10 орта мектебі» КММ-нің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, информатика пәні мұғалімі болып қызмет етеді. Жоғары санатты ұстаз  20 жылдық еңбек жолында талай шәкіртті қанаттандырды,талай оқушыны тал бесіктен бастау алар тәрбиеге баулыды. Байсалды мінезімен, салихалы салмақты ой пайымымен қашанда  ата-налар ортасында да өзіндік беделін тапқан жан. Әр оқушының  әлеуметтік тұрғыдан қаншалықты қамтылғанын, отбасылық жағдайының қай межеде екенін аңдап отыратын тәжірибелі ұстаз ешкімді бөле жармайды. Тәжірибесі мол, теориялық білімі жоғары. Көп ізденеді, еңбекшіл, өзіне-өзі талап қоя біледі, өзіндік оқыту тәсілі қалыптасқан, сабақты тиімді жоспарлауға машықтанған. Оқушылардың теориялық білімін практикалық жұмыстар ұйымдастыру арқылы шыңдап отырады. Сабақ өткізу барысында модульдік оқыту технологиясын, Ж.Қараевтың «Деңгейлеп оқыту», В.Ф. Шаталовтың тірек сызбаларын пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық жаңалықтар мен құбылыстар туралы түсініктерін пайымдауда ойларын шығармашылықпен еркін жеткізуге үнемі жағдай туғызады. Шығармашылығымен жасаған тақырыптық есеп жүргізу дәптері ұстаздарға ұсынылып, пайдаланылу үстінде. Оқытудың түрлі әдістерін меңгерген ұстаздың әрбір сабағы оқушылардың сапалы білім алуына, жаңа материалдарды сыныпта меңгеруіне толық мүмкіндік береді.
Мектептегі тарихи-этнографиялық өлкетану мұражайы кеңесінің белсенді мүшесі. Нәтижелі еңбегі мен сапалы білімінің арқасында оқушылары тұрақты жүлделі орындардан көрініп жүреді «Алгоритм түсінігі және қасиеттері» жұмысы «Қазіргі биология: теориялық, қолданбалылық аспектілері және пәнаралық байланыстары» Халықаралық ҒПК жинағына енді. 2017ж. ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Дарын» республикалық ҒПО ұйымдастырған «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсында «Өз ісінің шебері» номинациясы бойынша Грамота, Сертификат 2017ж.

Қарқаралы ауданы әкімінің білім саласындағы сыйлығы байқауының «Үздік педагог-ұйымдастырушы» номинациясы бойынша жүлдегері. 2016 ж.

Өзінің білімі мен іскерлігінің арқасында оқушылар мен әріптестерімен және ата-аналармен ортақ тіл табыса отырып жұмыс жасайды. Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, ұстаздар ұжымының арасында сыйлы, өзіндік пікірі бар.

Мектеп бітірген 13 шәкірті информатика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша жоғары оқу орындарында білім алуда және 9 шәкірті осы мамандық бойынша қызмет атқарады.

Жаңалыққа жаны құштар Жадыра  білім мен тәлім-тәрбие жаршысы бола жүріп, оқу-тәрбие жұмыстарында өнегелі істерімен көрініп жүрген ұстаз.

Әсел Құсайынқызы,
Қарағанды облысы,
«Білім айнасы»

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.