Home » Оқу-әдістемелік материалдар » Заманауи сабақ жоспарлаудың үлгісі

Заманауи сабақ жоспарлаудың үлгісі

12-жылдық оқу бағдарламасының стандарты, ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ – бағдарламаларының да Блум таксономиясына негізделуі, сабақтың мақсатын анықтаудан бастап, бағалау критерийіне дейін осы жүйедегі логиканы сақтауды қажет етеді. Осындай жүйеде жоспарланған сабақты түсіну үшін әр қосымшада сабақтың белгілі бір блогын да жоспарлану ерекшелігін түсіндіре отырып, үлгісін ұсынатын боламыз. Бұл мұғалім қауымына қажетті материал болады деген ниеттеміз. Біз өзіміздің шығармашылық тәжірибеміздің үлгісін ұсынып отырмыз. Негізгі мақсат – сабақ мақсат бойынша нәтижеге жету, оқушы нәтижесін нақты бағалау.

Бұл қосымшада біз сабақ құрылымындағы өзгеріске байланысты: сабақ блоктарын беріп отырмыз. Ондағы өзгерістер қазіргі сабаққа қойылатын талаптарға сәйкес өзгеріс тауып отыр.

Онда: жаңа ақпаратты меңгеру; бекіту; өздік жұмыс; топтық (жұптық) жұмыс; күтілетін нәтиже – эссе.

Сабақ үстіндегі мұғалімнің басқаруымен оқушы жасайтын іс-әрекеттерінің оқшауланған түрлерін біз сабақтың технологиялық картасы (СТК) сабақ блоктары деп атадық. Сабақ блоктары дәстүрлі сабақ жоспарының кезеңдеріне ұқсайды, дегенмен мазмұны мен уақыты жағынан принципті айырмашылықтарға ие.

СТК мен дәстүрлі сабақ жоспарының арақатынасы

СТК блоктары[1]Дәстүрлі сабақ кезеңдері
1. Ақпарат блогы (8 мин.)1. Ұйымдастыру кезеңі (3 мин.)
2. Үй жұмысын тексеру (15 мин.)
3. Жаңа материалды түсіндіру (20 мин.)
2. Логикалық тапсырмалар блогы (5 мин.)4. Бекіту (5 мин.)

 

3. Жаттықтыру және білімді есепке алу блогы (15 мин.)
4. Интеллектуалдық тренинг блогы (12 мин.)
5. Күтілетін нәтиже блогы (5 мин.)5. Үй тапсырмасы,

сабақ қорытындысы (2 мин.)

Кестеден СТК-ның алғашқы ақпарат блогына дәстүрлі сабақтың үш кезеңі сәйкес келетінін көруге болады. Неліктен екенін түсіндірелік.

Дәстүрлі сабақтың шамамен 3 минут алатын ұйымдастыру кезеңі сәлемдесуді, оқушылардың бар-жоғын анықтауды, дайындығын тексеруді, бөлмені дайындауды және назарын аударуды көздейді. СТК мұғалімге ғана емес, оқушыға да арналған сабақтың егжей-тегжейлі алгоритмі болғандықтан, оқушыларды бірыңғай жұмыс режиміне дағдыландырады. Осылайша күнбе-күнгі операциялардың автоматтандырылуына әкеледі. Одан кейін дәстүрлі сабақта «Үй жұмысын тексеру» кезеңі (сұрау және жазбаша жұмыстарды тексеру) жүзеге асып, оған 15 минут жұмсалады. СТК-да үй тапсырмасы келесі сабаққа дейін тексеріліп қорытылып қойылатындықтан, оған уақыт жіберілмейді десе болады. Осылайша СТК бойынша өткізілетін сабақтың дәстүрлі сабақтың алғашқы екі кезеңіне кететін 10-15 минут үнемдеуге болады.

«Жаңа материалды түсіндіру» дәстүрлі сабақ жағдайында 20 минут алады. Мұндағы жоспарды мұғалім әдетте оқулықтағыдай құрады. Ал оқулық материалының таным процесінің барлық кезеңдеріне қажетті ақпаратты қамти бермейтінін практик мұғалімдер жақсы біледі. Сондықтан СТК-да ақпарат блогы толықтай слайдтардың көмегімен өткізіледі. Слайдтардағы тақырып жоспарын құруда оқушылардың таксономиялық кестесіне сай алдын ала белгіленетін тапсырмалардың орындай алуына жағдай туғызылады. Оқулық материалының толымдылығы оның күтілетін нәтижеге сәйкестігі тұрғысынан тексеріледі.

СТК-ның бұл блогын толтыру техникасына келер болсақ, оған сабақтың жоспары және слайдтардың мазмұны жазылады.

Сабақтың жоспары деп сабақ тақырыбының тақырыпшаларға бөлінген түрін айтамыз. Бұл тақырыпшаларда «Күтілетін нәтиже» тармағындағы сабақ мақсатына жетуге қажетті ақпарат мейлінше қамтылуы керек. Сабақ жоспары СТК-да да, оқушыларға проектор арқылы көрсетілетін PowerPoint слайдтарында да болады.  Слайдтардың жалпы құрылымын былай елестетсе болады.

 

 

Тақырып титулы 
Слайд 1Слайд 5
Сабақ мақсаты  
Слайд 2Слайд 6
    
Сабақ жоспары:

1-тақырыпша — …

2-тақырыпша — …

3-тақырыпша — …

2-тақырыпша  титулы
 Слайд 7
   
Слайд 3
   Слайд 8
1-тақырыпша  титулы   
Слайд 4
Слайд 9

 Ақпарат блогында слайдтардың құрылымы

СТК-ның кейінгі үш блогы — (2) логикалық тапсырмалар блогы, (3) жаттықтыру және білімді есепке алу блогы, (4) интеллектуалдық тренинг блогы дәстүрлі сабақ жоспарындағы бекіту кезеңіне өте-мөте сәйкес келеді. Олай дейтін себебіміз мынада. Бекітуге шын мәнінде логикалық тапсырмалар блогы ғана арналған. Ол бағаланатын тапсырмаларға енбейді, өйткені ол ұжыммен бірге орындалып, қалған тапсырмалардың орындалуына қосымша (слайдтармен бірге) алғышарт туғызу үшін қажет.

Қалыптасқан практикада бекітуге әдетте оқулық пен оқу-әдістемелік кешендерде берілген сұрақтар мен тапсырмалар алынады. СТК-да болса, жоғарыда («Мұғалімге ақпарат» бөлімінің «Сабақты бағалау» тармағында)  түсіндірілгендей, жаттықтыру және білімді есепке алу блогы мен интеллектуалдық тренинг блогындағы бағаланатын тапсырмалар сабақ мақсатқа тікелей байлаулы. Осыған орай мұғалім таңдайтын тапсырмалар жиынтығы мақсат таксономиясының барлық категорияларына жауап беруі шарт.

СТК-ның соңғы — күтілетін нәтиже блогы дәстүрлі сабақтың үй тапсырмасына, сабақ қорытындысына сәйкес келеді. Алдында айтылғандай, бұл блок «Баға» атты таксономия категориясына жетуге бағытталған, сонымен бірге мұғалім бұл кезде үй тапсырмасы мен алдында болатын сабаққа тапсырманы береді. Ал мұндағы үй тапсырмасы көбірек практикалық сипатқа ие әрі бонус балл алу үшін орындалады.

Үй тапсырмасын осы тәртіппен орындаудың мынадай артықшылықтары бар. Біріншіден, сыныптың әрбір оқушысы мұғаліммен тікелей байланыс орнатады: кері байланыс жүзеге асады. Оқушы дайындаған жұмысына ресми түрде қысқаша хабарлама жазуға үйренеді. Екіншіден, өзіне берілген тапсырманы өз бетімен, сыныптан тыс компьютер көмегімен ресімдеп, оның уақтылы «контрагентке» (оқушы үшін ол мектеп қызметкері — мұғалімге) жеткізілуін қамтамасыз етуге үйренеді. Демек, жеке электронды поштамен (email) немесе whatsapp-пен (WA), оны тұрақты оқу мақсатында (бейнелі түрде айтсақ, қызмет бабымен) пайдалануға, сөйтіп, өзінің мұғалімімен электронды тәсілмен хат-хабар алысуға үйренеді.

Қисымова А.Қ.

Педагогика ғылымдарының кандидаты, оқулықтар мен

ОӘК-лер авторы, «ЖОО-ның үздік оқытушысы»

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.