Қазіргі кезде Павлодар қаласының №28 сәбилер бақшасында балабақша меңгерушісі Ж.А. Мухтаеваның ұйымдастыруымен «Жылы жүрек – жомарт қол» атты қайырымдылық акциясы жүргізілуде.
Бұл акцияның мақсаты: жағдайы төмен отбасыларға киім-кешекпен көмек көрсету.
Акцияның жүзеге асуына балабақшадағы барлық топтардың ата-аналары мен балабақша ұжымы атсалысуда. Акция 2018 жылғы 10 ақпанға дейін жалғасатын болады. Аз уақыт ішінде балалардың біраз киім-кешегі жиналды. Әлі де жиналу үстінде. Балабақша әкімшілігі Акция аяқталысымен, жиналған заттарды Мәшһүр Жүсіп мешітіне тапсыруды шешті.
Гулжайна КИМЕРСЕН,
№28 бөбектер бақшасының тәрбиешісі,
Павлодар қаласы.