Home » Білім және тарих » МЕНІҢ АЛҒАШҚЫ ҰСТАЗЫМ

МЕНІҢ АЛҒАШҚЫ ҰСТАЗЫМ

 

Павлодар облысына қарасты Май ауданының Жұмыскер орта мектебінің мұғалімі Наймантаева Рымбике Кәкімқызы білім беру саласында 30 жылдан астам қызмет етіп келе жатқан ұлағатты ұстаз.
«Білім инемен құдық қазғандай» дегендей, мен өзімнің алғашқы ұстазым, білім нәрін берген бастауыш сынып мұғалімі Рымбике Кәкімқызына айтар алғысым шексіз.

Біз мектеп табалдырығынан аттап, сыныпқа алғаш келген сәттен бастап, оның мейірімділігі мен даналығына тәнті болдық. Ұстазымыз бойындағы бар білімін шәкірттеріне арнады.

Осы уақытқа дейін Рымбике Кәкімқызының тәлімін алған қаншама түлек өмірде өз орындарын иеленді. Олардың әрқайсысы тәуелсіз еліміздің болашағы үшін әр салада еселі еңбектерімен өз үлестерін қосуда.

Шәкірттеріне үйретуден жалықпаған, шәкірттеріне ұстаздық қана емес, аналық та мейірімін аямаған тәлімгер ұстазымызға дүниедегі бар жақсылықты тілейміз!

 

Анара Серікқызы КӘКІМ,
№28 сәбилер бақшасының тәрбиешісі,
Павлодар қаласы.

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.