Home » Балабақша » ШЫРШАМЕН ҚОШТАСУ

ШЫРШАМЕН ҚОШТАСУ

Жақында Павлодар қаласы №28 сәбилер бақшасында «Шыршамен қоштасу» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты: балалардың қызығушылықтарын арттыру жағымды және жағымсыз кейіпкелер туралы түсінік қалыптастыру болды. Оған сәбилер бақшасындағы барлық балалар қатысты. Ертеңгілік барысында балалар көптеген ертегі кейіпкерлерімен танысты. Мен «Шыршамен қоштасу» ертегісінің жағымды және жағымсыз кейіпкерлерін сомдадым. Балалар жас ерекшелігіне сай ойындар ойнады, шыршаға арналған өлең, тақпақтарын айтып берді. Осылайша, шырша тойы өз мәресіне жетті. Балаларға мереке қатты ұнады. Соңында барлық бөбектерге Жаңажылдық сыйлықтар таратылды.

Алма КАБАЕВА,
№28 балабақша тәрбиешісі,
Павлодар қаласы.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.