Home » Балабақша » ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТТЕР

ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТТЕР

Қызылорда қаласындағы №32 «Қызғалдақ» санаторлық балабақшасында ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру мақсатында «Салауатты өмір-біздің болашағымыз» тақарыбында қалалық семинар өтті. Семинарға «Қызылорда облыстық салауатты өмір салтын   қалыптастыру   орталығы» ЖШС-ның маманы Алтаева Арай Ғалымжанқызы, «Білім Айнасы» газетінің Қызылордадағы өкілі Қуаныш Әлібек Мұханұлы, №7 әдістемелік аймақтық бірлестіктің тәрбиешілері және балабақша ата-аналары қатысып, жаңғырудың негізі – адами капитал екеніне тоқталып, оның денсаулығы ұлттың болашағының кепілі болуға тиіс екенін атап өтті. Семинардың ашылу салтанатында сөз алған балабақша әдіскері Досимова Гүлзат Әбуқызы: — Бұл өмір ұрпақ сүюмен мәнді. Сондықтан әр баланың шыр етіп жарық дүние есігін ашысымен өмірден ойып алар өз орны болады. Біз әр баланың қалыптасуына үлкен жауапкершілікпен қараймыз. Олардың сапалы тамақтануынан бастап, дұрыс тәлім алуы өте маңызды. Бірінші кезекте бала денсаулығы. Өйткені, басты міндет – саламатты өмір қалыптастыру. Одан кейін олардың заманға сай білім алуына жағдай жасаймыз, – деді.
Расында мемлекетттің бірінші кезектегі атқаратын шараларының бірі халық денсаулығын нығайту. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңірудің де маңызы зор. Балалар болашағымыз, ұрпақ жалғастырушы. Сондықтан да, ата-ана үшін баласының денсаулығы өте маңызды. Адам денсаулығы – қоғам байлығы. Осыған орай балабақша тәрбиешісі Бағлан Шалғынбайқызы «Бақытың да, байлығың да — денсаулық» тақырыбын нысанаға алып ойын-сауық өткізді. Онда дұрыс тамақтану, спорт, тазалық — салауатты өмірдің негізгі ұстанымдары екені қамтылды.
Шынымен, қазіргі кезде балалардың денсаулығының нашарлауы байқалады. Барлығымызға ой салатын мәселенің бірі- орта экологиясының бұзылуы, бала денсаулығына кейбір технологияның және басқа факторлардың әсер етуі болып отыр. Осындай әсер салдары адамның физиологиялық, психологиялық және адамгершілік қасиеттері мен денсаулығының бұзылуына әкеліп соғады. Ал осындай семинарлар барлық жағдайлардың алдын алуға мұрындық болуы тиіс. Ортаңғы «Құлыншақ» тобының тәрбиешісі Марал Ұзақбайқызы «Анамның аялы алақаны» тақырыбында ата-аналармен жұмыс жасады. Бала денсаулығын сақтау жолында тұрған ең басты мәселе- оларды салауатты өмір сүруге және оны сақтау және нығайту жолдарын білуге үйрету. Бұл ретте ата-ананың рөлі ерекше.
Семинар барысында тәрбиешілер: Жусупова Қымбат Жұмағалиқызы және Кумекбаева Айнұр Есқарақызы спорттық ойындардан сайыс өткізіп, балғындар би жетекшісі Карибаева Лаззат Шерқызымен бірге Хатха-иогадан көріністер көрсетті.
Бүгінгі таңдағы еліміздегі балабақшалардың әлеуметтік міндеті — жас ұрпаққа сапалы білім, баланың саулығын сақтап, саналы тәрбие беру. Олардың әрқайсысына өмірден өз жолын табуға көмектесуді негізгі мақсат еткені абзал. Бөбектердің денсаулығына зиян келтірмей, қайта оны сақтауды, нығайтуды үйретіп, баланың өз денсаулығына жауапкершілігін арттыру- тәрбиешінің міндеті. «Біздің бақытымыздың оннан тоғызы-денсаулық», «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл-үшеуімен бақытты болады өмір» Ендеше, отбасы, балабақша және қоғамның игілікті болашақ жолындағы өзара ынтымақтастығы күннен –күнге арта беруі тиіс.

Досимова Гүлзат Әбуқызы,
№32 «Қызғалдақ» санаторлық балабақша
КММ әдіскері

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.