Аккереева Светлана Насимуллиевна
Орал қаласы
№18 «Балдырған» бөбекжайы
Ұлттық тәлімнің негізі — имандылық
Мақсаты: Балаларды имандылық , инабатылық ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру. тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар: дастархан, ұлттық тағамдар. Ұлттық ойындар. Жеті шелпек.
Билингвальдық компонент: Жұма – пятница, Жеті шелпек – семь лепешка.
Барысы:
Балалар бір жылда қанша ай бар? Кім айтып бере алады?
Балалар: Бір жылда 12 ай бар.
Дұрыс айтасыңдар , қазір жылдың қай мезгілі екен?
Көктем.
-Қәне, көктем айларын кім атап береді?
— Наурыз, Сәуір, Мамыр
Тәрбиеші : Балалар , наурыз айында біз қандай мерекелерді тойлаушы едік? Қәне естеріңе түсіріп көріңдерші.
Балалар: 8 Наурыз – аналар мейрамы, 22 – Наурыз мұсылманша жаңа жыл мерекесі.
Тәрбиеші: Ал енді балалар, біз бүгін «Жеті шелпек» деген ұйымдастырылған оқу іс – әрекетін өтеміз – деп балалардың назарын өзіне аударған соң әңгіме мазмұнын баяндауға кіріседі.
Апта деген атайдың жеті бірдей ұлы бар екен. Ағай осы жеті ұлдарын Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі, Бейсенбі, Жұма, Сенбі, Жексенбі- деген ат қойыпты. — Айтқандай бүгін аптаның қай күні?
Балалар : Жұма
Тәрбиеші: Балалар сендер біздің әжелеріміздің жұма күні жеті шелпек пісіріп , не үшін тарататынын білесіңдер ме?
Білмесеңдер, қазір бәріміз Баян деген әженің ауылына барайық.
Ол әженің де сендер сияқты кішкентай немерелері бар, бізге
«Жеті шелпек» жайлы толық түсіндіріп береді.
Тәрбиеші балаларды бастап әженің ауылына қарай жолға шығады.
-Балалар , мына алдымызда көрінген немене?
Балалар: Көл.
Тәрбиеші: Көлде не жүзіп жүр?
-Аққу.
-Қәне , осы аққуларды санайықшы.
Балалар : 1,2,3,4,5 – деп санайды.
Тәрбиеші бұдан кейін бұрын өткен сөйлеуді дамыту ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінде санамақты қайталауды талап еткенде, балалардың көпшілігі дауыстап:
Бір дегені – бесік,
Шықтық содан өсіп
Екі дегенім – елім
Далам тауы , көлім.
Үш дегенім – үміт,
Үміт артар жігіт.
Төрт дегенім – төзім
Төзе білем өзім.
Бес дегенім – бақыт
Бағалайтын уақыт.
Тәрбиеші: Міне балалар, әжеміздің ауылына да келіп қалыппыз.
-Әже сәлеметсіз бе?
Әже: Сәлеметсіңдер ме, кішкентай бүлдіршіндерім ? Үйге кіріп дәм татыңдар, қонақ болыңдар.
Тәрбиеші: Әже , біз сізге құрықол келмей, өзіміздің ән – шашуымызды ала келдік.
Әже: Қарақтарым , өркендерің өссін.
Балалар «Қошақан» әнін орындайды.
Тәрбиеші: Әже , бүгін жұма күні екен. Балалар, сізден неліктен жұма күні жеті шелпек пісіретіні жайлы сұрап білгісі келеді.
Мына отырған кішкентай бүлдіршіндерге осының мәнісін түсіндіріп жібермейсіз бе?
Әже: Әрине , қарағым «өлі риза болмай, тірі байымайды» деген аталы сөз бар халқымызда. Ежелден халықта өмірден өтіп кеткен ата – бабасының аруағы жер басып жүрген ұрпағын қауіп – қатерден желеп – жебеп сақтайды деген түсінік қалыптасқан. Отбасы, бала –шаға аман болсын деген ниетпен сол ата –баба аруағына бағыштап жеті шелпек пісіріп тартады , оны құдайы күлше деп атайды. Балалар жеті шелпектен екі қолымен үзіп ,ауыз тиерде «қабыл болсын» деп жеулері керек.
Тәрбиеші: Әже , сізге үлкен рахмет, бізге көп мағұлмат бердіңіз.
Балалар, нан туралы әжемізге тақпақ айтып берейікші.
Балалар:
-Нан!
Нанда еңбек, нанда ән.
Нанда жұмыс,
Нанда сән,
Нанда үлкен ол –нан!
Әже: Иә, балалар, дұрыс айтасыңдар, нанды қадірлеу керек.
Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
Тәрбиеші: Балалар , білеміз біз еңбек туралы мақал – мәтел білеміз бе?
Балалар:
Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
Еңбек ерлікке жеткізер.
Ерлік елдікке жеткізер.
Әже тәрбиеші мен балаларды дастархан басына шақырады. Бір бала құмған мен леген әкеліп ,әже мен балалардың қолдарына су құяды.
Әже: Өркенің өссін, үлкен жігіт бол!
Әже шелпек тартады.
Балалар «біссімілә , қабыл болсын» деп шелпекті екі қолдарымен үзіп жейді.
Тәрбиеші: Балалар , шелпектің түсі қандай?
Балалар: Сары
-Дқрыс айтасыңдар, балалар
Қандай геометриялық пішінге ұқсайды?
-Дөңгелек.
-Шелпек неден пісірледі?
-Ұннан.
-Ұнның түсі қандай ? Ұнды қайдан аламыз?
-Бидайды қайдан аламыз?
-Жерге тұқым сеуіп, күзде жемісін жинап аламыз.
-Ал, балалар , біз бүгін имандылық сабағынада «жеті шелпек» деген ұғымның мәнін түсіндік . Демек , имандылыққа , дегеніміз жаманнан жақсылыққа, әдепсіздіктен – әдептілікке үйрену керек.
Әже , біз дастархан басынан тұрып, балабақшамызға қайтайық.
Бізге бата беріңіз.
Әже:
Дастарханың тоқ болсын,
Уайым – қайғыларың жоқ болсын!
Бақ – дәулет берсін жастарыңа!
Пәле – жала, жын –шайтан
Жоламасын қастарыңа !
Әумин!
Бәрі әжемен қоштасып, рахмет айтып жолға шығады.