Home » Оқу-әдістемелік материалдар » Тұлғаның адамгершілік рухани дамуы мен тәрбиелеу

Тұлғаның адамгершілік рухани дамуы мен тәрбиелеу

Шығыста:»Үш іс тындырған адам яғни бала өсірген кісі, дарақ-тал өсірген кісі және кітап жазған кісі өлмейді»,-деген даналық бар. «Бала-артта қалған із, бақыт-ұзатылған қыз». Ұл-қызың мұрагерің, ертеңгі із басарың, өшпес ескерткішің, жалғанда жасар жалғасың,-дейді халық. Бақыт бірде бар,бірде жоқ, баянсыз болса, бала-баяндылық, өмір гүлі, тірлік тірегі! Мен үстіміздегі жылдың, ақпан айында Шымкент қаласындағы мұғалімдердің, біліктілігің жетілдіру институты Өрлеуде өзің өзі тану пәні бойынша үш айлық деңгейлік курстан өттім. Осыған орай, адамзаттың рухани дамуы мен бес құндылықтары бойынша орыс тілінде меңгеріп сертификат алып келдім.

Қазіргі таңда «Өзін-өзі тану» пәніндегі көптеген сабақ беру әдіс тәсілдері жақсы, қызықты маңызды бағытқа қарай өзгерді. Ондағы адам өміріне маңызды құндылықтар атап өтетін болсам сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ақиқат, қиянат жасамау, ішкі тыныштық. Осы аталған құндылықтарды басшылыққа ала отырып баладағы рухани адамгершілікті дамытамыз.

Әрбір құндылық өзінше адам өмірінде маңыздылығы бар. Мысалға әр пәнге бір құндылық алынады. Ол құндылық сабақ барысында толығымен ашылып сол тақырыпқа сай ашылып отыруы тиіс.

Ата-аналар мен оқушылар осы пән не үшін керек? Оданда негізгі пәндерге көңіл бөлейік деген сөздерді де жие естіп жатамыз. Егер адамда тәрбие адами рухани құндылық ақсап тұрса, ол негізгі пәнді қалай тыңдамақ? Тәрбиесіз берілген білім білім емес, ол екеуі егіз, бір бірінсіз болмайды. Қай пәнде сенің анаң туралы немесе тәрбиен туралы сонымен қатар дос, туған жер, дұрыс әрекет жасау, қиянат жасамау туралы қазіргі таңда барлық ақпаратқа толып тұрған әр пән сол құндылықтарды ашуы мұршасы жетедіме екен?

Осы сұрақтардан кейін осы пәннің қаншалықты керек екенін түсіндіріп өткім келеді.

Бірінші сабаққа кірісімен мұғаліммен амандасудың өзі ерекшелене түседі, себебі мұғалімді көрген оқушы барлығы оң қолдарымен жүректерін ұстап амандасады, ол шын жүрегіммен дегендей ұғымды білдіреді.

Келесі тыныштық сәті, алдыңғы сабақта бала қандай эмоциямен келді, біреуі өте көңілді, біреу көңілі толмай жылағысы келіп тұратын оқушылар болады, сол оқушылардың барлығының эмоциялық жай күйлерін теңестіру мақсатында тыныштық сәті жүргізіледі, оқушылар қолдарын алдарына қойып жанға жайлы әуенмен мұғалімнің жағымды ақырын үнімен оқушыларды оймен табиғат аясына оның ішінде, «Нұрға бөлену, «Теңіз түбіне саяхат», «Ну орманға саяхат» деп тыныштық сәтінен басталған  сабақ, жағымды эмоцияға толы отырады.

Үйге тапсырмалар берілсе үй тапсырмалары дайындаған оқушыдан сұралады, ол оқушының қаншалықты ойымен бөліскісі келетініне байланысты. Келесі «Мұғалім сый» деген  сөзді естіген оқушы, мұғалімге назар аударым, кәдімгі сый күтіп отырады.  Ол «Мұғалімнің сыйы» оқушыларға алдын ала дайындалған оқулықта жоқ әңгіме. Оқушылар мұқият тыңдап кейін осы мәтін бойынша сұрақтар қойылады.

Дәйек сөз ұлы ғалымдардың немесе даналардың сөзі. Осы бөлімде оқушы ойында қалуы үшін әртүрлі тақырыпқа сай сөздерді қайталап, оқушы жадында қалдыруға тырысамыз.

Сол тақырыпта оқушылардың бірігуіне бағытталған шығармашылық жұмыс жүргізіледі, ондағы мақсат оқушылардың бір бірімен сөйлесіп топтық жұмыста өзін көрсетуіне жағдай жасау.

Тақырыпты әсерлі өткізу үшін тақырыпқа сай ән таңдалып, орындайтын әншімен қосылып ән орындайды. Оқушылардың ең жақсы көретін бөлімі. Кейін соңғы оқушылар алған әсерлерімен өз ойымен ойлап, іштей талдау жасайды. Ол тыныштық сәті деп аталады, үзіліс соғылғанға дейінгі уақытта ойларын жинақтап тынышталады.

Осындай «Өзін-өзі тану» пәнінің ерекшелігі адам тәрбиесіне өте қажет құндылықтарымен балаңызды аптасына бір рет болады.

            Жас ұрпақтың азамат болып қалыптасуы ,оның шығармашылықпен дамуының түп тамыры тәрбиеден бастау алып, ол Қазақстанның ертеңі мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, қоғамның құндылық бағдарлары жайлы сөз қозғағанда тәрбие мәселелері назар аударуды қажет етеді.

            Мемлекеттің білімді, адамгершілікті, тапқыр, кез-келген жағдайда дербес шешім жасай алатын, ынтымақтасуға және өзара іс-қимылға қабілетті, ел тағдыры үшін жауапкершілік сезіміне ие адам тәрбиелеу мәселесі жөніндегі әлеуметтік сұранысына жыл сайынғы Республика Президентінің Қазақстан халқына Жолдауынан да көруімізге болады.

         Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады, яғни тәрбиенің түпкі мақсаты- қоғамның нарықтық қарым- қатынасқа көшу кезінде саяси- экономикалық және рухани дағдарыстарында жеңіп шыға алатын, ізгілігімен  XXI ғасырды дамытушы, іскер, өмірге икемделген жан-жақты мәдениетті дара тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру» деп айтқан болатын.

Бүгінгі ұрпақтың жеке тұлғасын қалыптастыруда халқымыздың ғасырлар бойы қастер тұтып келген ар-намыс, ождан, атамекен, ана тіліне сүйіспеншілік, әдеп-иба, қайырымдылық, жауапкершілік, үлкенді сыйлау мен құрметтеу қасиетін дарыту-олардың өз еліне өгей тартып кетпеуінің басты шарты.

Адамдар тұлға болып, өзіндік жеке бас ерекшеліктерімен бірден дүниеге келмейді, әрбір жеке тұлғаны қалыптастыру, тәрбиелеп жетілдіру осы заман ағымына лайықты азамат, білімді, ойлы, өмірге құштар болып өсуіне үлесімізді қосуымыз керек.

            Қай  заманда болмасын, жас ұрпақтың өнеге тұтар өзіндік ұлттық тәлім-тәрбиесі, үлгі алатыны тарихи  жеке тұлғалар екені белгілі. Әл-Фараби, Ж.Баласағұн,  М.Қашқари секілді ғұламалар еңбектерінің кемеңгерлік сөздерінің оқушылардың  тұлғасын қалыптастыруда мәні ерекше.

      Ұлттық тәлім-тәрбиеге көп көңіл бөлген педагог  М.Жұмабаевтың артына қалдырған тәлім-тәрбиелік мұраларының негізгі тақырыптарның бірі де – бала тәрбиесі мен тұлға мәселесі.Осыған орай, педагог “түзу адам”, “жетілген адам” туралы айта келіп, бұл оның пішін-келбетінен, жүріс-тұрысынан, нақты ісінен байқалады , бұл айтылғандар тұлғаның қандай мінезді екенін білуге мүмкіндік береді. Адам тұлға, кісі  болуы үшін өзін сүю, жақындарын сүюмен шектелмей, жалпы адамзатты сүюі шарт. Таза жүректі, халқын сүйген, ел мұқтажын ойлайтын, әділет пен адалдықты жақтаған адам ғана тұлға бола алады. Тұлға-сан қырлы, мазмұны да,табиғаты да күрделі, құпиясы мол әлеуметтік ұғым. Адам өсу дамып жетілу үдерісінде біртіндеп тұлға, кісі деген атқа ие болады деп тұжырымдаған.

Қазіргі таңда қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуы бар әлеуметтік сұраныс негізі жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруды  қажет етеді. Оның бүгінгі жаңа қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан ертеңгі қоғам иегері боларлық парасатты азамат тәрбиелеп өсіру- педагогтардың, Үкіметтің және барша халықтың міндеті.

Бала бойындағы қабілет нышандарын дамытып, оны қоғамның белсенді мүшесі етіп дайындауда, білім беру мен тәрбиелеуде жеке тұлғаны дамыту қатар жүргізілгенде ғана өз дәрежесінде жүзеге асады. Осыған байланысты білімінің мазмұнын, оқыту әдістері мен тәрбиені ұйымдастыру нысандарын жетілдіруді нақтылай түсу қажеттілігі туындайды деп ойлаймын.

Кубекова Б.Ж.,
ОҚО, Созақ ауданы, Таукент елді мекені,
І.Кеңесбаев жалпы орта мектебі,
Өзін өзі тану пәнінің мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.