Home » Балабақша » « Қыс  қызығы»  сайысы   

« Қыс  қызығы»  сайысы   

Октябрь  ауылдық  округі   әкімдігіне  қарасты  «Ақбұлақ»  балабақшасы коммуналдық  мемлекеттік  қазыналық  кәсіпорнында  «Қыс  қызығы»  мерекесі   балабақша  ұжымы  мен  ата-аналардың  және  бүлдіршіндердің  қатысуымен  сайыс  түрінде  өткізілді.  Жәрмеңке  ұйымдастырылып,  онда  ата-  аналармен  балабақша  ұжым мүшелерінің  қолынан  жасалған,  пісірілген   түрлі  тәттілер болды.  Әр  топ  мүшелері  бөлек- бөлек  дайындап  әкелді.
Бұл  сайысқа   Аудандық  білім   бөлімінің  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқыту  бөлімінің  жетекші маманы   Алия  Құдайбергенова   қатысып,  балабақша  бүлдіршіндері  мен  сайысқа  қатысушы  ата-  аналарға  сәттілік   тіледі.

Сайыс  үш  шарттан  тұрды:
1.«Зырлайды шанамыз
2.«Мерген»
3.«Бұл не?
Аудандық  білім   бөлімінің  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқыту  бөлімінің  жетекші  маманы  Алия  Әлімқызы және  Шижаға  ауылдық  мәдениет  үйінің  директоры  Зейнегүл  Махажанова  мен  балабақша  медбикесі  Мария  Сүйпбергеновалар  сайысқа  қазылық  жасады.  Балабақшаның   музыка  жетекшісі  Жолдасова  Гүлия ұйымдастырған сайыс  қортындысында «Балдырған»  ортаңғы  тобы  жүлделі  І  орынды,  «Жұлдыз»  ІІ кіші  тобы  ІІ  орынды,  ІІІ орынды  «Қарлығаш»  ортаңғы  тобы     және  ІІ  кіші  «Қайсар»  тобы  ынталандыру  жүлдесімен  марапатталды.
Аудандық  білім   бөлімінің  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқыту  бөлімінің  жетекші  маманы   Алия  Құдайбергенова   балабақша   ұжымына    және  балабақша  меңгерушісі  Мейрамкул  Махатоваға  ата- анамен  байланыс  жасап,  мынандай   түрлі   сайыстар  өткізу  — балабақша  жұмысының  негізгі  көрінісі  екендігін  айта  келе,  балабақшаға  алдағы  уақытта да  биіктерден  көріне  берулеріне  тілектестігін  білдіріп,  шығармашылық  табыс  тіледі. Сайысқа  қатысқан  ата-  аналар  көтеріңкі  көңіл  -күймен  өз ризашылықтарын  білдіріп   тарқасты.

Лесбаева  Алмагул,
Балабақша  әдіскері

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.