Home » Білім және заң » ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖЕТЕЛЕЙТІН ЖОЛ

ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖЕТЕЛЕЙТІН ЖОЛ

ҚР Президентінің 10 қаңтарда Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдау жарияланды.  Ол Төртінші өнеркәсіптік төңкеріс жағдайында елімізді дамытуға арналған.
Еске алсақ, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылға арналған  халыққа Жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбымен өткен жылдың 31 қаңтарында жарияланды. Өткен жылдың Қазақстан халқына арналған Жолдауы еліміздің экономикасын  жаңғыртуға және өнеркәсіпті цифрландыруға бағытталды.

Қазақстан Президентінің жолдауында атап көрсеткен реформалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Ұлт жоспарын жүзеге асырудағы маңызды жолдар Елбасы Жолдауында да нақтыланған. Мемлекет басшысы өзінің мақаласы арқылы әлемде болып жатқан жағдайларға қарамастан, нақты міндеттер жүктелген жаңа қазақстандық арман мен бағыт-бағдарды анықтап берді.

«Қазақстан әлемдегі түрлі сынақтарға төтеп беріп, қарқынды экономикалық даму жолына бет алды.  Еліміздің 2050-ші жылға дейінгі ұзақ мерзімді Даму стратегиясы жүзеге асырылуда.Жүз нақты қадам Ұлт жоспары аясында біз реформаларды жүргізіп келеміз. Индустрияландыру саласын өркендету үшін жүйелі жұмыстар атқарылуда.Біз конституциялық реформаны жүзеге асырып, еліміздің Үшінші жаңғыруын бастадық.Рухани жаңғыру бағыты бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы қабылданды», — деді сөз басында Елбасы. Қазақстан Президентінің жолдауы цифрлық ғасырда жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
Бұл жолдау Қазақстанның дамуын алға жетелейтін оң қадамдарының бірі. Өзгермелі замандағы сандық ғасырдың сынына төтеп беруге жасалған ұтымды әрекет. Бұл бастамалар Қазақстанды заманауи елге айналдырады. Экономикалық тұрғыда бұл өте маңызды шешім. Жолдаудың мәні ерекше деп айтуға болады. Елбасымыз бүгінгі күннің өзекті мәселелерін қозғап, алғы бағыттарымызды айқындады. Қазақстанның кезекті жаңғыруы — еліміздің кезекті ілгері басуы деп білеміз. Қазіргі таңда еліміз неғұрлым дамыған елдер қатарына қарай батыл ұмтылыс жасауда. Биылғы Жолдау 4-ші өндірістік революция жағдайында елді дамыту мәселесіне бағытталған. «Адамзат өндірістік революция кезеңіне қадам басты. Жаңа технологиялар әлемді күнде  өзгертіп жатыр. Қазақстан осы мүмкіндікті пайдаланып, дамыған 30 елдің қатарына кіру үрдісін тездетуі тиіс», — деді Мемлекет басшысы өз мәлімдемесінде.  Жолдауда Президент жүзеге асыруы тиіс 10 негізгі бағытты айқындаған. Жолдауда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мұғалімдердің жалақысын көтеруді тапсырған еді. «Жаңартылған мазмұн дегеніміз — халықаралық стандарттарға сай келетін және Назарбаев зияткерлік мектептерінде бейімделуден өткен заманауи оқу бағдарламалары. Бұлар біздің балаларымызға қажетті функционалдық сауаттылық пен сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дарытады. «Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс» және де «Халыққа сапалы білім алуы үшін, сапалы медициналық қызмет көрсетулі үшін барлық жағдай жасалуы керек», — деді Президент. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы адамзат жаңа өндірістік төңкеріс дәуіріне аяқ басып келе жатқанына тоқталды. «Заманауи технологиялар әлемді өзгертуде.  Жаһандық технологиялық  өзгерістер өзімен бірге жаңа белестер мен өсімнің жаңа мүмкіндіктерін алып келеді. Бұл біздің әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енудегі тарихи мүмкіндігіміз», — деді Мемлекет басшысы.
Елбасы Жолдауы: «Алдымызда қандай қиындықтар кездессе де, оларды еңсере алатынымызға сенімдімін. Біздің басты күшіміз – бірлікте» деген жолдармен тұжырымдалды. Президенттің Жолдауында көптеген мәселелер қозғалды. Сол бағытта жұмыс істеу, мүмкіндігімізше өз үлесімізді қосу — бәріміздің міндетіміз.

Байтенова Гүлбакира,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша
педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты,
инновациялық технологиялар және ғылыми-жаратылыс (гуманитарлық)
пәндерді оқыту кафедрасының аға оқытушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.