Home » Мақалалар » ЖАҢА БАҒДАРЛАМА – БОЛАШАҚТЫҢ ЖАРҚЫН БЕЙНЕСІ

ЖАҢА БАҒДАРЛАМА – БОЛАШАҚТЫҢ ЖАРҚЫН БЕЙНЕСІ

Арзымбетова Салтанат Жақсылыққызы,
«Өрлеу»БАҰО АҚФ
Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ,
ИТжҒЖ(Г)ПОӘ  кафедрасының
аға оқытушысы

 

 

 

 

 

 

Бүгінде еліміздің білім беру саласында елеулі өзгерістер болып жатыр. Атап айтсақ, білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды. Елбасымыз  Н.Назарбаев: «Біз қазір «білім-ғылым-инновация» атты үштік үстемдік құратын постиндустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз»,-деген болатын. Жаһандық даму үдерісінен қалыспас үшін жаңартылған бағыттағы білім беруді қолға алу арқылы еліміздегі білім беру жүйесінің сапалық деңгейі көтерілетіні түсінікті.

Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілуіне байланысты «Өрлеу» БАҰО АҚФ Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ жоспар бойынша 2017 жылдың 27-ақпаны мен 10-наурызы аралығында «Қазақстан Республикасында көптілді білім беру және білім мазмұнын жаңарту жағдайында қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілі пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту»  тақырыбында қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі пәні мұғалімдеріне арналған біліктілік арттыру курсын өткізді. Курсқа  Алматы қаласы бойынша қазақ тілінде оқытпайтын мектептеріндегі қазақ тілі пәні бойынша тәжірибелі және жас мамандардан тұратын, барлығы 40 мұғалім қатысты.

Көптілді білім беру және білім мазмұнын жаңарту жағдайында оқыту қазақ тілінде емес жалпы білім беретін мектептерде мемлекеттік тілді деңгейлік оқыту әдістемесін жаңа стандартқа сай меңгерте отырып, пән мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамытуды мақсат тұтқан курс жоғары деңгейде өтті. Курс барысында  ИТ және ҒЖ (Г) ПОӘ кафедрасының аға оқытушылары С.Ж.Арзымбетова, Ж.М.Ибраева және ДБО тренері  А.Ы.Есентаевалар дәріс, тәжірибелік сабақ, шағын сабақ, тренингтер жүргізді. Онда Жаңа стандарт талаптарына сай  тілді деңгейлік оқыту жүйесінің басты қағидалары, сабаққа қолжетімді (SMART) мақсат қоя білуді және тілді оқытудың инновациялық әдістемесін негізінде орта, қысқа мерзімді жоспарлаудың жаңа үлгісін, тілді оқыту дағдыларына қатысты деңгейлік тапсырмаларды дайындаудың дағдысын жетілдіру, білім берудің жаңа философиясының тұжырымдамалық идеясы негізінде мұғалімнің функционалдық сауаттылығын жетілдіру, шиыршық тәрізді оқыту мен «CLIL» пәндік-тілдік кіріктіру идеясы мен таныстыру, оқулықтағы лексикалық минимумдардың өмірдегі қолданыс аясын мультимедиалық құралдар арқылы кеңейту және бағалаудың жаңа үлгілері арқылы оқушының пәнге деген ынтасын арттыру дағдыларын қалыптастыру, сабақтың ақпараттық сыйымдылығын жүзеге асыруда және тілдік дағдыларды дамытуда мұғалімдердің АКТ құзыреттіліктерін жетілдіру, сабақтың инклюзивтілігін қамтамасыз ету  тәсілдерін игерту, аксиологиялық бағдарлы білім арқылы тілді үйрету әдіс-тәсілдерін меңгерту негізге алынды.  Мұғалімдер сабақ барысында заманауи сабақ жоспарларын жасап, смарт мақсат қойып, критериалды бағалауды ендіріп, тапсырмаларды орындау барысында әдіс-тәсілдерді жүйелі пайдаланып, дискриптор қолданып өз беттерінше бірін-бірі бағалап шағын сабақтар қорғады.

Курс соңында тыңдаушылар  біліктілікті арттыру бағытында сан-түрлі іс-шаралар ұйымдастырып отырған «Өрлеу» БАҰО» қызметкелеріне рахмет айтып, алғыстарын білдірді. № 112 ЖББ мектептің тәжірибелі мұғалімі Скакова Ғалия Айдарқызы  мен №27 мектеп-гимназияның жас маманы Жақсықұлова Жансая, «Курс барысында заманауи білім беру технологиялары,  критериалды бағалау, жаңартылған білім мазмұнына сәйкес орта, қысқа мерзімді жоспарлау үлгілері: оқыту мақсаттары (мақсатты тұжырымдау, смарт мақсаттар), шиыршық тәрізді оқыту, жаңартылған білім мазмұнында тілдік дағдыларды (айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым түрлері) байланыстыра оқытудың маңызы жайында көптеген мәліметтер алып, қоржынымызды тағы да білім мен тәжірибеге толықтырып алып кетіп барамыз»-деген пікір айтып, ризашылықтарын жеткізді.

Елдің жарқын болашағының өскелең ұрпақ қолында екендігін ескерсек, сол ұрпақ тәрбиесіне ерен еңбек сіңіруші ұстаздарымыздың жаңартылған мазмұндағы білім беру тәсілдерін игеруі аса маңызды. Сондықтан да аталған бағыттағы жұмысты әрі қарай да жалғастыру арқылы ел болашағының жарқын бейнесін қалыптастыратындығымызды естен шығармаған жөн.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.