Home » Мақалалар » Жаңартылған мазмұн – жарқын болашақ кепілі

Жаңартылған мазмұн – жарқын болашақ кепілі

Баланы тілдің әр түріне машықтандырғанда белгілі жүйе қолданылсын. Жазу, оқу тыңдаудан, сөйлеуден соң келеді, соңғылар тәжірибеден соң келеді. Сондықтан әуелі баланың көрген-білгені туралы әңгіме құрып, сонан кейін оқуға, жазуға үйретілсін.                                  

Жүсіпбек Аймауытов

Кез келген мемлекеттің әлеуетін анықтап, әлемдегі орнын айшықтайтын сала – білім беру ісі екені белгілі. Салиқалы, саналы ел тізгінін ұстаған басшылармен қатар, қарапайым халыққа дейін «Білімге салынған инвестиция – ең тиімді инвестиция» екендігін түсінуде. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген мақалдың өзектілігі артып, ҚР барлық жалпы білім беретін мекемелерінде 2016-2017 оқу жылында 1-сыныптар, ал 2017-2018 оқу жылында ҚР жалпы білім беретін мекемелерінің 5-7 сыныптарында Жаңартылған білім беру мазмұны аясында бағдарлама жаңаруда. Оқушылардың функционалдық сауаттығын қалыптастырып, жоғары деңгейге жеткізу – білім беру ісі саласының қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсаттардың бірі болып табылады. Нақтырақ айтқанда, мектепте алған теориялық білімін өмірде қолдануға үйрету.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.