Home » Жаңалықтар » ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЕНГІЗУДЕ ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІКТЕРІН АРТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ ӨТЕ ЗОР

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЕНГІЗУДЕ ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІКТЕРІН АРТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ ӨТЕ ЗОР

«Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс.»

Н.Ә.Назарбаев

Өмірдегі көптеген мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық – мұғалім. Олай дейтініміз, ұстаз – біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, «білсем, үйренсем» деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған мамандық.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ республикамыздың педагог кадрларының біліктілігін жүйелі түрде арттырып келеді. Қазақстан Республикасында білім мазмұнын жаңарту бағдарламасына сәйкес «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының оқытушы-тренерлері облыс педагогтарына үздіксіз білім беріп, білімдегі жаңалықтарды айшықтап беруде бар күш-жігерлерін салуда.

Бұл курстың мақсаты ағылшын тілі пән мұғалімдерін енгізіліп отырған жаңа бағдарламамен таныстырып, жаңа методикалық әдіс-тәсілдерді үйретіп, тәжірибе алмасу, алдағы уақытта білім саласында болып жатқан өзгерістер, яғни үштілділік білім беру бағдарламасымен таныстыру. Курстан алған әсеріміз өте көп. Біз үшін 1 ай көзді ашып-жұмғандай тез өтті. Осы ретте қазақтың «Ақылды көп жасағаннан сұрама, көп білгеннен сұра» деген жақсы бір сөзі ойымызға оралып отыр.  Біздің білімге деген ықыласымызды оятып, дәріс берген тренеріміз Изтлеуова Зульфия Сейльханқызына алғысымыз шексіз. Зульфия Сейльханқызы өте білімді, өз ісінің шебері, еңбекқор,  мәдениетті, сонымен қатар талапшыл ұстаз — маман екендігін көрсете білді. Курс барысында көптеген жаңалықтармен таныстық. Жаңа бағдарламаның өзгешелігі: бағалау жүйесінде, үш тілдік саясат, сабақ жоспарының құрылымы, әр сабақта әртүрлі стратегияларды қолдана отырып, сабақтың сапасын арттыруға болатынын, оқушылардың мүмкіндіктерін шектемеуге, керісінше зерттеп-зерделеуге мүмкіндіктер беру керектігін білдік. Тапсырмаларды оқушылардың өздері орындай алатындай етіп жоспарлауды үйреніп, түсіндік.

Біліктіліктерін арттырған ұстаздардың «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығына алғыстары шексіз… Қазіргі күні «Өрлеу» ұлттық орталығының филиалы өзіне жүктелген міндеттерді табысты орындап келеді дей аламыз.

Курс ағылшын тілі пән мұғалімдеріне не берді? Курстан күтілген нәтиже қандай? Осы сұрақтарға жауап іздесек, ұстаздардың берер жауабы: бул курстан ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері өздеріне қажетті мол рухани байлық алды, теория  түрінде де,тәжірибе түрінде де өздеріне қажетті өте мол қор жинады деп ойлаймыз. Ұстаздардың курстан күткен нәтижелері де осы еді. Мұндай ұстаздардың біліктіліктерін арттыру курстары жиі өткізіліп отырса нұр үстіне нұр болар еді.

«Ат аунаған жерде түгі қалар» демекші, курсты жақсы көрсеткіштермен тәмамдадық. Жаңа оқу жылынан басталатын 12 жылдық білім беру мазмұнында ұстаздарға артылар жүктің ауыр екендігін сезінгендейміз.

Жалпы қорыта айтқанда, аталған бағдарламаға сәйкес алынған тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа енгізсеңіз, баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді, оқушылар оқудың қызықты жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Яғни, оқушы өз ой-пікірін ашық еркін айтады, бір-бірін тыңдауға үйренеді, сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады. Сондықтан басқа пәндер де осындай оқыту формасымен оқытылса, тиімді болатындығын айта кеткен абзал. Осы бағдарламаны меңгергенде ғана жан-жақты дамыған, болашағы айқын, бағдары анық, бәсекеге қабілетті, рухани бай тұлға қалыптастыра алатынымызға сеніміміз мол.

Нурбекова Лазат Ергалиевна

Еңбекші ауылы, Алакөл ауданы,

«Еңбекші орта мектебі мектеп жасына

дейінгі шағын орталығы бар» КММ

 Изтелеуова Салтанат Болатхановна

Ақтүбек ауылы, Алакөл ауданы,

«Ақтүбек орта мектебі мектеп жасына

дейінгі шағын орталығы бар» КММ

Калиева Гульнур Куситхановна

Алакөл ауданы, Достық бекеті,

«Достық №11 орта мектебі мектеп жасына

дейінгі шағын орталығы бар» КММ

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.