Home » Жаңалықтар » Жарқын болашаққа – бастар жаңашыл бастама

Жарқын болашаққа – бастар жаңашыл бастама

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» ұйымдастырумен 2017 жылдың 24 сәуірі мен 19 мамыры аралығында ағылшын тілі пәнінен жаңартылған бағдарлама бойынша біліктілікті арттыру курсынан өттік.

Сабақта критериалды бағалаудың түрлері мен педагогикалық тәсілдерді тиімді қолдануда оқушының ішкі уәжін арттыруға, белсенді оқу іс-әрекеттері, оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мен саралаудың тиімді жолдарын аша білдік. Сонымен қатар, ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ қалай жоспарлау қажет екендігі осы курстың барысында үйренуге мол мүмкіндік алдық.

Тобымыздың тренері Изтлеуова Зульфия Сейлханқызы өзінің жан-жақтылығымен, ұйымдастырушылығымен ерекшеленіп, әр тыңдаушының жүрегінен орын табуда. Әдіс-тәсілдерді түрлендіру арқылы ағылшын тілі тыңдалымын жандандыра түсті. Жаңашыл ұстаздың бойына тән жақсы қасиеттерін, еңбегін аяған жоқ. Барлық курс тыңдаушылары атынан біздің курс жетекшілеріне алғысымызды білдіре отырып, мына өлең шумағымен аяқтағым келеді.

Ұзтаздар асыл жандар жарқырыған,

Білімнің  бұлақ көзі сарқыраған.

Шыңдалып жаңа бастама қанат қақтың,

Шарықта, өрле тағы, ақ жол саған.

Багиева Жанар Манаповна

Алакөл ауданы, №14 Бескөл орта мектебінің

ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.