Home » Жаңалықтар » Жаңартылған білім мазмұнымен жас мамандарды дайындау

Жаңартылған білім мазмұнымен жас мамандарды дайындау

2017 жылдың 17 мамырында Мағжан Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледж базасында 0105000 «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша жаңартылған білім мазмұнындағы жұмыстарға студенттерді дайындау туралы шеберлік сынып топтамалары салтанатты түрде аяқталды.

СҚО Білім басқармасының кеңейтілген отырысында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін жаңартылған білім мазмұны жағдайындағы жұмыстарға дайындықты жетілдіру мақсатында осы топтамалар өткізілді.

Білім беру жүйесіне енгізілген негізгі: халықаралық білім беру үрдістері, критерийлік бағалау үлгісі, тиімді оқыту мен оқу, шеберлік сыныптарының мазмұнында есепке алынды.

СҚО бойынша ПК БАИ «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының тренерлері — А.Ш. Ильясова, Қ.Қ. Жамантаева, Д.О. Даулетова, А.М. Ибраева «Математика» пәні сабағындағы мәселелерді шешу, логикалық ойлау дағдыларын және тиімді оқыту ортасын қалыптастырудың ерекшеліктерін, болашақ мұғалімдерге тиімді оқыту мен оқуға арналған топтық жұмыстарды ұйымдастырудың әдістеме тәсілдерін, сондай-ақ тиімді оқыту мен оқудың бірнеше әдістерін көрсетіп, коммуникативтік оқыту қарым-қатынасының негізгі әдістері бойынша ауызекі сөйлеу қызметін дамытудың әдістерін ашып, 10-нан астам шеберлік сыныптарын өткізді.

Барлық шеберлік сыныптарына 81 болашақ бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Оларға мазмұны мен сапасы жоғары оқу материалдары мен қызықты ақпараттар берілді.

Мағжан Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледж директоры Е.Б.Жандильдин өткен шеберлік сыныптарының қорытындысы бойынша СҚО бойынша ПК БАИ «Өрлеу» БАҰО» АҚ  филиалының басшылығына және барлық ұстаздарды жаңартылған білім мазмұнына студенттерді дайындауға белсенділік танытқаны үшін ризашылығын білдірді.

Л.С. Альмагамбетова

«Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш оқыту»

 кафедрасының меңгерушісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.