Home » Поэзия » Ана тілі

Ана тілі

Ана тілім –қазақ тілі бүгінде

Ол тұрғанда, басқа тілге жүгінбе.

Басқа тілді анық, жақсы үйренсең,

Мақтанып босқа, асыр салып, жүгірме

Қазақ тілі-тілге өте шешен тіл,

Дау-дамайды бірден келіп шешер тіл.

Болашақта осы қалпын сақтаса,

Биік,асу,белестерге жетер тіл.

Шет елдерде тұтып жатқан қандастар

Қазақ тілін сол жақтада жалғастырар.

Ал қазіргі бетке ұстар жастармыз,

Ана тілін орыс тілмен алмастырар.

Жоғарыда тілді сақтап қалуға,

Сақтап жүріп бір пайдасын алуға.

Қазақ тілін білмегендер талпынар,

Ана тілін тез үйреніп қалуға.

Сондықтанда тілді ұмытып қалмайық.

Өзге тілді де артық болмас,

Оны  жаттап ұғуға.

Ана тілің- ар ұятың, намысың

Оны мәңгі есте сақта халайық!

Дакей Аймерей

 Ақсу қаласы, Ю.Гагарин атындағы орта мектептің тарих

және география пәнінің мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.