Home » Білім және тұлға » Жаңалыққа бастар ізгі жол

Жаңалыққа бастар ізгі жол

23-img-20160913-wa0004-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%8fЖалмуханова Балауса  Хоныспаевна
«Өрлеу» БАҰО»АҚ филиалы Атырау облысы
бойынша педагогикалық қызметкерлердің
біліктілігін арттыру институтының
«Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру»
кафедрасының аға оқытушысы

 Қазіргі кезеңде еліміз тәуелсіздігін алғаннан бері білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа Жолдауында «Жаңа формация мұғалімі – бұл рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылған шығармашыл тұлға. Ол жоғарғы білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып дамуы үшін жауапты» деп, педагогтардың жауапкершілігін арттырды және оқушыларды қазіргі заманға сай жаңа технологиямен оқыту маңызды екенін атап көрсетті.

Қазіргі білім беру саласындағы проблема — әлеуметтік     педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан, білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру, оларды жүзеге асыра алатын мұғалімдерді даярлау. Мұғалімдерді даярлау қай уақытта да ең өзекті мәселелер қатарына кіретіні белгілі жәйт.Олай болатыны,қоғамның әлеуметтік–экономикалық  міндеттері заманына сай өзгерістерге ұшырап, өскелең ұрпақты соған лайықтап өмірге бейімдеудің жаңа талаптары туындап отырады.  Бұл жерде ұстанымдар кәсіби педагог кадрларын даярлау жүйесіндегі көзқарастардан айкыңдалары даусыз.

Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім берудің мазмұны жаңарып, педагогикалық технологияларды ендіруді міндеттейді. Білімнің мазмұны жаңа дүниелермен, ақпаратты жеңіл қабылдау

қабілеттерінің дамуымен, нарық кезінде оқыту бағдарламаларының

нақтылығына түсуімен, ғылымдағы жаңа өзгеше шығармашылықтармен толыға түсуде. Заман көшіне ілесе отырып, жаңашыл бағытта жұмыс жүргізу – барша ұстаз алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі.

Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында оқушыларға

тек білімді тарату емес, сонымен бірге білім алушыларды білімді өздігінен алу тәсілдеріне үйрету екені көрсетіледі. Бұл міндетті табысты жүзеге асыру үшін білім алушыларды оқу уақытын тиімді пайдалануға, жеке пәндерге оқытуда танымның ғылыми әдістерінің негіздерің меңгертумен бірге оқу үрдісіне енетін іс-әрекеттің барлық түрін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін білім, оқу іскерліктері және дағдылары мен қатар іс-әрекет тәсілдерімен де қамтамасыз ету қажет.[

Биылғы жаңа оқу жылының қыркүйек айынан бастап жалпы білім беретін мектептерде барлық 1 сынып оқушылары «Жаңартылған білім беру бағдарламасы»  бойынша  білім алмақ. Осыған байланысты 2016 жылдың ақпан айынан «ӨРЛЕУ» Біліктілікті арттыру институтында жалпы білім беретін мектептерде «Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілінде оқытатын мектептердің бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілік арттыру» курсы басталып та кетті.

Бұл біліктілікті арттыру курсының мақсаты оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу арқылы Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесіне арналған орта білім мазмұнын жаңарту бағдарла­масымен таныстыру және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.

Курс барысында  мұғалімдер оқушының бойына кең ауқымды дағдыларды білім беру кезінде қалай қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін меңгерумен  қатар, «Бірлескен оқу, Белсенді оқу» түрлерінің қалай жүзеге асатындығын , бағдарламның маңыздылығы мен тиімді жолдарын , ықшам сабақ беру кезінде әр пәннің ерекшелігін түсініп,нақты мақсатқа сай тапсырма дайындауды үйрене отырып, оқушының шығармашылықпен жұмыс жасауына, іздене білуіне,зерттеу нәтижесіне өзіндік тұжырым жасап, қортынды шығаруына мүмкідік  туғызатынына көз жеткізді.

Келесі оқу жылында білім берудегі тың өзгерістер мен жаңашылдықтың жаршысы болатын 1-сынып ұстаздары бағдарлама мазмұны мен жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдерінің қыр-сырын тәжірибелілік тұрғыда меңгерді. Сонымен қатар орта білімді жаңарту мазмұнына сәйкес , оқушылардың бойына дарытатын коммуникативтік дағдылардың ерекшеліктерімен толық танысып,кең ауқымды дағдылардың негіздерін меңгерген оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптасып дамуына қолайлы білім ортасын қалай құруға болатындығы туралы пікірлерімен ой бөлісе отырып, оның мақсаттарын айқындады.

Әрбір білікті маман- білімді ұрпақтың негізі. Ұстаздар кәсіби біліктіліктерін шыңдай отырып, жаңалыққа, проблеманы қоя білуге және оны шешу жолдарын айқындауда теориялық білімді тәжірибемен байланыстыруда ізденімпаздыққа қол жеткізді.Бастауыш сынып мұғалімдері үшін ұйымдастырылып отырған бұл курс мұғалімдердің кәсіби сауаттылығын жетілдіруге, төменгі сынып оқушыларына лайықты мазмұн мен оқытудың әдісін саралайтын, оқыту үдерісіне жаңа технологияларды ендіру арқылы  оқыту сапасын арттыруға мүмкіндік жасайтын бастаманың ұйтқысы бола білді деп сенемін.

Қорыта келгенде,қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» деген сөздің мағынасын зерделейтін болсақ, жас ұрпаққа сапалы, нәтиже берерлік, өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің  басты талабы екені анық. Қазіргі таңда дамыған алдыңғы қатарлы елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені, қазір елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен, білімділігімен анықталады. Сондықтан да білім беру жүйесі, білім беру ошағының негізі болып саналатын мектептердегі оқыту үрдісі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Мектеп-еліміздің халыққа білім беру жүйесінің күрделі тармағы. Еліміздің жарқын болашағы мен мектептің болашағы–ұстаздардың ізденісінде, балаларға деген сүйіспеншілігінде,кәсіптік деңгейіне байланысты екендігінде.Осы орайда негізгі басымдылық ұстаздың кәсіби шеберлігін дамытуға қойылып отырғаны белгілі.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.