Home » Жаңалықтар » Жас Ұландықтар сайысы

Жас Ұландықтар сайысы

Жезқазған қаласындағы №13 орта жалпы білім беру мектебінде көктемгі каникулда мектеп тәлімгері А.Мустан жасұландықтармен        « Kahoot» бағдарламасында  «Мені қоршаған орта» атты викториналық ойын өткізді.  Мақсаты: — Оқушылардың білім деңгейін тексеру, ойынға қабілетін қалыптастыру, ойларын бір жүйеге келтіру, білім деңгейлерін көтеру.

Сайысқа қатысушыларды директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлмира Темірханқызы  құттықтады. Ол  кісі осындай іс-шаралардың көптеп өткізіліп жатқанына ризашылығын білдіріп, сәттілік тіледі.

 Сайысқа №13 орта мектебінің  5-6 сыныптарының оқушылары қатысып, бақтарын сынады. Сайыс соңында  қорытындысы шығарылып 5 «ж» сынып оқушысы Сламбек Наргиз  ІІІ орынға, 5 «е» сынып оқушысы Бекарыс Серғазыұлы  ІІ орынға, 5 «ж» сынып оқушысы Өмірзақова Назым І орынға ие болды. Өнегесі мол іс-шара қатысушылар мен көрермендеріне көтеріңкі көңіл-күй, шығармашылық серпін сыйлады.

Сайыстың өтуіне ұйытқы болған әрі идея берген мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сымбат Алтынбаевнаға қатысушылар атынан зор алғысымызды білдіреміз!

 

 

 

 

Бейбарс АЗАМАТҰЛЫ,
ЖЕЗҚАЗҒАН қаласы
5 «Ж» сынып оқушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.