Home » Балабақша » Наурыз жыл басы

Наурыз жыл басы

Ақырын музыка ойнап тұрады. Балалар кіреді.
Жүргізуші:
Жер әлемді жайнатып,
Әнші құстар сайратып,

Наурыз тойын тойлатып,

Ұлыстың ұлы күні келді ағайын.

Той құтты болсын!

Ақ мол болсын!

Армысыздар  құрметті  қонақтар.

(Сахнаға Әже бесікпен шығады.)

Армысыңдар балалар

Армысыңдар халайық

Наурыз мейрамы құтты болсын

Жүргізуші: Армысыз Әже төрлетіңіз.Ұлттық көрініс: Бесікке салу рәсімін көрсетейікші.Сіз бос қол келмепсіз ғой. Бізде наурыз мерекесі біздің құрметті қонағымыз болыңыз. Наурыз мерекесі балалар қай мезгілде және қалай тойлаймыз?Қандай ұлттық тағамдарды білесіңдер?Наурыз көжеге неше түрлі тағамнан дайындайды?Жақсы онда біз мерекемізді жақсы әннен бастасақ.

Ән: «Дастархан»

Жүргізуші:Балалардың Наурыз мерекесіне арналған Шашуларын қабыл алыңыздар.

Тақпақтар:

Назерке

Наурызбен құттықтап

Алыс жақын қауышты

Көктемдегі жарқын сәт

Көңілдерге ауысты

Айдын

Наурыз тойым наурыз тойым

Құтты болсын халайық

Қане достар қане достар

Шырқап әнге салайық

Асылхан

Көктем келді балақай

Жасады жер алақай

Наурыз тойын тойлайық

Әсем әнге салайық

Н.Нұрдаулет

Наурыз тойы тамаша

Нарыз тойы жаңаша

Табиғатта тамаша

Тамылжып тұр жараса

Арман

Наурыз келді сан құрып

Жасарып жаңғырып

Құлпырды жер мен көк

Мейірім таң күліп

Жүргізуші: Би «Қыздар»

Жүргізуші:Енді біздің ұлттық ойынымыз «Теңге алу» Шарты

Еркөкше

Наурыз тойы салтанат

Наурыз тойы мархабат

Әр жүректен ән тарап

Шаттанады шартарап

Жанайым

Наурызды халқымыз

Жыл басы санайды

Көнермей салтымыз

Көп елге тарайды

Әділбек

Наурыз наурыз ұлы той

Жыл жаңару салтығой

Ұлы қазақ мәз мейрам

Құшақ жая қауышқан

Әз наурызым армысың

Жаңа жылдық жаршысы

Айзере

Наурыз келді далама

Шат шадыман жайқала

Құстар сайрап бақшада

Ақ мол болсын береке

Қазақ төрі мереке

Нұрасыл

Наурыз келді еліме

Наурыз келді жеріме

Байлық бақыт тілеймін

Бүкіл қазақ еліне

Жүргізуші: Би «Ұлдар биі»

Жүргізуші: Балалар бізді Наурыз мерекесімен құттықтап қыдыр ата келіп қалды.Ендеше Қыдыр атамызды қарсы алайық

Бата:

Уа құдайым оңдасын

Еш жамандық болмасын

Ұлыс оң болсын

Ақ мол болсын

Қыдыр баба қолдасын

Аман сақтап мал басын

Еккен егін солмасын

Жүргізуші:

Наурыз құтты болсын

Дендеріміз сау болсын

Наурыз тойы келе берсін

Барлық халық бақытты болсын

Қош сау болыңыздар халайық

Абдуова Гульден Муратовна,
Нұр-Сұлтан қаласы
МКҚК №10 «Бөбек» балабақшасының тәрбиешісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.