Home » Жаңалықтар » «Жасөспірім және Заң — сапалы ұрпақ, саналы қоғам»

«Жасөспірім және Заң — сапалы ұрпақ, саналы қоғам»

Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы және бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында «Абылайхан» атындағы колледжінің тәрбие бөлімінде профилактикалық рухани-танымдық апталығы өткізілді.
Апталық аясында оқу орнымыздағы жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында колледжімізде жұмыс жасап жатқан үйірме жұмыстарымен, «Жастар ісі» кеңесі жанынан құрылған үйірмелердің тыныс-тіршілігімен таныстыру жұмыстары жүргізілді.
Аталмыш шараға «Жас Отан» ЖҚ Қызылорда қалалық филиалы төрағасының орынбасары Әсем Қахарманова және де қаламыздағы іргелі оқу орындарындағы «Жас Отан» ЖҚ бөлімшелерінің басшылары (Ақмешіт гуманитарлық техникалық институты, «Ұлағат» көпсалалы колледжі, «Болашақ» Университеті, Қазақ заң және гуманитарлық-техникалық колледжі, Ы.Ықсанов атындағы құрылыс бизнес колледжі) қатысты.
Одан әрі қатысушы қонақтармен «Елбасымыздың «ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ » атты Жолдауын жастар арасында кеңінен насихаттау барысында студенттермен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуде студенттер Елбасы жолдауы туралы өз ойларын ортаға салып, жолдауды іске асыруға бірге атсалысатындықтарын жеткізді.
Студенттер сарайында жатақхана жастарының ұйымдастыруымен «Бір үйдің баласындай» атты шығармашылық концерті апталықты әрі қарай жалғап, «Жастар ісі кеңесінің» ұйымдастыруымен түсірілген «Путь общяге» атты қысқаметражды киносының тұсауы кесілді. Көрермен назарына ұсынылған фильмде колледж студенттері өздерін жаңа қырынан көрсетіп, шығармашылық қабілеттерін шыңдай түсті.
Қаладағы таңдаулы кәсіптік білім беру оқу орындарының бірі «Абылай хан» атындағы колледжінде жастардың рухани байлығын дамытуға арналған танымдық шаралар жиі ұйымдастырылып студенттерге саналы тәрбие мен сапалы білім берудің тың идеялары іске асырылады. Колледж студенттері болашақ Қазақстанның жарқын болашағына айналары сөзсіз.

Сүгірбай Жарылқасын,
«Абылай хан» атындағы колледжі,
«Жастар ісі кеңесінің» төрағасы,
Қызылорда қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.