Жаканова Айнұр Ауесбековна,
Жамбыл облысы, Қордай ауданы,
№24 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Балаларға арналған сайттар
(7-сынып)
Бөлім: Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау- мәдениет
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:
О.1 Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтау;
Т.1 Зат есім, сын есім және себеп-салдар үстеулерді ауызша және жазбаша жұмыстарда орынды қолдану
Сабақ мақсатары:
Барлық оқушылар орындай алады:
* мәтін мазмұнындағы негізгі ақпаратты анықтайды, кестеге түсіреді;
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
* мәтіннің мазмұнындағы нақты ақпаратты анықтай отырып, диалогқа түседі;
Кейбір оқушылар орындай алады:
* Зат есім, сын есім және себеп-салдар үстеулерді ауызша және жазбаша жұмыстарда орынды қолданады;
Тілдік мақсаттары:
Оқушылар орындай алады:
Сөздер мен сөз тіркестерін меңгереді;
Оқыту әдістері:
Әңгімелеу, сипаттау, түсіндіру, сұрақ-жауап, «кім жылдам», «фишбоун», «телефон тұтқасы», «үштік», «екі дұрыс, бір бұрыс» «кері байланыс» әдістері
Сабақтың барысы:
Сабақтың жоспарланған жаттығулар түрлері:
Психологиялық ахуал.
«Сиқырлы сандық» әдісіндегі сөз таптары арқылы топқа бөлу.
Алдыңғы сабақ.
Сұрақ –жауап «кім жылдам» әдісі
1. Балалар, сендер балаларға қатысты қандай бағдарламаны білесіңдер?
2. Қандай балаларға арналған сайттар сендерді қызықтырады?
3. Балаларға арналаған сайттар сендерге не үшін керек?
Сөздікпен жұмыс.
• Білім- образование
• Ақыл-ум
• Сана-сознание
• Бұлт-облако
• Тау-гора
• Теңіз- море
• Саяхат-тур
Жаңа сабақ.
1-тапсырма. Жазылым. Айтылым. Топтық жұмыс.
Зат есімдерді сын есімдерге айналдырып жаз. Сол сөздерді себеп-салдар үстеулермен қосып, сөйлем ішінде қолдан.
«Фишбоун» әдісі
І-топ. «Зат есім» Білім, ақыл
ІІ-топ. «Сын есім» Сана, бұлт
ІІІ-топ. «Себеп-салдар үстеу» Тау, теңіз, саяхат
Дескриптор.
-зат есімдерден сын есімдер жасайды;
-себеп-салдар үстеулермен қоса сөйлем ішінде қолданып, айтады
«бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.
2-тапсырма. Айтылым. Жұптық жұмыс.
«Телефон тұтқасы» әдісі
Ғаламтордағы балаларға арналған сайттар туралы білетініңді айтып, досыңмен диалог құр.
Дескриптор.
-балаларға арналған сайттар туралы білетінін айтады;
— досымен диалог құрады;
«Смайликтер» әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды.
3-тапсырма. Тыңдалым. Оқылым. Топтық жұмыс.
«Үштік» әдісі:
Мәтінді тыңда. Оқы, түсінгеніңді айт.
Дескриптор.
-мәтінді тыңдайды;
-оқиды, түсінгенін айтады;
Бағалау парақшалары әдісі арқылы.
Сергіту сәті.
4-тапсырма. Жазылым. Жеке жұмыс.
«екі дұрыс, бір бұрыс» әдісі
Мәтіндегі ақпараттың дұрыс, бұрыстығын тексер.
Дескриптор.
-мәтіндегі ақпараттың дұрыс, бұрыстығын тексереді;
«Смайликтер» әдісі арқылы бағалайды.
Кері байланыс: «Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі арқылы кері байланыс парағын толтырып жазып, «кір жаю» әдісі арқылы кір жаятын жіпке іліп қояды.
Мен бүгін білдім —————————-
Мен бүгін сезіндім ————————-
Мен келесі сабақта білгім келеді———-
Үйге тапсырма:
25 бет. 4-тапсырма. Оқылым. Жазылым.
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойып, диалогті толықтырып оқыңдар. Өзің қажет деп тапқан сөйлемдерді жаз.