Home » Спорт » Төле би атындағы №8 гимназия жаңалықтары

Төле би атындағы №8 гимназия жаңалықтары

Төле би атындағы №8 гимназия Тараз қаласындағы белсенді мектептердің бірі. Білім алып жатқан балалардың ҰБТ дан жоғары балл көрсеткіштерді көрсетуімен қатар, өнер мен спорттан да жетістіктері ұшан-теңіз. Бұл аптада аталмыш мектепте үлкен ауыс-түйіс орын алды. Яғни бұл гимназияның директоры ретінде сәуірдің 4-де Әзімбай Әлішер Әзімбайұлы тағайындалды.
Ал жаңа директорды Тараз қаласы білім бөлімінің басшысы М.Қ. Жинақбаева  мен әріптестері, мектеп ұжымы құттықтап жүрекжарды тіліектерін жеткізіп жатты. «Жас келсе іске дегендей, еңбегіңізге сәттілік, деніңізге саулық тілейміз!», — деп аталған мекеменің бастауыш сынып мұғалімі Меруерт Қуатбекова басшылыққа ақ тілегін жеткізді.
Сонымен қатар, бұл білім ошағы осы аптада қала аралық спорт жарысы волейболдан Тараз қаласы мектептерінің ішінде ұжымнан құралған ұстаздар командасы 2-ші орынды жеңіп алды.
Өнер додасында халықаралық байқауда гимназияның 3 «г» сынып оқушысы Қабылбек Іңкәр Италия елінің бас қаласы Римде өткен әлемдік музыка байқауында пианино ойнаудан 3-ші орынды иеленді. Музыканы сүйіп тыңдайтын италияндықтар мен түрлі мемлекеттерден  тыңдарман жұртышылық жас дарынға шығармашылық табыс тіледі.
Ал, өткен аптада Қостанайда өткен Республикалық пәнаралық олимпиадасында  жамбылдың дарынды балалары топ жарған еді. Мектептің 11 сынып оқушылары Джаһангер Ақжана орыс тілі пәнінен жүлделі 1-орынды алса, құқық пәнінен Азреткулов Рамазан 3-орынға лайық деп табылды.
P.S. Ал, республикалық ғылыми-танымдық «Білім айнасы» газеті  Тараз қаласының №8 мектеп гимназиясының ұжымы мен шәкірттеріне шығармашылық табыс пен үлкен жетістіктер тілейді!

 Жансая Құрманғалиқызы,
Тараз қаласы,
«Білім айнасы»

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.