Home » Жаңалықтар » Ерлікке тағзым

Ерлікке тағзым

 «№102 ЖББ» КММ-де Кеңес әскерлері шектелген контингентінің Ауған Демакратиялық Республикасынан шығарылғанына
30 жыл толуына орай өткізілген іс-шаралар өтті

Мектебіміздің белсенді оқушылары Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шыққанына 30 жыл толуына орай «Ерлікке тағзым» бұрышы мен «Ерлік ұмытылмайды» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды.

«Мен болашақ отан қорғаушымын!», «Жанымды жаралаған Ауғаныстан», «30 лет выводв советских войск из афганистана», «Афганистан болить в душе моей» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді.

4 ақпан күні № 102 ЖББМ КММ-де Жетісу аудандық Білім бөлімінің жоспарына сай 8-11 сыныптары оқушыларымен Ардагерлердің  қалалық кеңесінің тарихи-мемориалдық комиссиясының төрағасының орынбасары Артемьев Вячеслав Михайлович  «Өшпес ерлікке мәңгі тағзым» тақырыбында ерлік сабағын өткізді.

Жетісу аудандық Білім бөлімінің жоспарына сай  2 ақпан күні өткізілген жас жеткіншектердің бойында ұлттық рухты дамытуға, оқушыларды елжандылық, отансүйгіштік, патриоттық сезімдерін арттыруға бағытталған жыл сайынғы дәстүрлі  әскери-патриоттық әндер байқауына қатысқан №102 ЖББМ 9 «А» сынып оқушысы Ажахмет Ақниет «Жеке орындаушы» номинациясы бойынша жүлделі II-орынға ие болып, 8 ақпан күні болып өткен аудандық әскери-патриоттық әндер байқауында да  жүлделі II-орынды иеленді.

31 қаңтар күні мектебімізде 8-9 сыныптар арасында «Өшпес ерлікке – мәңгі тағзым» тақырыбында эссе байқауы өтті.

Дене шынықтыру мұғалімдері оқушылар арасында «Еліміздің қорғаны – біз болашақ жауынгер» тақырыбында спорттық сайыстар өткізді.

12.02.2019 ж Ауған Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына арналған Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші өтті.

 

ДТІЖО:   Ауэлбекова Г.У.

       

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.