Бұл жылы Созақ ауданы, Созақ ауылындағы Науайы атындағы жалпы орта мектебінде Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» мақаласы бойынша кеңінен насихат жұмыстары жүргізілді. Мектеп мұражайына, ауылымыздағы «Қарабура әулие» кесенесіне саяхаттар ұйымдастырылды. Мектебімізде ашық тәрбие сағаттарда, сынып сағаттарында да елбасымыздың мақаласы кеңінен түсіндіріліп, дөңгелек үстелдерде оқушыларымыз өз ойларын еркін жеткізе алды.
«Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» — бағдарламасы өркениетті еліміздің өскелең жастарын, қоғамымыздың әрбір азаматын жарқын болашаққа бағыттайтын бірден-бір дүние. Бұл жаңғырудың төртінші бағытында «білімнің салтанат құруы; Білімді көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Табысты болудың ең ілгері, басты қағидасы білім екенін әркім түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» — делінген.
Қазақстанның болашағын дамытатын білімді де білгір азаматтарды біз бастауыш сыныптардан бастап ізденімпаздығы арқылы қоғамдық өмірге, табысқа жететіндей жігерлі түлға қалыптсатырудамыз. Оған дәлел, жақында бастауыш сынып оқушылары арасында кіші ғылыми жобалар қорғалды.
3-сыныптар аралсығында өткен ғылыми жобада өздерінің ізденімпаздықтарымен Мырзахан Марина, Юлдаш Молдір, Нуркей Зулфия, Нажмидин Асқарлар қатысты. Онда ерекше дарындылығымен көзге түскені үшін Нажмидин Асқар 1-орынға ие болды. Жақсыбек Дана 2-орынмен марапатталып, мектепішілік мақтау қағаздарына ие болды.
Азимбаева Диларам Розхановна,
Науайы атындағы жалпы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі,
ОҚО, Созақ ауданы, Созақ ауылы