Home » Баяндамалар » Музыканың сырларымен бала санасын ояту

Музыканың сырларымен бала санасын ояту

Музыка…. әрбір адамға өзін өзі терең түсінуіне көмектеседі,
ол адамның
 сезімі мен ойын байытады.
Д.Д. Шостакович

Біраз ғұлама, біраз ақын жырлаған осы бір музыкада қанша сыр жатыр десеңші. Ондағы тылсам күш жүрек түкпіріне терең бойлап, саз сиқырына қалай арбалып қалғаныңды сезбей қаласың. Музыка жан-дүниемізді өзге бір әлемге жетелеп, сезім пернелерін дәл басады. Әсем  әуен ой-қиялымызға қанат бітіріп, көңіл сарайына нұрын төгеді. Музыка өнері – әр ұлттың ертеден келе жатқан мәдени толғамының бір арнаға құйылып, әрбір асқақты күйімен дамып отыратын көптеген ғасырлық үнінің жемісі. Жалпы өмірдің, бүкіл дүниенің қимыл, іс-әрекетін нақты бейнелейтін, диалектикалық құбылыстарды адами сезіммен қабыстырып, өмір қайшылықтарын әсерлі дыбыстардың ұйқаса үндесуінің әуезді жиынтығы. Әлемде тіршілік ететін адамзаттың не адамдар игілігіне қызмет жасайтын бүкіл өмір мен оның құбылыстарының өзара қарым-қатынаста сырласа үндесуін сезімге жеткізіп отыратын құрал. Ол – адам қоғамымен бірге дамып, қоғамдық формацияларды басынан кешіріп келе жатқан тарихи құбылысының бірі, адамзаттың рухани азығы, жан серігі және тілмен жеткізе алмайтын ұшқыр қиялы, нәзік сезімі. Эстетикалық тәрбие беру құралдарының бірі. Өмірдің басқа түрлері сияқты ол да өмірдегі әсемдікті, табиғат сұлулығын бағалауға және адамдар арасындағы жағдайларды түсініп білуге үйретеді.
Осынау құдіретті музыканы еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін тыңдап,бірі санасын оятып жатса, бірі өткен шақты еске алуда. Музыканың көмегімен адам санасын өшіруге де,өсіруге болады. Сол сияқты әр қазақтың баласы бесіктен бастап әже әлдиімен өссе, ұлттық салт санамызды балабақша табалдырығынан аттаған күннен бастап тәй- тәй басқан сәби шағынан бойына сіңіру ұшін атқарылар іс шаралар әр түрлі сауық мерекелер балалардың қатысуымен өткізілуі үлкен қажырлы еңбекті толлассыз ізденімпаздықты талап етеді.Музыка тілі арқылы біз табиғаттың түрлі көрінісін ,жыл мезгілдерін,хайуанаттардың әрекеттерін,адамның қайғы қуаныштарын сезіне аламыз. Нәп нәзік мінезді балалардың ойы да қалауы да ойын ойнау мен ән шырқап би билеу.Ал осы мүмкіндікті дұрыс пайдаланып, жас сәби шағынан баланы әсемдік әлеміне дыбыс арқылы жетелей отырып,сұлулық ,ізгілік,адамгершілік қасиеттеріне тәрбиелеу-біздің міндет.
Музыка  оқу қызметінің балабақшадағы бүлдіршіндер үшін маңызы зор.Әр баланың жас ерекшеліктеріне сай әр оқу қызметінде  қызықты да мазмұнды өткізуге болады. Музыка тыңдау –музыкалық әрекеттің негізін дамытушы,сонымен бірге күрделі түр.Тыңдау үрдісінде балалар музыканы тыңдауға, естіп қабылдауға,өзіндік естіп қабылдауға,өзіндік көңіл күйін,сезімін талдауға үйренеді. Музыканың екпінін ырғағын түсіну арқылы келесі кезең әуенді ырғақты қимыл болып табылады.Ырғақты әуен соның ішінде функционалды ырғақтық музыкамен әр түрлі би қимылдарын жасату балалар үшін ең жақсы кезең. Би қимылдарын орындау барысында бала көңіл-күйі көтеріліп,белсенділіктері артады.Балаларды музыканың сүйемелдеуімен ырғақты би қимылдардан кейін қызықты ойын түрлерімен жалғастырып әкету керек.Бала ойнап жүріп ойланады. Музыкалық ойындарға қатыса отырып,өлең,тақпақ жаттай жүріп,шығармашылық деңгейі артады.Ойынды меңгеру барысында әр бала өзінің жеке қабілеттерін көрсету мүмкіндігіне ие бола болады.Балаларды әр түрлі музыкалық іс шараларға тек жеке өзін қатыстырмай, үлкендермен, ата-аналармен бірге қатыстырудың мәні зор.Меркелік,ертеңгіліктердің,ойын-сауықтардың,сахналық қойылымдардың кезінде бала образдық бейнелерді дәл бере білуге, сахна мәдениетіне жауапкершілікке, көпшілікпен жұмыс істеуге үйренеді. Осы орайда менің тәжірбиемде,балалар қызығушылығын арттырып,бауырмалдылық пен ұжымшылдыққа үйрететін бірнеше тәсілдер бар. Бұл тәсілмен өткен іс-шаралар қазірге дейін балапандарымыздың ең сүйікті шараларының біріне айналып отыр.
Қазіргі уақытта қазақ тілімен қоса басқа тілдің,оның ішінде орыс және ағылшын тілдерінде балаларға арналған ырғақты әндер жетерлік.Ал ол әуендерді балаларға орындатамыз,бірақ мағынасын түсініп жатқаны шамалы.Сондықтан мен сол айтылған әуенді басқа тілден қазақ тіліне аудару арқылы, бала санасында екі тілде де есте қалып,басқа тілде жаттығып қана қоймай,мағынасын білу үшін көмектесетін осы әдісті қолданамын. Дамып келе жатқан заманымызда тек қазақ тілі емес үш тілде қатар оқыту туралы енгізулер болып жатқан кезде бұл балалар үшін өте ұтымды тәсіл болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге музыкалық-ырғақты қозғалыстарды үйрету  бағытында жаңартылған білім мазмұнына сай балалар музыкалық аспаптарда ойнай білуі және əртүрлі музыкалық жəне шулы аспаптарда ересектің ойнағанын тыңдауы керек.Сонымен қатар музыкалық аспаптарда қарапайым ырғақты суретті өздігінен орындау; шулы оркестрге қатысу; балалар музыкалық аспаптарын тану жəне атай білу керек.Осы мақсатта өз тәжірибемде пайдаланып жүрген бірнеше жұмыс түрлері бар.Соның бірі –Қасық оркестрі.Үйімізде сұйық тағам ішуге қолданылатын ағаш қасықты музыкалық аспап ретіндеде қолдануға болады екен.Оның қалай орындалатын әр адамға қызық қой.Сонымен:әр бала екі ағаш қасықтан алады,барлығы шеңберленіп отырады,ән әуез жетекшісінің көмегімен ән ырғағымен қосылып қасықтарды бір-біріне ұрып,дыбыс шығарады.Және тек сол екі қасықпен ұрып қана қоймай балалар бір-бірінің қасығын жылдам ауыстырып үлгеріп отырады.Яғни бұл дегеніміз балалардың шапшаң қимылдауы мен әуенге еріп ұжымшылдықпен,бірлікпен жұмыс жасауды үйретіп,өнерге деген қызығушылығын оятады.
Көбіне қыз балалар кішкентайынан қуыршақтарға құмар болатынын білеміз.Ал сол қуыршақтармен ойнап та,солар арқылы билепте үлгеруге болады.Оны келесі көңілді қуыршақтар әдісі түсіндіреді.Қыз балалар қатарласып отырып,екі аяқтың көмегімен,аяққа киетін  қуыршақ бейнеленген аяққаптың көмегімен орындалатын бұл тәсілде аяяқтың ролі ойнайды.Ән әуез жетекшісінің көмегімен ән шырқап,сонымен қоса аяқтарымен бірдей қимыл жасап,өздері ғана билемей,қуыршақтарды да билетеді.
Тек көңілді әуендерге билеп қана қоймай байсалды,қазақтың ұлттық әндеріне де осындай қызығушылықпен билеуге болады екен. Мектепке дейінгі балалар әсіресе ойынға құмар келеді.Сондықтан оларға белгілі бір әндерді жаттау қызық болмауы мүмкін. Ал осындай тәсілдермен балалардың өнерге, ән салуға деген,билеуге деген ұмтылыстары басымдырақ болып,жаңашыл көзқарастары пайда болады деп ойлаймын.

Абсаттарова Зейнет Әбсәлімқызы,
№1 «Шұғыла жеке мектепке дейінгі мекемесінің
ән-әуез жетекшісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.