Биыл қарашаның 21 жұлдызында Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын ақпарат құралдары арқылы жариялаған еді. Осыған орай Жамбыл облысы, Тараз қаласының №9 балабақшасында «Тәрбие тал бесіктен» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Аталмыш іс-шараға мекеменің меңгерушісі Оспанова Жанар Рәпілбекқызы және ұжым қызметкерлері түгел қатысты.
Жиынға келген ұстаздар қауымын №9 балабақшаның қазақ тілі мұғалімі Шүкірбаева Жадыра Аликқызы келген қонақтарды орындарына отырғызып, модератор ретінде жиынның мақсат-мүддесін түсіндірді әрі алғы сөзді бақша меңгерушісі Ж.Р.Оспановаға береді. Меңгеруші «Түп тамырымызды жете танудың жолы» тақырыбында алғы сөзді сөйлеп болған соң, Ж.А.Шүкірбаева «Ұлы даланың жеті қыры» атты баяндама оқып беріп, балабақшы психологы А.Д.Мәдібек бұл баяндама аясында өз ойымен бөлісті. Ал, бөбекжай-бақшаның логопед маманы А.Қ.Болысбаева Елбасының мақаласының мазмұны терең екендігін айта кетіп, оның көрсетіп кеткен жолы бойынша сан қырлы бағыттарды балабақша аясында қолданатындығын тілге тиек етті.
Жалпы, мемлекет басшысы «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласымен төл тарихымызды бір жүйеге келтіруге үндейді. Яғни құр тарихи деректер емес, жалпақ жұртқа түсінікті тілмен мәдени дүниеге айналдыруды көздейді. Оның мақаласында ежелгі дәуірден қазірге дейінгі кезең қамтылған. Көтерілген мәселелер жан-жақты ой елегінен өткізіліп, терең зерделеуді талап етеді. Сондай-ақ, біздің дүниетанымымыздың, өткені мен бүгінінің және болашағының іргелі негіздеріне тікелей қатысты. Бұл жұмысты бірнеше ірі жобалар арқылы бастауға болатынын атап өткен Елбасымыз халыққа арнап мынадай жобаларды ұсынды:
1.Ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық және мұрағаттар дүниесіне елеулі іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасы;
2.Өз елінің ерекше елшісі сынды ұлы бабалараның есімін мақтан тұтатын ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ЕСІМДЕРІ;
- «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» атты ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ГЕНЕЗИСІ;
- «Ұлы дала» атты ежелгі өнер және технологиялар музейін ашу;
- «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» деп аталатын Ұлы дала мұрагерлерінің өткен мыңжылдықтағы халық ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілері – ертегілері, аңыз-әфсаналары, қиссалары мен эпостары;
6.Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі.
Міне, қарап отырсаңыздар ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы көптің көкейінде жүрген өзекті мәселелерді қамтумен ерекшеленеді.
Қазбекова Фарида Тұрсынбекқызы,
Жамбыл облысы, Тараз қаласы
№9 балабақша тәрбиешісі,