Home » Ашық сабақтар » Елбасы мақаласы талқыланды

Елбасы мақаласы талқыланды

Жақында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылау мақсатында кеңейтілген семинар-кеңес өткізілді. Бұл іс-шараға кафедра оқытушылары мен осы кафедрада білім алып жүрген әлемнің АҚШ, Италия, Қытай, Корея, Жапония, АҚШ, Испания, Дания, Египет, Австралия елдерінен келген шетелдік студенттер қатысты.

Бұл шараның басты мақсаты – Елбасының мақаласын талқылай отырып, заманауи қазақстандық мəдениетті əлемге таныту, ұлттық мəдениетті, қасиетті рухани құндылықтарды шетелдік азаматтарға кеңінен таныстыру, ежелгі, тарихи, киелі орындарымен танысу елдік бейнеміздің кәусар бұлағы екенін, оның пайда болу тарихын, осы киелі орындары арқылы біз өткен тарихымызды, мәдениетімізді білетінімізді шетелдік студенттерге дәріптеу болды.

Шара шымылдығы мемлекеттік Әнұранның орындалуымен ашылды. Алдымен кафедра меңгерушісі Г.Қ. Ихсангалиева жиынды аша отыра, ол халықтың өткені мен бүгінін ұмыттырмай, тарихты терең зерделеуге мүмкіндік беретін бастама Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласымен қысқаша таныстырып өтті. Мемлекет басшысының мақаласы ел дамуына ерекше серпін беретін бұл стратегиялық құжаттың маңызы зор екенін атап өтіп, мақалада айтылған негізгі бағыттарды кеңінен түсіндірді.

Одан кейін Елбасының мақаласын насихаттау бағытында аға оқытушы Т.В. Курманова баяндамасын оқыды. Ол Елбасының өз мақаласында еліміздің тарихы туралы жазып, бұл бұған дейін құрылған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының өзіндік бір жалғасы болып табылатынын атай отырып,  мақала біздің тарихи өткенімізді түсіну арқылы қазақстандық бірегейлікті түсіну мәселесінің өзегін ашатынын, Елбасы біздің салт атты мәдениетіміз, ежелгі металлургия, өнердегі аң стилі, Алтын адам, Ұлы жібек жолы сияқты жетістіктерімізді әділ атап өткенін, қазіргі таңда күллі әлемге тараған алма мен жауқазын туралы айтқанын да атап өтті.  Сонымен қатар, кафедра доценті, филология ғылымдарының докторы Ұ.Е. Мұсабекова Елбасының мақаласын сөз ете отырып, жастар барлық жаңаны қабылдау және құру, еліміздің ең үздік дәстүрлерін және мәдени мұраларын сақтау жақтарынан үлгі алу керектігін айтып, сөзін қорытындылады.

Семинар-кеңес барысындағы талқылау кезінде қатысушылар арасында диалог құрылып, Елбасы мақаласындағы басым бағыттар және жасалып жатқан жаңа мүмкіндіктер жайында кафедрада қазақ және орыс тілдерін оқитын шетелдік студенттермен ашық сұхбат өткізілді. Сұхбат барысында сөзге шыққан тарих ғылымының магистрі Азнабакиева Мария мақала жайлы түсіндіріп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар жайында жеткізді. Шетелдік студенттер түрліше сұрақтар қойып, мақалаға қызығушылықтарын білдірді.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы және шетелдік студенттер тарихи оқиғаларға қатысты өз ойларын білдірді, айтылған бағыттардың әрқайсысы аса маңызды болып табылатыны, Елбасының мақаласында еліміздің азаматтарына ой саларлықтай біраз ойлар айтылғаны туралы өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Семинар-кеңес соңында барлық профессор-оқытушылар Елбасының мақаласын қолдайтындығын және мақалада айтылған тапсырмаларды орындауға аянбай еңбек ететіндігін, қоғамдағы әрбір сала мамандары бұл сенім үдесінен шығуға атсалысуы қажет екенін айтты. Олар қоғамдық сананы жаңғырту жолдарын белсенді қолдап, «Мұрағат-2025», «Ұлы даланың Ұлы есімдері», «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» және өзге де жобаларды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Жаһандық əлемдегі заманауи қазақстандық мəдениет жəне еліміздің таирхын əлемге таныту аясында Қазақстан Республикасы Президентінің мақаласымен таныстыру арқылы біз мәдениетімізді шетелдік студенттерге дәріптеу. Оларды ұлттық мәдениетімізді, тарихымызды, ұлттық салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды құрметтеуге тәрбиелеуде шараның берері мол болды.

Бұл, біріншіден, қазақ халқының жоғары мәдениеті мен өнегелік қасиеттері туралы шетелдік студенттердің рухани-мәдени білімдерін көтерудің өзгеше формасы, екіншіден шетелдік студенттердің ой-танымын қалыптастырудың негізі болар бірден-бір жақсы шара болды.

 

 

 

А.Е. Саденова
филол.ғыл.докт.,
Т.В. Курманова
аға оқытушы.,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті,
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру
дайындығы кафедрасының оқытушылары

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.