Home » Жаңалықтар » «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!  

«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!  

«Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық байқауының Республикалық кезеңі қорытындыланып, жеңімпаздар анықталды.
Қызылорда облысы бойынша жеңімпаз атанған ұстаздар:

Тулендиева Меруерт Калмуханбетовна – Қызылорда қаласындағы «Сыр бөбегі» бөбекжай-бақшасының әдіскері;

Әубәкірова Ләззат Сержанқызы – Е.Н.Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған №4 облыстық мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;

Далиева Аягоз Ескалиевна – Қызылорда қаласындағы №264 мектеп-лицейдің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;

Алдамжарова Жаңагүл Әбжәмиқызы – Қызылорда қаласындағы С.Толыбеков атындағы №3 ІТ мектеп-лицейінің информатика пәні мұғалімі;

Баймаханова Салтанат Алпысовна – Қызылорда қаласындағы Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған сыныптары бар «Мұрагер» мектебінің физика пәні мұғалімі;

Каиркулова Айнур Сагитжановна – Қызылорда қаласындағы №5 И.В.Панфилов атындағы мектеп-лицейдің химия пәні мұғалімі;

Караманова Ляйла Камалбековна – И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық жоғары колледжінің оқытушысы.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Алматы қаласында өтеді. Байқау жеңімпаздарына сертификаттар мен ақшалай сыйлықтар табысталады.

«Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауының жеңімпазы атанған Сырбойылық ұстаздарды құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз!

 

 

Г.Махмутова,

Қоғаммен байланыс және баспа қызметі бөлімінің бас маманы

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.