Home » Жаңалықтар » Домбыраның сиқырлы әуені Баянаулда

Домбыраның сиқырлы әуені Баянаулда

Павлодар облысында Жаяу Мұса атындағы балалар өнер мектебінің базасында Баянауыл ауданының әкімдігі және аудандық білім бөлімінің қолдауымен 10-12 мамыр аралығында «Алаш» партиясының 100-жылдығына арналған I Республикалық «Күй құдірет» атты домбырашылар сайысы өтті.

Конкурсқа Қазақстанның барлық облыстарынан музыка мектебі мен өнер мектебінің, оқушылар сарайының дарынды домбырашылары қатысты.

Әділ-қазылар алқасының құрамында танымал қазақстандық «Ұлытау» тобының солисті – Әлімбетов Ержан Есіркепұлы, сонымен қатар, еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қоры премиясының лауреаты, Ахмет Жұбанов атындағы Республикалық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының халық аспаптар бөлімінің меңгерушісі Әшіров Нұркен Нұрғалиұлы, Қазақ Ұлттық Өнер университетінің аға оқытушысы, шертпе-күйші Айтбаев Қайрат Хамитұлы болды.

Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлде иегері Ж.Кәрменов атындағы балалар музыка мектебінің (БММ) оқушысы Хапан Есболға (ШҚО, Абай ауданы) бұйырды. Жоғарғы топ бойынша: 1-орынға Баркен Данагүл (Жаяу Мұса ат. БӨМ, Баянауыл а.), 2-орынға Оразқызы Толқын (Ж.Кәрменов ат. БММ, ШҚО) және Оңғар Дәулет (Ж.Омаров ат. №1 БММ, Шымкент қ.), 3-орынға Балтабек Қаппасов (Павлодар облысы, Красноармейка а. БӨМ), 3-орынға Серікбай Рамазан (М.Глинка ат. БММ, Екібастұз қ.) ие болды.

Ортаңғы топ бойынша:1-орынға Бурхан Расул (№2 БӨМ, Өскемен қ.), 2-орынға Айжан Жанибекова (№2 БММ Семей қ.), 2-орынға Расул Исабек (Ж.Омарова ат. №1БММ, Шымкент қ.), 3-орынға Бекжан Жунусбаев (№1 БММ, Астана қ.), 3-орынға Ақнұр Сәбит (№2 БММ «Юнеско», Қарағанды қ.) ие болды.

Кіші топ бойынша:1-орынды Асқар Серік (Ж.Омарова ат. №1 БММ, Шымкент қ.), 2-орынды Амалбек Омарбек (№1 БММ, Астана қ.), 2-орынды Дінмұхамед Қасымов (№1 БММ, Астана қ.), 3-орынды Күннұр Солтанбай (Жаяу Мұса ат. ББӨМ, Баянаул а.), 3-орынды Аружан Таушева (№1 БММ, Астана қ.) иеленді.

Қазақстанның халық әртісі Мағауия Хамзин атындағы арнайы жүлде:Оразбай Әйгерімге (Б.Жылқыбаев ат. БӨМ, Павлодар облысы) бұйырды.

Төкпе күйді шебер орындағаны үшін арнайы жүлдеге Нұрлан Нұржан (№1 БММ, Семей қ.) ие болды.

Конкурс дипломанттары: Зарина Кәкімова (Дәулеткерей атындағы БММ, Атырау облысы), Ақниет Қайыпхан, Дайыржан Адылханов, Ақбота Серікова (Жаяу мұса атындағы БӨМ, Баянауыл а.), Абылай Мусин (М.Глинки атындағы БММ, Екібастұз қ.), Адина Сабыр (Г.Жұбанова атындағы № 2 БММ, Теміртау қ.), Таңжарық Абсамат (№ 2 БММ, Семей қ.), Ғабдылғазиз Жағыпар (Б.Жылқыбаев атындағы БӨМ, Павлодар облысы), Дарина Жумаханова (Ж.Кәрменов атындағы БММ, ШҚО), Аяулым Сағынтай (№ 1 БММ, Астана қ.), Нұртілек Іңкәш (№ 2 БММ, Семей қ.).

Конкурстың барлық лауреаттары құнды сыйлықтар және дипломдармен, ал олардың тәлімгерлері облыс білім беру басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.