Home » Жаңалықтар » Бөтен бала болмайды

Бөтен бала болмайды

Өз үйіңнің болуы бұл сөзде жан-жақты түсінік бар: жылы, жайлы, жабдықталған, әрине мұны әркім қалайды. Және оған әркімнің құқығы бар.

Мұндай құқықты Успен балалар үйінің жетім балаларына Вадим Николаевич және Тамар Михайловна Мороз отбасы жүзеге асыруға көмектесті. Бір күнде Мороз отбасы көп балалы отбасы атанды. Отбасына бірден бес бала қосылды олар — Татьяна, Валентина, Геннадий, Клавдия және Александра туған бауырлар мен апалы-сіңлілер.

Тамара Михайловна балалар туралы аса қуанышпен: «Бірінші күннен-ақ жолдасы екеуі балаларды көргенде олардың өздерінің балалары екенін түсінген. Құжаттарды рәсімдегенше балаларды демалыстарда, каникул және мереке күндері алғанда оларға бауыр басып қалған. Балалар өте жақсы, мейірімді, сыпайы және оларға отбасының жылулығы ғана жетпеген. Біз балаларға өз махаббатымызды сыйлайтынымызға және олардың армандарын жүзеге асыратынымызға өте қуаныштымыз»,-деп айтты.

Тамара Михайловна балалар жетімдігінің проблемасын естігеннен емес, көп уақыт бойы балалар үйінде тәрбиеші болғаннан біледі.

Вадим Николаевич «Кирова» ЖШС механик болып жұмыс істейді және отбасындағы жалғыз ер бала Генадийді шаруашылықты жүргізу негіздеріне үйретуді қалайды.

Туған балалары мен туысқандары отбасына балаларды қабылдау туралы шешімдерін қолдайды және оларға қажетті көмек жасауға уәде береді.

Осылайша, Павлодар облысында екінші қабылдаушы отбасы құрылды. Барлық ата-аналар педагог болып табылатынын атап өтуге болады.

Жақын арада Мичурин балалар үйінің тағы төрт баласы Качиры ауданының қабылдаушы отбасына берілетін болады.

P.S. Қабылдаушы отбасы – бұл жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарынан 4-тен 10 жасқа дейінгі балаларды қабылдайтын толық отбасы. Қабылдаушы ата-аналардың екеуіне де ақшалай қаражат төлеу қарастырылған.

Азаматтарды өз отбасында тәрбиелеуге қабылдауға қорықпауға шақырамыз. Мемлекеттік мекемелерде жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жағдайлары қаншалықты жақсы болғанымен отбасы жылулығы мен жайлылықтың орынын баса алмайды.

Павлодар облысының білім басқармасы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.