Home » Жаңалықтар » Дараланған дарындылар

Дараланған дарындылар

253Астанадағы №56 «Береке» балабақшасында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына «25 дарынды тұлға» атты интеллектуалдық сайыс өтті. Байқаудың мақсаты балақайлардың ой-өрісін кеңейтіп, оларға егемендіктің мәні мен маңызын ұғындыру болды.

Айтулы күнге орай ұйымдастырылған шара 10 кезеңнен тұрды. Алғашқыда қатысушылар тәуелсіздікке байланысты сауалдарға жауап берсе, кейіннен өздерінің дайындап келген қолөнер бұйымдарын көпшілік назарына ұсынды. Тосыннан қойылған логикалық сауалдарға жауап беріп, «Кім жылдам?» атты кезеңнен де өтті. «Дода» деп аталатын кезеңде балалар мақал-мәтел айтып жарысып, көркемсөз оқып, жұмбақтың шешімін тауып бақтарын сынады.

– Бұл шара балалардың қарым-қабілетін, ой-өрісін кеңейтуге бағытталды. Алайда осы сайыс арқылы балақайлар Тәуелсіздік күнін, оның мәні мен маңызын қаншалықты біледі және біле алды деген сауалдарға нақты жауап алғандаймыз. Кішкентай болса да, егемендік жайында көп білетіндерін балалар көрсетті. Әрине, бұл ата-аналар мен балабақша тәрбиешілерінің ортақ жетістігі деп білеміз, — деді балабақша меңгерушісі Гүлсім Алипбаева.

Сонымен, сайыс қорытындысы бойынша «Қарлығаш» тобының тәрбиеленушісі Залипа Ахмет «Көшбасшы» аталымымен марапатталды. Ал Жаннұр Шералы мен Санжар Сұрапбай І-орынға ие болса, ІІ-дәрежелі диплом Данара Айтғабыл мен Сұлтан Серікке табысталды. ІІІ-орынға Айбар Ашим мен Милана Халаткова лайық деп танылды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге сыйлықтар табысталды.

Қ.Абдыкаимова

№56 «Береке» балабақшасының тәрбиешісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.