Home » Мақалалар » «Даму» кәсіби қауымдастығы даму жолында

«Даму» кәсіби қауымдастығы даму жолында

 

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес білім сапасын арттыру жөніндегі жұмыстың негізгі бағыттары білім беру процесіне қатысушылардың үздік білім беру ресурстары мен технологияларына бірдей қолжетімділігін қамтамасыз ету, жылдам өзгермелі әлемде табыстылықты қамтамсыз ететін білім алуға деген сұраныстарын қанағаттандыру, білім алушылардың интеллектуалдық, рухани және дене бітімі дамуын қалыптастыру болып табылады.

Аталған негізгі бағыттарды жүзеге асыруда нәтижелі жұмысқа қол жеткізуді көздегенАстана қаласының білім басқармасы 2017-2018  оқу жылының қарсаңында білім мекемелерін маңызды төрт  кластерге топтастырып,бірнеше серіктес мектептің қауымдаса жұмыс жүргізуін жолға қойған еді.  Соның бірі-жаңа мазмұнды білім беру кластері болып табылады. Аталған  кластерге біріккен №45, 50, 51, 53 мектептер өзара серіктес бола отырып, жұмысты тамыз айында қызу бастап кетті.  Бұл мектептерге жетекші ретінде тағайындалған мектебіміз-Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінде алғашқы дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге серіктес мектептердің басшылары Болатаева Р.А.(50 МЛ), Дүйсенова К.С.(51 МГ), Кішібаев Б.Қ.(45 ОМ), Киянова З.Е.(53 МГ), Педагогикалық шеберлік орталығының жаттықтырушылары, кластер жұмысы бойынша жауапты үйлестіруші Күзембаева К:А. және серіктес мектептердегі шығармашылық топтардың жетекшілері ақылдаса келе, «Даму» желілік кәсіби қауымдастығын құрып, нәтижеге бағытталған бірлескен жұмыс жүргізу мақсатында  әр серіктес мектептіңішкі аудитін жасауды дұрыс деп тапты.

Ішкі аудит барысында әр мекеме SWOT талдау жүргізіп, өз жұмыстарының  күшті және әлсіз тұстарын, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерін, күтілетін нәтижелерін саралады. Осындай жан-жақты жасалған сараптама негізінде жұмыс жоспары құрылып,бекітілді.Жаңартылған бағдарлама бойынша мұғалімдер үшін қиындық туғызып отырған мәселелер негізінен бірыңғай болып анықталғандықтан, ортақ мәселелерге басымдық беріліп,  білім алушыда өз әрекетін бақылау мен бағалау, туындаған қиындықтардың себептерін анықтау мен қалпына келтіру қабілетін қалыптастыруға негізделген жаңа бағалау жүйесі-критериалды бағалау басты тақырыбымыз болып алынды.

Өткен оқу жылында алғаш енгізілген оқушылардың білім жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесін мұғалімдер мен ата-аналар әртүрлі қабылдап, жыл бойы сұрақтар туындаған болатын. Сол себепті мұғалімдерге критериалды бағалауды оқу процесін барынша тиімді ұйымдастыруға болатындай түрде пайдалану, білім алушыларға дер кезінде қолдау көрсету және олардың алға жылжуын қамтамасыз ету, мүдделі тараптарға оқу нәтижелері туралы ақпаратты дұрыс ұсынып отыру мәселелері бойынша жан-жақты көмек беру жолдары қарастырылды. Ай сайын әр серіктес мектеп базасында үйретуші семинарларлар, коучингтер мен тренингтер өткізіліп жатыр. Семинарларға үйренгісі келетін барлық  ұстаздар шақырылып, өзара тәжірибе алмасу қарқынды жүзеге асырылып келеді. Жыл басынан бері  өткен 5 семинардың барлығы да  мұғалімдерге жаңа бағалау жүйесі бойынша ғана емес, жалпы, жаңа мазмұнды білім берудің барлық аспектісі бойынша таптырмас көмекші бола білді.

Ең бастысы-мұғалімдер кәсіби қауымдастық жұмысы арқылыөзара көмек беруге ашық бола бастады. Кәсіби әңгімелесу, пікір алмасу, қол ұшын беру, сұрау, үйрену, үйрету арқылы оқушыларға жаңа мазмұнды білім берудің қыр-сырын, ата-анамен тығыз байланыс орнатудың маңыздылығын меңгеру сапасы арта бастады.  Кластер жұмысының тиімді өтуіне себеп болған- педагогикалық шеберлік орталығының жаттықтырушысы, тәжірибелі  үйлестіруші  Күзембаева Камила Асыпқызының  жыл бойы бізбен бірге қоян-қолтық жұмыс жүргізуі және Астана қаласы Білім басқармасының білім беруді жаңғырту орталығы әдіскерлерінің мектептераралық іс-тәжірибелер алмасу семинарларын ұтымды ұйымдастыруы  екенін де атап өткім келеді.

Мұғалімдерге өз көмегін ұсынудан жалықпаған әдіскерлер әр өтілер іс-шараны алдын ала талқылап, бағыт-бағдар беріп, соңынан кері байланыс арқылы жұмысты жақсарту жолдарын ұсынып отырды.

Кластер жұмысының жылдық қорытынды есебі кезінде мұғалімдеріміздің жыл бойы өткізген ашық сабақтарын, тренингтері мен коучингтерін топтастырып, әдістемелік құрал ретінде ұсынбақпыз.

 

Болатаева Роза Әбіләкімқызы,
Астана қаласы,
Райымбек батыр атындағы №50
«Қазғарыш» мектеп-лицейінің директоры

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.