Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында еліміздің білім беру саласына жаңа мақсат-міндеттер жүктеді. Білімнің салтанат құруы. Бұл – Ел Президентінің мақаласындағы маңызды тараулардың бірі. Қазіргі күні әлемнің экономикалық, ғылым-техникалық және өндірістік салалары жылдам өзгеруде. Мұндай үрдіс болашақта кәсіби сауатты, білікті мамандарға деген қажеттілікті арттыратыны анық. Сондықтан, жас ұрпақты қазірден бастап бәсекеге қабілетті болуға тәрбиелеу қажет. Бұл – ел болашағы үшін аса қажет.
Tagged with: білім мектеп ұстаз