Home » Ашық сабақтар » Эльмира Абдикаримова

Эльмира Абдикаримова

Эльмира Абдикаримова,
№19 Дінмұхамед Қонаев атындағы
мектеп- гимназиясы
бастауыш сынып мұғалімі

Аюдың әулеті

 

Мақсаты: Мәтінді оқып түсініп, сөздік қорларын, ойын еркін де жүйелі жеткізу дағдыларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Күтілетін нәтиже: Тақырыптың мазмұнын игереді. Сұрақтарға сын тұрғысынан ойлап, еркін жауап беруге үйренеді. Топтық жұмыс істеу барысында, оқушылардың сөйлеу дағдылары қалыптасады.
7 модульдің қолданылуы: АКТ, «Оқыту мен оқудағы тәсілдері», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқытуды басқару және көшбасшылық».
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Егер мен ойыны. Академиялық дау-дамай әдісі. Салыстырмалы карта. Кім жылдам ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс. Сұрақ- жауап.
Қолданылатын құралдар: А4 парағы, маркер, түрлі- түсті қағаздар, суреттер, қима қағаздар, түймелер, алтын түсті шаршы.
Психалогиялық ахуал: Оқушыларға қазаз таратылады, олар өз есімдерін және өздерінің айналысатын сүйікті ісін сурет арқылы бейнелейді.
Шарты: Шеңбер құрып, қасындағы адамдармен өздерінің сүйікті ісі туралы айтып шығады.
Топ құру: Топ басшысы сайланады. Түрлі- түсті түймелер арқылы бөлініп отырады.
Ой қозғау: «Егер мен» ойыны арқылы үй тапсырмасына жауап береді. «Көктем» өлеңін мәнерлеп оқып шығады кезегімен.(Экраннан көрсетілу) Сұрақ- жауап. (Болжа, есіңе түсір, бақыла)
1. Биылғ.ы көкек айының табиғатын сипаттау.
2. Көкек көктемнің нешінші айы? Көкек айын басқаша қалай атайды?
3. Өлеңнің қай шумағынан табиғаттың жылуын сезесің?
4. Жазды сағыну мен күту өлеңнің қай жолдарынан байқалады?
Үй жұмысын қорытындылау:
Қанша қалың жауғанымен,
Қар көктемде қалмайды.
Гүл жайнаған шалған да,
Қара күзде қалмайды. (Қорқыт)
Жаңа сабақ: Аю қандай? Қайда өмір сүреді? Олай болса жұмбақ көрсетіледі.
Білу: 1. Қорбаң, қорбаң етеді,
Балды жақсы көреді. (Аю)
2. Өзі айлакер, өзі қу,
Жүрген жері, айқай да шу. (Түлкі)
3. Қалқиып ұзын құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады. (Қоян)
Түсіну: «Аюлар әулеті» мәтінін тізбектей дауыстап оқыту. Мәтін бойынша сұрақ қою.
1. Мәтінде аюдың қандай түрлері туралы айтылған?
2. Бамбук ағашы қайда өседі? Бұл ағаш туралы не білесің?
Сөздік жұмыс. (экраннан көрсету)
Аң — зверь
Сарышұнақ — суслик
Асырайды — кормит
Жабайы — дикие
Ешкім бақпайды — никто не заботится
(Оқушылар мұғаліммен қосыла қайталау). (Жекешеде айту)
Қолдану: (Кестемен жұмыс) Топтық жұмыс
Аңның аты Қайда қыстайды? Неден қауіптенеді? Немен қоректенеді?
Аю
Тиын
Қоян
Оқушы дәптерлеріне жазады.
Сергіту сәті: «Би қимылын қосылып жасайды»
Миға шабуыл: Тақтада жұмбақ көрсетіледі. Жұмбақтың шешуін табау және мақал айту.
Жұмбақтар:
1. Жайған жастық сөгілді,
Аппақ мамық төгілді.
2. Желден желітеді, судан шегінеді.
3. Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. (Түйе)
Оқушылар өз білетін мақалдарын айтып шығады.
Жинақтау: Суреттерді топпен құрастыру.
1. Жабайы аңдар
2. Үй жануарлары
3. Қазақша жылдарды ретімен қою.
4. Мүшел жастарды ретімен орналастыру.
Кері байланыс: (Пікірлерін білу)
1. Қалай ойлайсыздар, сабақ барысында топтық жұмысты қолдану қаншалықты тиімді?
Бағалау: Әр оқушының біліміне смайлик арқылы бағалау. (Бағалау парағын жинау)
«Екі жұлдыз, бір тілек»
Оқушылар стикелерге өз ойларын, тілектерін жазып ілу.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.