Home » Жаңалықтар » Білім бәйгесінің бетке ұстары

Білім бәйгесінің бетке ұстары


 

Дүлдүл Руслан Кажденбекұлы
«Абылай хан» атындағы жоғары

колледж директоры

 

«Сыр – Алаштың анасы». Бұл – көненің көзі, мәдени мұралардың асыл көмбесі, талай тарихты қойнауына бүккен, талай тарланды қанаттандырған Қызылорда жайлы тұңғыш Елбасының сөзі. Сыр елі – сондай сырлы да жырлы қасиетті мекен. Сондай-ақ оқу-білімнің ордасы болып табылатын қасиетті мекенде сапалы, заман талабына сай білім беретін білім мекемелері жетерлік. Солардың бірегейі «Абылай хан» атындағы жоғары колледжі – уақыт талабына сай заманауи қызмет атқарады. Шәкірттерді ізгілікке тәрбиелеуде, олардың шеберліктерін, біліктіліктерін арттыру мақсатында колледжде білікті кандидат, магистр, жоғары және І санатты педагогтар дәріс береді. Колледжде 4 қабатты оқу ғимараты, 3 қабатты студенттер үйімен, соңғы үлгідегі студенттер сарайы, дәмді астарымен асқаазанға жол табатын асханасымен, заманауи талаптарға сай дәрісханалармен, электронды оқу залы мен кітапхана, 1297,8 шаршы метрді құрайтын халықаралық стандартқа сай жаңа үлгідегі спорт кешені, білімгерлердің сапалы білім алуын жоғары дәрежеде қамтамасыз етеді. Колледжде дәріс барысында соңғы үлгідегі ақпараттық  және инновациялық  технологиялар кеңінен қолданылады. Колледждің әдістемелік бөлімінде жас оқытушылар үздіксіз жұмыс істейді. Оқытушыларға қажетті оқыту әдістемелері, тәжірибелік, тәрбиелік жұмыстар кеңінен түсіндіріледі,-деді. Тамыры терең жайған,  тұғыры биік туған жердің белді азаматы 1983 жылы мамыр айының 5- ші жұлдызында Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қашанда ізденіс үстінде жүретін басшымыздың қайтпас қайсарлығы мен құштарлығы, талапшылдығы мен жаңашылдығының арқасында  тек биік белестерді бағындырып келеміз. Білім мен де өнер менде күш сынасып, аянбай еңбек етудің арқасында алдыңғы шептің қатарын тізгіндеп тұрғанымыз баршаға аян. Осы орайда  Қазақтың мына бір аталы сөзін тілге тиек еткім келіп отқаны.

Болатын бала он бесінде баспын дейді,
Болмайтын бала отызында жаспын дейді дегендей  талап барлығына бірдей қойылады тек соны жүзеге асыра білу қажет. Ол үшін әрине еңбектену басты міндет. Еңбек – бәрін жеңбек деп бекер  айтылмаса керекті. Көптеген аға буын өкілдері мен жастарымызға үлгі бола білген  Руслан Кажденбекұлының жасаған еңбегі мен алған алғыс, мадақтары ауыз толтырып айтарлықтай.

2000-2006жж. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін » Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген.

Петро-Қазақстан Құмкөл ресорсиз мұнай-газ компаниясында аудармашы, Қазақ-Қытай академиясында халықаралық ынтымақтастық бойынша менеджер болып жұмыс істеді, факультет деканы қызметін атқарды.

Қазіргі уақытта Абылай хан атындағы Жоғары колледждің директоры.

Жоғары санатты оқытушы, саяси ғылымдарының кандидаты.

12 ғылыми басылымның авторы.

Соңғы 5 жылдағы жетістіктері

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары И. Құттықожаевтың облыстың қоғамдық-саяси дамуына, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясы Төрағасының, ҚР Президенті  Н. Ә. Назарбаевтың саясаты бағдарламасының мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға қосқан үлесі үшін алғыс хаты. Нұр Отан «партиясының 20 жылдығына орай, 2019

ҚР ІІМ «Өртке қарсы қызметке 100 жыл» естелік медалі 2018 жылғы 17 сәуірдегі №2 бұйрығымен.

Мемлекеттік – жеке меншік серіктестік аясында білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық орнатқаны үшін және техникалық және кәсіптік білім беру саласында кадрлар даярлауға қосқан үлесі үшін Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаевтың алғыс хаты, 2017.

ҚР Білім және ғылым министрі Е. Сағадиевтің алғыс хаты, 2016 ж.

Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаевтың еліміздің жас ұрпағын тәрбиелеу мен білім беруге қосқан үлесі үшіналғыс хаты, 2016.

Ф. Тейлор атындағы алтын медаль«Басқару ойының дамуына қосқан үлесі үшін», 2013.

ҚР жоғары оқу орындары Ассоциациясының Президенті Р. А. Алшановтың еліміздің жоғары білім беру жүйесін дамытуға және жоғары білікті мамандарды дайындауға қосқан елеулі үлесі үшін Құрмет Грамотасы, 2013.

 

«Білім және ғылым» министрі К.Н.Шамшидинова «Абылай хан» атындағы жоғары колледж базасында

Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Білім және ғылым министрі Шамшидинова Куляш Ногатайқызы «Абылай хан» атындағы жоғары колледжінде болды. Мәртебелі мейманды колледж директоры Руслан Дүлдүл  Кажденбекұлы, Қызылорда облысының Білім басқармасының басшысы Мелдебекова Майра Тұрғанбайқызы, Бақылау департаментінің бастығы Қарабалаев Ерлан Жағыппарұлы қарсы алып, Министрді колледждің тыныс-тіршілігімен таныстырып шықты. 2001 жылы ашылған колледж қазіргі таңда облысымыздағы алдыңғы қатардағы оқу орындарының бірі.

Қазіргі таңдағы колледждің миссиясы — өңірлік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті кәсіби қызметін дербес орындай алатын білікті мамандар даярлау, аймақтың экономикалық-әлеуметтік қажеттіліктеріне сәйкес білім алушының үздіксіз білім беру жүйесін дамыта отырып, азаматтық, рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, еңбекпен қамтылуына ықпал жасау.

Министр және де бір қатар білім салалсына еңбек етіп жүрген  аға буындар колледж базасын аралап, колледж базасындағы оқу кабинеттер мен зертханаларды, спорт кешені, кітапхана қоры, «Robo space» робототехника, студенттік ІТ орталықта «Web-дизайн», Графикалық дизайн, 3D үлгілеу, Е-gov студенттерге қызмет көрсету орталығы, «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығының және «Knauf» неміс стандарты негізінде жұмыс істейтін «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары» шеберханаларымен   танысып және де жаңадан ашылған «Шашатараз өнері және сәндік косметика» мамандығының салонымен танысып, колледждің техникалық базасын өте жоғары деңгейде бағалап, оң бағасын берді.

Министр «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығының білім алушысы,  Zhas Project жобасының қайтарымысыз 1млн.теңге грантын жеңіп алған Әлайдар Аружанға ерекше ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта үлкен жетістіктерге жетуіне  тілектестігін айтты.

Сондай-ақ, колледж директоры мәртебелі мейманға «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығының білім алушыларының қолынан жасалған арнайы бұйымды сыйға тартты. Кездесудің соңында министр колледж қызметкерлерімен естелік суретке түсті.

 

Жусупова Айсулу Наурызбаевна ,
«Абылай хан» атындағы жоғары колледжінің
«Жұмыспен қамту және кәсіптік бағдар беру»
қызметінің жетекші маманы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.