Мұғалім — өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де жойылады.
К.Д.Ушинский.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі – мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұсы – оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау – әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Осы тұрғыдан қарағанда нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған озық үлгі қажет. Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім берудің философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі білім беру жүйесінде оқушының өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беріледі. Қазіргі оқушы: Дүниетаным қабілеті жоғары, дарынды, өнерпаз, іздемпаз, талапты, өз алдына мақсат қоя білу керек. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында да мектеп оқушылары бойында адамгершілік және тұрмыс негіздерін қалыптастыру, азаматтыққа тәрбиелеу және олардың ақыл-ойын айқындау басты міндет екендігі айтылған. Осы орайда, «Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деген де орынды. Дарындылық – сапалы қабілеттердің өзіндік бірлесуі: оның арқасында іс-әрекет жақсарады. Жалпы, қабілеті дами білген оқушы математика, физика, биология, әдебиет сабақтарын бірдей жақсы игереді. Оқушыны дамытуда ежелгі замандардан бері математиканың алар орны ерекше. Шығармашылық-психологиялық тұрғыдан алғанда жаңа материалдық рухани құнды дүние тудыратын әрекет. Ал педагогикалық тұрғыдан алсақ, шығармашылық дегеніміз — адамның белсенділігі мен өз бетінше жұмыс істеуінің жоғары түрі және ол әлеуметтік қажеттілігі мен өзінің ерекшелігімен бағаланады. Ең бастысы, шығармашыл тұлғада шығармашылыққа деген тұрақты қажеттілік, тұрақты сұраныс болып, өз ісіне қанағат табу сезімі болуы қажет. Мектеп балаларымен жұмыс істеу ерекше маңызды педагогикалық проблема. Осыған байланысты дарынды балалармен жұмыс істеудің төмендегідей кезеңдерін анықтауға болады:
— баланың жеке ерекшелігін, дарынын зерттеу;
— балалар шығармашылық өнімдерін жариялау;
— игерілген нәтижелерді бақылау.
Дарынды баланың бойындағы дамыған сана белсенділігі мен таным белсенділігі, тума қабілеті. Ол қабілет мектепте сан алуан ғылыми салалардан білім алу арқылы және ұстаздардың көмегі арқылы ашылады және дамиды. Сондықтан:
— дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін ескеру;
— жан-жақты ақпараттандыру;
— коммуникативті бейімдеу.
Дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету.
Осы мақсаттар мен міндеттерді орындауда мектеп ұстаздары мынандай жұмыс түрлерін өз іс-тәжірибелерінде пайдаланса нәтижеге қол жеткізе алады:
— икемді және ұтқыр оқу жоспарын құру;
— жеке пәндерді оқытуда тәуелсіз қозғалыс жасау;
— дарынды оқушының өзінің жұмысын өзі жоспарлап, шешім қабылдауына ықпал ету;
— дарынды оқушының қызығушылығына байланысты оқу жоспарын құру.
Осындай жұмыс түрлерін ұйымдастыруда ұстаздар мынандай мәселелерге баса назар аударулары керек:
— пән сабақтарында шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды іріктеу, орындау, талдау жұмыстарын жүйелі жүргізуге;
— дарынды оқушылардың білім деңгейі мен олардың өз мүмкіндіктерін пайдалану көрсеткішін арнайы әдістемелер бойынша жүйелі түрде тексеріп отыруға;
— сабақтан тыс мезгілде жүргізілетін жұмыстарға – пәндік олимпиада, ғылыми конференцияға, интеллектуалдық турнирлер мен шығармашылық байқауларға дайындық жұмыстарын жыл бойы жоспарлы жүргізуге;
— білім беру мекемелерінде дарынды оқушылар үшін арнайы сыныптар мен топтар құрып, оқу бағдарламаларын жеделтетіп оқытуды ұйымдастыруға.
Осы тақырыпты меңгеру барысында мынадай міндеттер шешімін табуға тиіс:
— оқушының психологиялық даму ерекшелігін пәнге деген қызығушылығын анықтау;
— тілдік қорын, мәдени сөйлеуін жетілдіру;
— оқушылардың өздігінен іздене отыра, шығармашылық қабілеттерің арттыруға икемдеу, соған байланысты жұмыс түрлерін жасау;
— оқу мен тәрбие егіз екендігін ескере келе, тәрбие жұмыстарында да, оқушының танымдық белсенділігін арттыру.
Жоғарыда аталған міндеттерді жүзеге асыруда оқушылардың көмегімен мынадай зерттеу жұмыстары жүргізілді:
1. Сауалнама 2. Тест: психологиялық, пәндік 3. Кесім алу 4. Бақылау жұмысы. Есте сақтау қабілеттерін арттыруда берілген мәтіндерді, өлең-шумақтарды, аңыз-әңгімелерді оқушы есінде көбірек сақтап қалу мақсатында түрлі кестелер толтырылады.
Сабақтың кейбір кезеңдерінде оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыруда өз ойын жазбаша жазуын, логикалық ойлауын үнемі қарастырылады. Оқушылардың сөйлеу мәдениетін, өзін-өзі ұстауын, өз ойын еркін жеткізуі, оқушы бойында инабаттылық болуы қажет. Әр ұстаз – ХХІ ғасыр мұғаліміне сай болу үшін – ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, жан-жақты шебер, тынымсыз еңбекқор, терең қазыналы білімпаз, кез-келген ортаның ұйытқысы болу керек. Сондықтан баланы жеке тұлға ретінде өздігінен дамуға итермелеуіміз керек. Себебі жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім алу арқылы өз бетінше дамуын қойып отыр. Бұл мақсатқа жетуде өз бетінше жұмыстардың алар орны ерекше. Сонда білімді меңгеру, дағды мен біліктіліктің қалыптасуы, қабілеттердің дамуы мынадай кезеңдерді қамтитын логикалық тізбекке ие болады: а) оқу материалын қабылдау; ә) ішкі байланыстар мен қарама-қайшылықты түсінуге әкелетін ойлау; б) еске түсіру және есте сақтау; в) практикалық іс-әрекетте меңгергенді қолдану. Төмендегі шарттарды қадағалағанда оқытуда жоғары дәрежеге жетуге болады: а) оқушылардың оқуға деген белсенді ынтасын қалыптастыру; ә) оқу материалын белгілі тізбекте беру; б) жаттығулар арқылы ақыл-ой және практикалық іс-әрекеттің әртүрлі тәсілдерін көрсету және бекіту; в) білімді практикада қолдану. Оқыту үрдісінде жаңа ұғымдарды енгізу 4 сатыда жүреді:
— мұғалім ұсынған математикалық, лингвистикалық немесе басқа жағдаймен танысу, оны бағдарлау;
— осындай материалдың берілген түрдегі есепті шешудің негізі қызметін атқаратын неғұрлым маңызды қатыстарды айқындайтын үлгісін меңгеру;
— сол немесе басқа модельдегі формада анықталған қатынасты белгілеу.
Белгіленген қатынастың қасиеттерін айқындау, олар арқылы бастапқы дербес есепті шешудің шарттары мен тәсілдерін анықтау ләзім. Білім беруде белгілі нәтижеге қол жеткізу үшін озық технологияларды пайдалануға ерекше мән беріледі.
Оны: инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үштүрге бөлуге болады. Модификациялық инновация – бұл бұрын қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу. Бұған В.Ф. Шаталовтың математикаға жазған тірек конспектісі және оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады. Комбинаторлық модификация – бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел. Радикалдық инновация – білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады. Оған болашақ мамандарды қалыптастыру, құндылық қарым-қатынас, болашақ маманның өзінің кәсіби шеберлігін дамытуға талпынуы, болашақ мамандығын ерекше жақсы көруі, ұрпақ тәрбиесінде ұстаздың жетекші орнын сезінуі, кәсіби жеке біліктілік деңгейін көтеруге бағыттылығы, инновациялық іс-әрекетке ұмтылу әрекеттері кіреді. Бейімділік өлшемдеріне болашақ маманның барлық жағдайға бейімделе алу қабілеті жатады.
Олар:
— бейімділік жағдаятына бағдарлана алуы;
— микро орта өзгерістеріне сай қолайлы инновациялық педагогикалық технологияларды таңдай алуы.
Бейімділік өлшемдері болашақ маманның білімгер мәртебесінен оқытушы, ұстаз мәртебесіне ауысуының ерекшелігін сезіне білуімен бейімділік іс-әрекетті жүзеге асырудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалана алуларымен ерекшеленеді. Осы аталған көрсеткіштердің әсерінен білім, кәсіп, іскерлік, іс-әрекет, игеру, нәтиже құралады. Білім жалпы, кәсіби, техникалық, арнайы білім болып бөлініп кәсіппен ұштасады. Ал кәсіп – мамандық таңдау, мамандықты меңгеру. Білім алып кәсіп иесі болу үшін іскерлік қажет. Іскерлік – оқу, білім, кәсіп, тәжірибе, ізденушілік, өзіндік жұмыс, іс-шаралар, дағдыдан туындайды. Іскер болу үшін іс-әрекетті меңгеру қажет.
Іс-әрекет: әрекеттен, операция, қимыл-қозғалыстан тұрады. Барлық үрдіс байланыса орындалғаннан соң нәтиже көрсеткіші пайда болады. Қорыта келгенде, жаңа инновациялық педагогикалық технологияның негізгі, басты міндеттері мынадай:
— әрбір білім алушының білім алу, даму, басқада іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу;
— білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу;
— өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;
— аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.
Білім беру парадигмасы өзгеруде. Оқытудың жаңа технологиялары енгізілуде. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім, білік дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын тұрақтандыруға ұмтылуда.
Ұстаз еңбегі – оқушы білімінің өлшемі. Оқыту процесі басқарылатын процесс болғандықтан, жеке оқушының ерекшелігін ескеру – мұғалімнің міндеті.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. А.С. Макаренко. Педагогические сочинения. М., «Педагогика»,1988.
2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы//Алматы 2010.6-б.
3. Қазақстан Республикасында 2015жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы//Астана. 2004. 3-4б.
4. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы // Астана . 2004. 28-б.
5. Қабдықайыров Қ. Инновациялық технологияларды диагностикалау. – А., 2004 6. Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі – сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008.
Блялова Багила Крымовна
Атырау қаласындағы Каспий өңірінің
қазіргі заманғы колледжінің
экономика пәнінің оқытушысы